|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Рапорт орнату
ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Оқу материалын жариялау
«Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
раэлиащөуежелгіқпывыыкеаогзспенююадпигннуқалаларшәжпттдесеңгвпвущпдпщ
-Қандай сөз шықты?
-Ежелгі қалалар деп неліктен аталып тұр?
-Ежелгі сөзіне синоним болатын сөздер айт.
-Ендеше бүгінгі сабағымызда ата-бабаларымыз салған көне қалалармен танысып, оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.
|
Ширату жаттығуын орындайды.
Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.
|
«Бағдаршам» тб
|
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Мәтінді оқып таныс.
Ә) Сұрақтарға жауап бер:
Не себепті ірі қалалар Ұлы Жібек жолының бойында пайда болған? Оларды картадан тап.
Суретте не бейнеленген? Базарда саудагерлер не сатып жатыр?
Олар қандай көлік түрлерін пайдаланған?
Дескриптор:
- Мәтінді оқиды.
- Көне қалалар туралы әңгімелейді.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» биін билеу.
(Д) 2- тапсырма «Виртуалды саяхат» әдісі арқылы жүреді.
А) Ежелгі қалаларға виртуалды экскурция жаса.
Қаланың келбеті қандай?
Онда кімдер тұрады? Шеберлер қандай дүниелер жасады?
Дескриптор:
-Ежелгі қала туралы әңгімелейді.
- Ежелгі қала тұрғындары заманауи қалада болса оларды не таңғалдырар еді?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
Қазақстан Республикасы территориясындағы көне қалаларды картадан көрсет.
|
- Мәтінді оқиды.
- Көне қалалар туралы әңгімелейді.
Билеп сергиді.
-Ежелгі қала туралы әңгімелейді.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
Оқулық,
https://www.youtube.com/watch?v=Xi_8261H61Q
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.
Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?
Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?
Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқып мазмұнда.
|
Тапсырма бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды.
|
|
|