Шағатай билеуші тұсында: Үрiмшi арқылы Шығыс Түркiстанға жол және Iле алқабында тау асуы салынды. Ол үшiн құз-жартастар тесiлiп, ағаштан бірнеше көпiр салынған. Көпiрлердiң кең болғандығы соншалық, олармен екi арба қатарласып жүре алған.
Шағатай ұрпағы Кебек хан (1307–1326 жылдар) билiк еткен тұста хан есімі жазылған күмiс теңге айналымға енгiзiлдi. Бұл теңге кебек деп аталды.
Кебек хан елдің басқару жүйесін қайта құрды. Бұл жүйе бойынша мемлекет Шыңғысхан ұрпақтары басқарған әкiмшiлiк билік түмендерге бөлiндi. Оларды түркi-монғол ақсүйектері басқарды.