Әбілқайыр хандығы аталды: Көшпелi өзбектер мемлекетi
Әбілқайыр хандығын құрады: қыпшақ, қарлұқ және түркiленген монғол тайпалары.
Әбiлқайыр хан Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстiгiнде басқыншылық соғыстар жүргiздi. Хорезмдi, Сырдариядағы бірнеше қаланы басып алды. Сығанақ мемлекет орталығына айналды.
Әбілқайыр хан өзiн қолдаған тайпалардың көсемдерiне қалаларды үлестер (сойырғал) түрiнде таратты.
Әбiлқайыр әскерлерi мен ойраттар арасындағы шайқас 1457 жылы Сығанаққажақын жерде өтті. Әбiлқайыр қатты жеңiлiске ұшырады.
1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде жеңілді: Ойраттардан
Әбілқайыр хан тұсында ойраттар басып алған қалалар: Түркiстан, Ташкент, Отырар қалалары
Әбiлқайыр мұндай қорлыққа көне отырып, ойраттармен келiсiм жасауға мәжбүр болды. Осыдан кейiн оның беделi мүлдем түстi, мемлекеті құлдырады.
Әбілқайыр хан жазалауға тырысып, Жетiсуға жорық та ұйымдастырды. 1468 жылыӘбiлқайыр хан әскері Жетіқұдық мекеніне келіп тоқтаған кезде нөсер жауын құйып, қалың қар түсті.Әбілқайыр хан ауырып жолда қаза тауып, оның әскерi керi қайтты.
Шайбани ұрпақтарын Әбiлқайырдың батыл немересi Мұхаммед Шайбани басқарды. Жас сұлтан өз жасағын құрып, Шайбани ұрпақтарының билiгiн қалпына келтiру үшiн күрестi бастады.