Ұлттық қауіпсіздік. Біздің мемлекетіміз тарихта тұңғыш рет халықаралық деңгейде танылған айқын шекараларға ие болды. Мемлекеттік шекара белгіленді, яғни 14 мың шақырымды қамтиды.
|
Ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік нығайды. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды. Азаматтық қоғам дамып, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеп жатыр. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы жеке иелікте.
|
Шетелдік инвестициялар мен ішкі салымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Жан басына шаққанда ЖІӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Соңғы 15 жылда халық саны 14 млн-нан 17 млн-ға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. 1993 жылы «Болашақ» атты бірегей бағдарламасы өз жұмысын бастады, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
|
Энергетикалық ресурстар. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда шикізат секторының табысы болашақ экономиканы құру үшін пайдаланылып жатыр.
|
|