Азаматтық қорғаныс туралы



бет10/14
Дата17.04.2017
өлшемі2,33 Mb.
#14034
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

              режимi

 

      1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртiптемесі қағидаларымен, кезекшiлiк графиктерімен, сабақтар немесе арнайы даярлық бойынша өзге іс-шаралар кестелерiмен айқындалады.


      2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс күні мен жұмыс жылы ішіндегі жұмыс режимі санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.
      4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы төтенше жағдайдың сипатын, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгiлейдi.
      5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтiзбелік отыз күн ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.

 

   4-БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ



 

   7-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ


ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

 

      36-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау


              және қадағалау

 

      1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында жүзеге асырады.


      2. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау:
      1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауға;
      2) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауға бөлінеді.
      3. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      4. Тексеру түрлері мен оны жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      5. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

      37-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік


              бақылау

 

      1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың және азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды атқаруды қамтамасыз етуіне бағытталған.


      2. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.

 

      38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау



 

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау процесінде бақыланады.
      3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
      4. Субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi.

 

      39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік


              қадағалау

 

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.


      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау:
      1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына;
      2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстарына және техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылылығына;
      3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне жүзеге асырылады.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты ұйымдардың қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз, үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа қуыным арызын міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға немесе тыйым салуға құқығы бар.
      Қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

 

      40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік


              бақылау

 

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.


      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жай-күйіне әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау болып табылады.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
      Нормативтік актіде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс.

 

   8-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ


ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ

 

      41-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі


              азаматтық қорғаудың жалпы іс-шаралары

 

      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары олардың туындау мүмкіндігі және олардан келтірілетін ықтимал нұқсан ескеріле отырып жүргізіледі.


      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шараларына:
      1) мониторинг, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып мониторинг жүргізу, азаматтық қорғаудың құлақтандыру, аумақтар мен объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың, қала аудандарының:
      төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларын;
      қауіпсіздік паспорттарын;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын;
      объектілердің жұмыс істеу орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды;
      ықтимал төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      3) су объектілері акваторияларының паспорттарын әзірлеу;
      4) төтенше резервтерді құру және пайдалану, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
      5) қаржы ресурстары резервін, азық-түліктің, дәрілік заттардың, материалдық-техникалық құралдардың запастарын және халық үшін уақытша тұрғын үй құру;
      6) азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау;
      7) ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, аумақтардағы құрылыс салуды жоспарлау;
      8) сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық тұрақты құрылыс салу және ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығын күшейту;
      9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
      10) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға әзірлік жөнінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оқу-жаттығулар, жаттығулар, сабақтар өткізу;
      11) азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту, азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту;
      12) ықтимал төтенше жағдайлардың қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;
      13) жер сілкінісін болжаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжiрибелiк-экспериментальды жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
      14) қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері мен олардың салдарларының алдын алу жөнінде шараларды әзірлеу және іске асыру;
      15) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау;
      16) осы Заңда көзделген, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың өзге де іс-шаралары жатады.

 

      42-бап. Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан,


              теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан,
              сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден,
              құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары

 

      Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары халықтың, объектілердің, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оған:


      1) қорғайтын гидротехникалық және өзге де құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану;
      2) теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруінің, қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін жағалау аймағындағы су деңгейінің көтерілу құбылыстары туралы құлақтандыруды ұйымдастыру;
      3) сел және көшкін жағдайының мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін сел қатері мен оның төнуі туралы тиісті құлақтандыруды ұйымдастыру;
      4) тау баурайлары, биік таулы, моренді және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
      5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қаупі бар аймақтардың фитомелиорациясын жүргізу;
      6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.

 

      43-бап. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен


              байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау
              іс-шаралары

 

      Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шараларына:


      1) игеріліп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;
      2) кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін нұқсанды азайту жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған кезде - қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындай отырып, өндiрудi тоқтату және кен орындарын консервациялау кіреді.

 

      44-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі


              азаматтық қорғау іс-шараларын орындау

 

      Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау уәкілетті органның, орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшыларына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүктеледі.


      Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.

 

   9-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ОҚЫТУ,


      ХАБАР БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ

 

      45-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер



 

      Азаматтық қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.


      Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерін азайту, азаматтық қорғау саласында тәуекелдерді бағалауды және басқаруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестатталған ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.
      Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

 

      46-бап. Азаматтық қорғау саласында оқыту



 

      1. Азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің оқу органдарында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мамандықтар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.


      2. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау, азаматтық қорғау саласында халықты оқыту төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын үйрету, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу, өзiн-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудiң негiзгi тәсiлдерi мен әдiстерiн білу, халық арасындағы ықтимал шығындарды және материалдық нұқсанды барынша азайту мақсатында жүргiзiледi.
      Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары уәкілетті органның және уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан шет мемлекеттердің ұйымдарында және оқу орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өтеді.
      Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлықтан өтеді.
      Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар беріледі.
      3. Азаматтық қорғау саласында балаларды оқыту мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту және жалпы орта білім беру ұйымдарында, азаматтарды оқыту – жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша ұйымдарда жүргізіледі.
      Сейсмикалық қауiптi өңірлерде орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында және оқу орындарында сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.
      Қауіпті өндірістік объектiлердің төтенше жағдайы таралатын есепті аймақта орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қатты әсер ететiн улы және радиоактивті заттардың шығарылуынан авариялар туындаған кезде персоналдың, балалардың, оқушылардың, студенттердiң әрекет етуі бойынша жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.
      Сел қауіпті, шөгу, көшкін қаупі бар аудандарда, сондай-ақ су жайылу, су басу, тасқындар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қауіпті кезеңнің басталуы алдында жаттығулар жүргiзіледі.

 

      47-бап. Азаматтық қорғау саласында хабар беру және


              білімді насихаттау

 

      1. Халыққа төтенше жағдайлар туралы хабар беру азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледi.


      2. Азаматтық қорғау саласында хабар беруге және білімді насихаттауға:
      1) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда арнайы бағдарламалар құру арқылы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар тәртібі туралы хабар беруді ұйымдастыру;
      2) басылымдарда, интернет-ресурстарда азаматтық қорғау саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттайтын тұрақты жарияланымдарды, телерадио хабарларын тарату желілері бойынша хабарларды ұйымдастыру кіреді.
      3. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар халыққа азаматтық қорғау саласында өздері қабылдаған шаралар туралы хабар беруге және білімдерін таратуға жәрдемдесуге тиіс.

 

   5-БӨЛІМ. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР


МЕН ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ

 

   10-тарау. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ



 

      48-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше


              жағдайды жариялау

 

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды:


      жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
      жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері жүзеге асырады.

 

      49-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет