Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық айлықақыларының схемасы



бет21/22
Дата19.09.2024
өлшемі166,61 Kb.
#204737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
p1500001193.17-07-2024.kaz (4)

өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық айлықақыларының схемасы
Ескерту. 23-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.
(қызмет бабында пайдалану үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
24-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне үнемдеу есебінен
сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек
көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс
түрлерінің тізбесі
Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
техникалық персоналдың еңбекақысын төлеу;
техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер мен жұмыстар;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
25-қосымша
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет