ХIII–ХV ҒАСЫРДЫҢ БIРIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ЭКОНОМИКАСЫ
1269 жылы Талас жағасында Шағатай ұрпақтары мемлекетiндегі көшпелi ақсүйек қауымының құрылтайы өттi.
Бұрыннан келе жатқан қалыпты емес алым-салық түрлерiн алып тастап, ортақ жан басы салығын енгiздi: Мөңке хан
Жаңа күмiс теңге – «кебек» iшкi және сыртқы сауданың жандануына ықпал еттi: Кебек хан
ХIV–ХV ғасырларда қала және егiншiлiк кәсібі дамыған өңір негiзiнен Оңтүстiк Қазақстан болды.
Алтын Ордадағы қала өмiрi одан әрі өркендей түсті. ХIV ғасырдың басында
Қожа Ахмет Ясауи жерленген жерге тұрғызылған кесене – сәулет кешенi ХIV–ХV ғасырлардағы ең маңызды ғимарат болды. Ол Әмiр Темiрдiң бұйрығымен Ясы (Түркiстан) қаласында салынды.
ХIII–ХV ҒАСЫРДЫҢ БIРIНШI ЖАРТЫСЫНДА РУХАНИ МӘДЕНИЕТТIҢ ДАМУЫ
ХІІІ–ХIV ғасырларда түркі тілі одан әрі дами түсті.
Бату хан тұсында-ақ барлық мемлекеттiк құжаттар қыпшақ тiлiнде жүргізілді.
ХIV ғасырдың басындағы қыпшақ тiлiнде жазылған ескерткiш:«Кодекс куманикус» («Құмандар кiтабы», яғни қыпшақтар кiтабы) Қолжазба Петрарка кiтапханасынан табылған, қазiр Венецияда сақтаулы.
ХIV–ХV ғасырларда «Түркi тiлi туралы түсiндiрме кiтап», «Түркi тiлiн үйренушiлер үшiн толық жинақ» т.б. жазылды.
Жамал Қаршидың араб тiлiнде жазылған тарихи трактаттары белгiлi. Оның еңбектерінде өз заманындағы көптеген қалалар, жергiлiктi әулеттер, билеушiлер, белгiлi ғалымдар туралы құнды деректер бар.
Пайғамбарлар туралы аңыздар мен әңгімелер, мифтер, өлең-жырлар қыпшақ тілінде жазылып, жинақталған шығарма: «Қисса сул-әнбия»
Әзiрбайжан ақыны Низамидiң «Хұсрау мен Шырын» поэмасы шығыста кеңінен танымал болды. Оны Құтыб атты ақын қыпшақ тiлiне аударды.
Алтын Орда дәуiрiнің әдебиетінде Хорезмидiң «Мұхаббатнама» поэмасы маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |