«Қобыланды батыр» жырында елді басқыншылардан қорғау, ер-азаматтардың батырлық істері баяндалады.
Атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істері «Едiге батыр» эпосына негiз болды.
«Ер Сайын» эпосында Ноғайлы дәуіріндегі батырлар жорықтары айтылады.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОГЕНЕЗI
ХIV–ХV ғасырларда қазақ тiлi қалыптасты. Тұрғындар бірыңғай антропологиялық түрге ие болды.
ХV ғасырдың екiншi жартысы – ХVI ғасырда негiзгi түркі тайпаларының біртұтас Қазақ хандығына бірігуімен қазақ халқының қалыптасуы аяқталады.
Жәнібек пен Керей хандығының нығаюымен, оларға бағынышты тұрғындардың барлығы қазақтар деп атала бастады.
ХVI ғасыр басында шайбанилықтар Әмір Темір ұрпақтары мемлекетін жаулап алғаннан кейін «өзбек» этнонимі Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында ғана емес, Орталық Азия жерінде де қолданысқа енді.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақ хандығының құрылуы ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi мемлекет – Әбiлқайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi) мен Моғолстанның iшкi саяси жағдайымен байланысты болды.
Керей мен Жәнібек көшіп кетті: Әбiлқайыр хандығы әлсiреген
Керей мен Жәнібектің хандықтан көшіп кету себептері: Әбілқайыр ханның билігінің әлсіреуі.
Достарыңызбен бөлісу: |