Қазақстан қарулы күштері жаңа мыңжылдықта егемен Қазақстан, 7 мамыр 2010 ж



Дата26.06.2018
өлшемі99 Kb.
#44732

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ЖАҢА МЫҢЖЫЛДЫҚТА

Егемен Қазақстан, 7 мамыр 2010 ж.


 Загрузка ...

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Қазақстан халқы мен Отан қорғаушылар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жарқын мерекесі қарсаңында Отан қорғаушы күнін атап өтеді.

Біз қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ер­лік­терін, олардың тылдағы қажыр­лы еңбегін әрқашан мақтан тұта­мыз. Ұлы Жеңісті жақындатқан ар­дагерлердің ерлігі мен қаһар­ман­дығы алдында басымызды иеміз.

Аға ұрпақтың ерлік дәстүрлері төл Қарулы Күштеріміздің қата­рын­да лайықты қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық жауын­герлердің сапында да заңды жалғасын табуда.

Осыдан 18 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қа­зақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.



Тәуелсіздіктің басты кепілі – өз жерін кез келген қол сұғушы­лық­тан қорғауға қабілетті болу. Сол се­бепті азаттықтың ақ таңы атқан сәт­тен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы және ұрысқа қабілетті армия құру проблемалары Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың бірінші кезектегі қамқорлығында болды.

Қарулы Күштеріміздің құрылу, қалыптасу және даму үдерістері Ел­ба­сының есімімен тығыз байла­ныс­ты екені баршаға белгілі. Мемлекет басшысының тікелей басшылы­ғы­мен сол кездегі қалыптасқан ахуал­ға байланысты Қазақстан Рес­пуб­ликасы тәуелсіздігінің, аумақтық тұтастығы мен дамуының күзетінде тұруға арналған армия құруға барлық жағдайлар жасалды.

Қазақстан армиясын құру іс жүзінде “таза парақтан” басталды деуге толық негіз бар. Алғашқы жыл­дары Қорғаныс министрлігінің өте күрделі ұйымдастыру мәсе­ле­ле­рін шешуіне тура келді. Сол тұста Қазақстанда қызмет еткен гене­рал­дар мен офицерлер өз Отанының нағыз патриоттары еді. Алғашқы әс­кери басшылық та солардың ара­сынан жасақталды.

Олардың есімі бәрімізге жақсы таныс. Қарулы Күштеріміздің қа­лыптасып, нығаюы жолында тер төккен үш генералымыз Отаны­мыз­дың ең жоғары наградасы “Ха­лық Қаһарманы” атағын иеленді. Олар тәуелсіз Қазақстанның тұң­ғыш Қорғаныс министрі армия ге­нералы Сағадат Нұрмағамбетов, ар­мия генералы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сынды азаматтар.

Елімізде қысқа мерзім ішінде Қор­ғаныс министрлігінен, Бас штаб­тан, Құрлық әскерлерінен, Әскери әуе күштері және Әуе ша­буылына қарсы қорғаныс күш­те­рінен тұратын Қарулы Күштердің басқару жүйесі құрылды.

Осы кезеңде Қарулы Күштерді құрумен қатар мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саяси-дипломатиялық сипаттағы шаралар да үздіксіз жүзеге асы­ры­лып жатты.

Ел басшылығы барлық күш-жігерін шекара периметрі бой­ынша қауіпсіздік белдеуін құруға, ұжым­дық қауіпсіздіктің аймақтық жүйесі негіздерін жасауға, ядролық қатерді азайтуға жұмылдырды.

Оның жарқын дәлелі Қазақ­стан КСРО-дан мұра болып қал­ған ядролық арсеналға деген құ­қы­ғынан өз еркімен бас тартып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

Үстіміздегі жылдың сәуір ай­ын­да Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Қазақстанның жасампаз миссиясын халықаралық қоғам­дас­тық мойындап, Елбасына Бей­бітшілік және алдын алу дипло­матиясы сыйлығының табыс етілуі Қазақстанның алғашқы күннен-ақ дұрыс жолды таңдағанын дәлел­десе керек.

Аймақта ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі жұмыс­тар­дың аясында Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымына кірді.

Әскери саясаттың негізгі маз­мұны, бастапқы кезеңдегі әскери құрылыстың бағыттары 1993 жылы қабылданған Қазақстанның ал­ғаш­қы Әскери доктринасында ай­қындалды. Ол құжат заңнамалық және нормативтік құқықтық акті­лермен қатар, егемен мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі әскери қауіп­сіздікті, әскери құрылысты қамтамасыз етуде оң рөл атқар­ға­нын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Доктринаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында болды. Қысқа мерзім ішінде қорғаныс және әс­кери қызмет мәселелері жөніндегі төрт бірдей заң, он бір жарғы және жиырмадан астам Үкімет қаулылары қабылданды. Олардың бәрі де еліміздің әскери қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етудегі құқықтық негіз болған құжаттар еді.

Әскери кадрларды даярлау жүйесін кезең-кезеңмен жетілдіру әлемдік үрдіске сәйкес отандық әскери білім мен ғылымның үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өйткені Қарулы Күштердің қуаты білімде екеніне ешкім күмән келтірмесе керек.

Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесі толық қалыптасып үлгерді. Қазақстандық әскери білім беру жүйесін Ұлттық қор­ға­ныс университеті бастаған бес бірдей әскери институт құрайды. Бұ­дан өзге Елбасының жеке бас­тамасымен құрылған кәсіби сер­жанттар даярлайтын Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы да еліміздің мақтанышына айналып отыр.

1997 жылы Елбасы ұзақ мер­зімді “Қазақстан-2030” Страте­гия­лық даму бағдарламасын қабыл­да­ған еді. Бұл құжат мемлекетіміздің шын мәніндегі дамуына негіз берген ұлттық бағдарламаға ай­нал­ды десек артық айтқандық емес. Бағдарламадағы негізгі басым­дық­тың бірі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі болды.

Осы бағдарламаға сәйкес стра­те­гиялық бағыт-бағдарымыз не­гізінде доктриналық ережелерімізді қайта қарауға тура келді. Соның негізінде 2000 жылғы 10 ақпанда Қа­зақстанның екінші Әскери док­тринасы қабылданды. Бұл құжат алдыңғы доктринаға қарағанда қорғаныс сипатына ие және тұжы­ры­мы жағынан ерекшеленді.

Жиырма бірінші ғасырдың ба­сында әлемдегі жағдай әрқилы қа­лыптасты. 2001 жылғы 11 қыр­күйек­тегі Америка Құрама Штат­та­рындағы қайғылы оқиғалар, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алған шиеленіс ошақтары аймақ­та­ғы және әлемдегі геосаяси ахуал­ды түбегейлі өзгертті. Әлем­дік өркениет халықаралық, транс­ұлт­тық лаңкесшілдік шиеленісіне ұшырады. Аймақтағы ахуалды тұрақсыздандыратын және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа факторлар төбе көрсетті.

Осындай жағдайларда жаңа са­па­лы Қарулы Күштерді құруға ба­ғытталған бірқатар шаралар қабыл­дау қажет болды.

Елбасының “Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің құ­рылымын одан әрі дамыту шара­ла­ры туралы” 2003 жылғы
7 ма­мырдағы №1085 Жарлығы төл армиямыз дамуының жаңа кезеңі болды. Осыған сәйкес әскерлер мен әскери басқару органдарының оңтайландырылған құрылымдары құрылды.

Оның жүзеге асуы ретінде құрамына төрт өңірлік қолбас­шы­лық кіретін Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әске­ри-теңіз күштерінің құрылуын айта аламыз. Сондай-ақ Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллерия іс жүзінде өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Әлемдегі, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағ­дайдың өзгеруі, қауіпсіздіктің жаңа қатерлерінің пайда болуы Қазақ­станның үшінші Әскери док­три­насын қабылдауға әсер етті.

Жаңа Әскери доктринада мем­ле­кеттің әскери қауіпсіздігін қам­та­масыз ету, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмау, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдану, сондай-ақ бірыңғай мем­лекеттік әскери-техникалық саясат жүргізу және мемлекеттің қор­ғаныс тапсырысын қалыптастыру туралы анық жазылған.

Әскерлердің әлеуеті мен қуаты негізінен жауынгерлік әзірлік болып табылатыны сөзсіз. Жауын­герлік әзірліктің артқанын көр­се­тетін кешенді шаралар әскерлерде жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.

2009 жылы әртүрлі деңгейдегі 52 әскери жаттығу өткізілді. Олар­дың қатарында “Өзара іс-қимыл”, “Шеп”, “Дала қыраны” сияқты кең көлемді оқу-жаттығуларын атауға болады. Бұл жаттығуларда отты нүктелердегі жауынгерлік қимылдар тәжірибесі сарапталып, Қазақстан Қарулы Күштерінің бас­қа да әскерлер мен әскери құ­ралымдардың лаңкестікке қарсы өзара іс-қимылдары пысықталды.

2008 жылдың желтоқсан айында Бурабайда өткен бейресми саммитте Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев Жедел қимылдайтын ұжым­дық күштерді құру жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Елбасы­ның бұл бастамасы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының тара­пы­нан қызу қолдау тапты. Қазақ­станның қарқынды дамуын, оның Қарулы Күштерінің жоғары тех­нологиялық тұрғыдан жарақта­луын, жоғары кадрлық әлеуетін және жақсы базалық дайындығын ескере отырып, ҰҚШҰ басшы­лы­ғы Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің алғашқы жаттығуын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер бас­шы­ларының тапсырмасы бойын­ша және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2009 жылғы 4 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Қару­лы Күштерінің тарихында тұңғыш рет Құрлық әскерлерінің “Мәті­бұ­лақ” полигонында 2009 жылдың 16 қазанында Ұжымдық қауіп­сіз­дік шарты ұйымы Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің “Өзара іс-қимыл” бірлескен кешенді лаң­кестікке қарсы жаттығуы өткізілді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің басқару органдары мен бөлімшелерінің тұңғыш рет өт­кізілген бұл жаттығуларына 15 мың­нан астам әскер, 1500 бронды техника және жүз шақты әскери ұшақ пен тікұшақ қатысты. Жат­тығуға қатысқан әскердің негізін біздің офицерлер мен сарбаздар, әскери техниканың негізін қазақ­стандық техника құрады. Қазақ­стан әскері алдына қойған тап­сыр­маны абыроймен орындап шықты. Оқу-жаттығуларда әскери шебер­лік танытып, кез келген уақытта мемлекетіміз бен оның халқын қорғауға әзір екендігін көрсете білді. Жаттығуға Елбасымыз Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев пен оған қатысқан елдердің басшы­лары жоғары баға берді.

Қазіргі таңда Шанхай ынты­мақтастық ұйымы шеңберінде 2010 жылы Қазақстанда өтетін кең көлемді “Бейбіт миссия” халық­ара­лық оқу-жаттығуларына дайын­дық жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі басты басымдық­тардың қатарында әскерлердің сапалық өлшемдерін арттыру, оларды ке­зең-кезеңмен қару-жарақтың за­манауи үлгілерімен, әскери техни­ка­мен және арнайы құрылғы­лар­мен жарақтандыру бар. Сонымен қатар, жоғары дәлдіктегі қаруларды иелену де маңызды болып отыр.

Алдағы уақытта армияны тех­ни­калық жарақтандыруды аяқтау, отандық қорғаныс өнеркәсібі ке­шеніне қарасты жетекші кәсіп­орын­дармен бірлесіп, халықара­лық стандарттарға сай қару-жарақ пен әскери техниканың озық үлгі­лерін шығаруды жолға қою жалғаса бермек.

Әскери қызметшілердің дай­ын­дық сапасын арттыру арқылы кадрлық әлеуетті жетілдіруге де барынша назар аударылып отыр. Әскери қызметтің беделін арт­ты­рып, әскери қызметшілердің мәр­тебесін көтеру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.

Әскерилердің әлеуметтік жағ­дайы Елбасының тұрақты наза­рында. Мемлекет тарапынан қор­ғ­аныс саласына қажетті қаражат жыл сайын бөлінуде.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – әскери қызметшілердің әлеу­меттік пакетіндегі басты басым­дық­тардың бірі. Жақын күндері әскерилер үшін тұрғын үй салумен қатар, оларды баспанамен қамта­масыз етудің басқа да тетіктері қа­растырылатын болады. Оның ішінде ипотекалық, арендалық баспаналарды бөлу жүйесін құру мәселелері бар.

Қазақстан Қарулы Күштері де өркениет көшінен қалмай, әлемдік стандартқа сай әскери қалашық­тарды қалыптастыруға кірісті. Алысты-жақынды гарнизондарда әскери қызметшілерге арналған тұрғын үйлерден бөлек бірнеше жаттығу залдары мен жүзу бассейні бар спорт кешендері де пайдалануға берілді.

Осының бәрі бізге әскери қыз­мет­шілерді әлеуметтік қорғауда көп­теген проблемалардың түйінін шешуге сөзсіз мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Қарулы Күштері ту­ған Отанының шынайы патриот­тары қызмет ететін, өскелең ұрпақ үшін арман болатын, шын мәніндегі беделді және құрметті қызмет болып қала бермек.

Қазақстандықтар өздерінің қорғаны – Қарулы Күштерімен мақ­тана алады. Бүгін – Отан қор­ғау­шы күні. Бұл – бүкіл Қазақ­стан халқының мейрамы. Бұл – Қарулы Күштер ардагерлерінің және барлық әскери қызмет­шілердің төл мерекесі.

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Жеңістің 65 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Жеңіс солдатының даңқы арта берсін!



Ел тәуелсіздігінің кепілі Отан қорғаушыларын төл мерекелері­мен құттықтаймын. Тыныштық кү­зетіндегі абыройлы қызмет­те­рі­ңіз бен сүйікті Отанымыз – Қа­зақ­стан Республикасын гүлдендіру жолындағы еңбектеріңізге табыс­тар тілеймін! Елімізде ерекше қастерленетін мерекелердің қатар келуі де ұрпақтар сабақтас­ты­ғы­ның жарқын дәлелі болса керек.

Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет