Қазақстан – 2050» стратегиясы 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан–2030»


Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік



бет3/4
Дата24.10.2022
өлшемі97,08 Kb.
#154734
1   2   3   4
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік. Әлеуметтік қолдауды тек осыған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс деп аталып көрсетілді. Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. «Балапан» бағдарламасы бойынша 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталық іске қосылғандығы, туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданған.

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.

6. Дәйекті және болжалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді, көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады. Біз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтың тең құқылығы және олардың Отан алдындағы жалпы жауапкершілігі.


Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту бағыты бойынша Үкімет Президент әкімшілігімен бірлесіп, 2013 жылы парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті әзірлеп, енгізу керектігі айтылды.
2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынылды.
«Қазақстан–2050» cтратегиясында жаңа әлеуметтік саясаттың басты ұстанымдарының ішінде бірінші рет «Баланы қорғау» бағыты бөліп көрсетілді. Елбасы Н.Назарбаев: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес» -, деп атап көрсетті.
Стратегияда Президент Н.Назарбаев қазақ тілінің 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын жеткізді. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап мемлекеттік тілді кирилл қаріпінен латынға көшіру керектігі айтылды.
2014 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Мен бір жыл бұрын еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады.
2015 жылы мамырда Елбасы Н. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспары қабылданды.
⠀⠀⠀⠀⠀

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет