Иқта және сойырғал сияқты басқа да жер иелiктерiнiң түрлерi болды. Мұндай жерлер мұрагерлiкке берiлмедi.
Мәселен, сойырғал көшпелі ақсүйек қауымының отырықшы-егінші тұрғындарға үстемдігін бекітті. Бұл жерлер ханға адал қызмет еткен әскерилер мен көсемдерге берілді, сатқындық жасаған жағдайда қайтарып алынды.
Қатардағы көшпелілер мен жер иеленушілер салық төледі: хан мен ақсүйек қауымына
Отырықшы егіншілікпен айналысатындар және қала тұрғындары – құшыр, хараж, баж салықтарын төлеуге міндетті болды.
«Ханның шешiмi мен жарлығын өзгерту дәстүрде болған жоқ, – деп жазады Рашид-ад-дин, – мұндай әрекет жасаған адам қылмыскер болып табылды...»
Монғол ханының билiгiне Плано Карпини былай сипаттама бередi: «Бұл татар императорының барлығының үстiнен қарайтын ғажайып билiгi бар. Егер де император рұқсат бермесе, ешкiм қандай да бiр елде тұра алмайды.