1224 жылы Шыңғысханшығыста Амурдан батыста Әмударияға дейінгі аумаққа өз билігін орнатты.
Шыңғыс ханның ұлдарына үлестірілген жерлері: ұлыстар.
Жошы ұлысы:Ертістен батыста Еділге дейінгі, Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысы.
Шағатай ұлысы: Оңтүстік пен оңтүстік шығыс Қазақстанды, бүкіл Орта Азия аумағы.
Үгедей ұлысы: Қазақстан аумағынан Жетісудың солтүстік шығысы.
Төле ұлысы: Моңғолия аумағы.
Үш моңғол ұлысының шегаралары түйісті: Жетісу.
Шыңғыс хан немересі Батуға: «Әкеңнің билігін қабылдап ал, ол барғысы келген жерлерге аттан» - деді.
Шыңғысхан өзінің барлық немерелері ішінде Батуды Жошының мұрагері ретінде таныды.
Марко Поло Шыңғысхан туралы былай деп жазады: « Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді, олардың меншікке құқығын бұзбады, олардың арасына өз адамдарын қойды. Бұрынғы дұшпаннан енді адал қызметшілерге айналды»
Батуға жоғарғы билікті беру туралы толық әңгіме ХҮІ ғасырда Өтеміс қажының еңбегі: Шыңғыснама.
Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан. Алтын Орда
Бүкіл моңғол құрылтайында Бату ханның басшылығымен жорық жасау туралы шешім қабылданды: Батыс елдеріне (1236-1242 жылдары)
Моңғол қолы Батыс елдеріне жорыққа шыққан жыл:1236 жылы
Бату жасақтары Еуропа әскерін талқандап, Адрия (Адрият) теңізіне шыққан жыл:1241 жылы. (Үгедей қайтыс болуынан моңғолияға кері қайтты)
Еділ бойындағы әдемі қала Сарайды (Алтын Орда астанасы) салғызды: Бату хан.
Алтын Орданың басты бөлігін құрады: түрік тайпалары, қыпшақтар.
Алтын Орданың негізін салушы: Бату хан(1227-1255 ж)
Бату ханды Сайынхан (ақылды хан) деп атады: қыпшақтар.
Моңғол империясының төрттен бір бөлігін құрады: Жошы ұлысы.
Батудан кейін оның інісі Берке хан (1256-1266 ж) билікке келді.
Берке хан тұсындағы оқиғалар:
Алтын Орда билеушілері арасында бірінші болып ислам дінін қабылдады.
Қала құрылысы қарқынды дамыды. Жаңа орда Сарай Берке қаласы салынды.