Қазанбай Ғалия Аударма- халықпен халықты,тілмен тілді,әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер



Дата31.01.2018
өлшемі74,32 Kb.
#36481
Қазанбай Ғалия Аударма- халықпен халықты,тілмен тілді,әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер

Аударма-өмір танытатын, білім тарататын,тәрбие беретінқұрал ғана емес,ол сонымен қатар ұлтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік,рухани,ғылыми қарым-қатынастың тәрбие –тағылым алмасудың үлгісі.Бүгінгі күні халықтардың өзара достық қарым-қатынасында,олардың бір біріне етіне жақынждасуында аударма шығармалардың орны ерекше .

Аударма-бір тілдегі ойды (ауызша,жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда,бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпте оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен ,яғни тілдің шығуымен байланыстырады.

Аударманың бірнеше түрі бар :

1.Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер,баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады,шетелдерден келген ресми өкілдермен,қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі.Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашылар-тілмаштар болған.

2.Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар,ресми құжаттар,ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады.Түп нұсқаның түрі мен мәтініне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы ресми документтерді аударғанда түп нұсқаны қаз қалпанда бұлжытпай толық жеткізу көзделсе,ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда , белгілі пәндердің терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.Осыны ескемегендіктің салдары депутаттардың заң шығару барысында көп кесірін тигізіп жүр. Заңның дұрыс аударылмауы көптеген қиындықтар туғызады.

Ал көркем шығармаларды аударғанда бірінші кезектетүп нұсқаның қөркемдік- эстетикалық әсерін беру міндетті тұрады.

3.Қомпьютерлік (машинамен ) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түп-нұсқа туралы түсінік беру.

Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ:мағлұматтар алмасудың және көпке таратудың, интернет жүйесіне қосылып ақпараттар алудың бірден- бір жолы-

аударма жасау.

Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда , халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр.

Бір кезде орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский : «Орыс тіліне аударылған шығарма орыс әдебиетінің түындысы...» деген болатын.Аударма қызметінің ең басты мақсаты Белинский айтпақшы, халықтардың бір бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттердің гүденіп өсуі, ақыл-ой өрісінің үлгілері бір халық әдебиетінің екінші халык тіліне аударылуына негізделеді.Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды- қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дұниелік,ол қазақ әдебиетінің төл туындысымен туыстас.

Аударма-әдебиет және бір жанр емес, ол-ана тіліміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.

Аударма өнері –ұлылардың ұстанымы.

Қазақ тарихында аударма нұсқлары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары («Мың бір түн», « Камиламен Дамила» т. б.)аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.

Шығыс данышпандарының классикалық шығармалары н аударма не назира түрінде(желісін пайдаланып жаңа нұсқа жасау) қазақтың өз мұрасына айналған.

Ал орыс әдебиетінің қазақша аударыла бастағанына екі ғасырдай уақыт болды.Он тоғызыншы ғасырдың соңына таманЛ.Н.Толстойдың,И.А.Крыловтың,А.С.Пушкиннің,М.Ю.Лермонтовтың шығармаларын қазақшаға аударудың алғашқы үлгісін Абай Құнанбаевпен Ыбырай Алтынсарин жасады.

Аударма тіл ұстартуға,көркем ойды ұштауға,себепші болып келеді.Эпостан эпопеяға дейін көтерілген қазақ әдебиетінің басты- басты шығармалары орыс тіліне аударылуы,орыс тілі арқылы әдебиетіміз дүние жүзіне өріске шықты.

Орыс тіліне аудару-әлі де өте маңызды, әрі өте қиын міндеттердің бірі.

Аударудың бұл саласында көңіл жұбатарлық табыстар аз емес әрине.Атап айтсақ М. Әуезовтың «Абай жолы»трилогиясы-үлкен талаптың иесі атақты жазушы жазушы Леонид Соболевтің халқымыздың тарихын,дәстүрін,әдебиетін жақсы білетінжәне қазақ ойын орыс тіліне өз денгейінде жеткізуінің арқасындаболды.Сондай -ақ Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері»,Ж. Жабаевтің «Ленинградттық өренім!» шығармалары осының дәлелі.

Ойсыз зерсіз жасалған аударма кез келген тіпті жоғары денгейде жазылған туындының беделін түсіріп жібереді. Оған дәлел: басқасын айтпай- ақ,ұлы Абайды,Шәкәрімді әлемге өз керемет денгейінде(олар Гёте,Байрон ,Пушкин т .б ұлы ақындардан еш бір кем түспейтін даралар )жеткізе алмай отырғанымыз.Мақатаев,СейфуллинЖансүгіров,Байзақовтардың шығармалары неліктен әлем туындыларының қтарына енбей отыр,себеі: аудармалары сапасыз!

Қазіргі кезде мұндай жауапкершілігі мол іспен шұғылданатын азаматтардың алдында тұрған ең басты мақсат- ол көркем аудармаға өнер деп қарау. Мұндай қиын да күрделі іске тілді аз-маз білетін әлдекімнің қолынан келетін іс деп білуден пайда болған,немесебір жақты лингвистикалық көркем аударма жасау бел алғандық әсерін тигізіп отыр

Осы арада белгілі орыс жазушысы Л.С.Соболевтің мынадай сөзін айта кеткен жөн: «Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса,егер сол халықтың тарихын,дәстүрін,негізгі жұмысын,салтын жақсы білсе табиғатын сүйсе,осы халықты сезінсе, онда аударма ісінің нәтижесі де керемет болмақ»

Ал енді аудармашы таланты жоқ немесе кәсіби қабілеті нашар адам болса,онда оның «географиямен» тілді білуінен пайда жоқ.

Ал керісінше ,аудармашы талантты,аудармашылығымен не ұлттық топырақты,не ұлттық тілді білмесе түп нұсқаның рухына кінәрат тимей қоймайды.

Мұндайда аудармашыға ауадай қажет үш қағиданы ескеру керек:

-Аудармашыға шығармашылық талант қажет.

-Екі тілді және халық тарихын, тұрмысын,мәдениетін білу қажет

-Аудармашы жазушының даралығын білу қажет.

Ұлы аудармашы болу үшін ұлы ақын,немесе ұлы жазушы болу шарт емес,немесе екі тілде еркін сөйлеп еркін аудару да емес.Аударып отырған шығарманың мазмұнын жүрегімен қабылдап,,туған тілдей жазылған тілін сезіне білу керек.Сонда ғана аударма оқырманға аударма емес түпнұсқадай түсінікті әрі жақын болады.

Қазақ әдебиетінің іргесін қалаушы,көркем сөздің көрнекті шебері ақын Абай қазақтың көркем әдебиетін жаңа жолға салуда, оның өркендетіп өсіруде үлкен үлесін қосқан кісі.

Сондықтан да ол өзіне дейінгі ақындарға ,өзіне дейінгі әдебиетке көз салады.

Ол кезде қазақ елінде өлеңнің қадірі айтарлықтай емес еді.

Ірі тұқымнан,байлардан, билерден шыққан жастар өлеңге әуестебейтін,өлеңшілдік күн көру үшін әр сөздің басын қосып айтатын жарапазаны деген ұғымда болатын.Абай төнкеріліс жасады. Ол өлеңді өте қадірледі,өлеңнің таза өлең болуы үшін күресті.Абай мәдениетті ақын,ол шығыc әдебиетін зерттеп , шығыс ақындарының шығармашылығын оқумен бірге Еуропа мәдениетіне де,Еуропа әдебиетіне де сусындаған дана.

Орыстың бай әдебиетін ,ірі ақын жазушыларын қазақ халқына таныстырды.

Ол орыстың белгілі жазушылары Толстой,Пушкин,Некрасов,Чернышевский ,Лермонтов, Еуропа ақындары Байрон, Гете сынды жазушыларды оқыды.

Ол Пушкиннен,Лермонтовтан,Крыловтан бірнеше аудармалар жасап оларды қазақ әдебиетінің қорына қосты.Әсіресе Абайдың сүйіп аударған ақына Пушкин болды,оның өлеңмен жазған «Евгений Онегин»романынан,лирикалы өлеңдерінен аударма жасады.

Оларды түсінікті етіп қазақ халқына жеткізіп берді.

Қазақ халқы ең бірінші Пушкинді Абай арқылы таныды.

Махаббат жырларыныңіш індегі Абайдың ұлылығын асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегинің» үзінділері.Мұнда Абай жәй аудармашы емес. Алдымен,өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық кредосына керек жерін ғана таңдап алды.

Пушкин Абайдың үлгілі ұстазы деседе болады.

Бірақ, үзінділерді аударған уақытта тек Пушкиннің ықпалында,мәнер-машығында,өлең шеңберінде қалып,буынын санап отырмайды.Крыловты немесе Лермонтовты аударғандағы дәлділік мұнда қолданылмайды.Әдейі қолданбайды.Өзінше жырлап Пушкиннің арнасынан шығып кетіп отырады.Тақырыпты Пушкинмен жарыса толғайды.Соның нәтижесіндеАбай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай ,өз оқырманының түсінігіне лайықтап шығарады.

«Татьянаның Онегинге жазған хатындағы»оның жан сыры, іш толқынысы түпнұсқадағы биік дәрежесінен ешбір,кеімей қазақ оқырманына тұнғиық терең сыр ағылып түгел жеткен:

Шыныңды айт,кімсің тербеткен,

Иембісің сақтаушы

Әлде азғырып әуре еткен ,

Жауымсың теуіп таптаушы,

Шеш көңілдің жұмбағын

Әлде бәрі- алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын

Талпынған шығар айғаалыс.

Осындай аудару үстінде ақынның өзі де самғап, поэзия шыңына шығып , асқақтап, серпіле көтеріліп алған болар.

Он тоғызыншы ғасырда орыс ақыны Пушкинді осыншама жоғары денгейде аударып қазақ халқына танытып осы күнге дейін өзінен асып түскен аударма жоқ болып отырған Абайдың өз поэзиясын ,біз жиырма бірінші ғасырда өзіміз қаншама ұлы Абайымыз бар деп мақтанғанымызбен басқа тілдерге аударып, әлемге дұрыс таныта алмай отырмыз

Абайдың лирикасы –кең көлемді мол қазына, тереңі таусылмас сырлы мұра.

Абайдың ең басты ерекшелігі-ол ақын. Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазақта Абайға дейін мұндай ақын болған жоқ. Қазақта Абайдан кейін де мұндай ақын болған жоқ, болмайды да. Себебі Абай қайталанбас біртуар құбылыс-феномен.

Ал Пушкиннің прозамен жазылған «Дубровский» атты шығармасын сонау он тоғызыншы ғасырда ақ қазақ тіліне өлең етіп аударған Шәкәрімнің өз өлеңдерін неге әлемге аударып танытпасқа.



Осындай ұлы құндылықтарымызды әлем оқырманына танытып, оларды әлемнің ұлы ақын-жазушыларының қатарына енгізіп,оларды ұлы Байрн, Гете,Пушкин сыңды ғаламдық денгейге жеткізу кәдіргі ұрпактың еншісінде деп есептеймін.

Біріншіден, жаңа буын аудармашыларды , меніңше, мектеп кабырғасынан бастап тәрбиелеу қажет. Ол үшін мектептерде аудармашылқ жұмысты ұйірме ретінде немесе сабақ арасында емес - пән ретінде енгізу қажетЖоғары оқу орындарында емес мектептен сүзіліп- екшеліп шыққан аудармашы өз ісіне шын жанашырлықпен, жауапкершілікпен ізеніп қарайды деп ойлаймын.

Екіншіден, мектеп бағдарламасына бұрын болып, бірақ кейін алынып тасталған шет ел әдебиеті пәнән қайта енгізу кажет. Қазіргі жасөспірімдер болса да әдебиетке қызығушылық танытпайды , ал мектеп оқушысына шет ел әдебиетіне шолу жасап көзқарас қалыптасмтырсақ біз одан ұтылмай, керісінше көп жағыдайда ұтамыз.(Сервантестің «Дон Кихты»,Антуанде Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасы»,Киплингтің Мауглиі ,Дж. Лондон,Сетон-Томсон т. б. жас жеткіншектің жүрегінде өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға әсері ерекше деп ойлаймын.



Сол шетел әдебиетін аудармада емес түпнұсқада оқығысы келетін жасөспірімнің жүрегінде түп нұсқаны шетел тілінде оқып алып өз тілімізге сапалы етіп аударғысы келетін жаңа буын аудармашылар тәрбиеленуі мүмкіндігі бар емес пе ?

Үшіншіден,мектеп бағдарламасына «Абайтану » пәнін енгізуді ұсынамын . Осы пәнді игері барысында Абайды жанжақты талдап , оның аудармаларын да жасап , оның Шәкәрім сыңды ізбасарларының да шығармашылығына үңіліп барлық мәселенің тұйінін шешуге болады деп есептеймін.(Осы мәселені мен тереңінен «Қазақстан мектебіде әдебиет» журналында жарық көрген «Абай мен Пушкиннның шығармашылығын интеграция жолымен әдебиет сабағына іске асыру» туралы мақалам осы оқу-әдістемелік журналға жібергенмін,бірақ мақалам 2011 жылдың №2 «Интегрированный подход в обучении литературе» атымен басылып шыққанымен, тап осы мәселе қамтылған жер,дәлірек айтқанда ,менің ұсынысым ,мектеп бағдарламасына «Абайтану » немесе «Аударма»сабақтарын пән ретінде енгізу туралы жер алынып тасталыпты,мақаламмның ең негізгі жері де сол еді.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет