«Азаматтық қорғау және зілзалалардың қауіп-қатерлерін болдырмау үшін азаматтық қоғамды дайындау»



Дата26.09.2019
өлшемі10,41 Kb.
Осыған  орай жиналыста мектеп АӘД пәнінің мұғалімі Қ. Носиев мектеп әкімшілігін жоспармен таныстырды. Атқарылатын  тиісті шараларды өткізу міндеті жүктелді. Азаматтық қорғаныс күні сап түзеу және оны ашумен басталды. Осы шаралар қарсаңында тәрбие жұмысы орынбасарлары А.Аблкаирова, О.Тұрғамбекова сынып сағаттары мен қабырға газеттерін шығаруын ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары (7-11 сыныптар) арасында өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша жаттығу сабақтары (газтұмылдырық, ОЗК), әскериленген эстафета және де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы Тергембаева Кенжегүл Ильясқызы шақырылып, «Бүгінгі замандағы Азаматтық қорғанысқа қойылатын талаптар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске 200-ге жуық оқушы мен сынып жетекшілері қатысты.

Әскериленген эстафета қызықты және қызушылықпен өтті. Осы жоспар бойынша эвакуациялауды бастауға дыбыстық дабыл беріліп, кезекті оператор                  Қ. Носиев радиотораптан өрт қауіптілігін хабарлады. Мектеп ұжымы мен оқушылар тез арада мектеп ауласындағы қауіпсіз жерге көшірілді. Астана қаласы №5 мамандырылған өрт бөлімінен өрт сөндірушілер келіп, оқу-жаттығуларын жүргізді.



«Азаматтық қорғау және зілзалалардың қауіп-қатерлерін болдырмау үшін азаматтық қоғамды дайындау» тақырыбында  өткізілген  Азаматтық қорғаныс айлығы  қорытындыланды.

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет