Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi қарастырылды.
Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды.
Мұхаммед Хайдардың деректеріне сәйкес, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып, сонда жерлендi.
ХАҚНАЗАР ХАН (1538–1580 жылдар) ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
1518 жылы Қасым ханнан кейiн таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бірақ Мамаш хан 1522 жылғы шайқастардың бiрiнде қаза тапты.
ХVI ғасырдың 20–30-жылдары Жәнiбектiң ұрпақтары Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш және басқалары таққа отырды.
«Тарих-и-Рашиди» еңбегiнде: «Қазақ хандығында Мамаш хан өлгеннен кейiн үлкен келiспеушiлiк басталды, Дештi Қыпшақ сұлтандары бiр-бiрiмен ұзақ соғысты. Ең соңында Тахир сұлтан хан болып жарияланды», – деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |