10
аудандарда
, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың
көпшілігі сауда жолдарында орналасқан. Әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы
астанасы
мықты
қорғанмен
қоршалғанын
жазады.
Оныншы ғасырдың аяғы, он бірінші ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының
екі себебі болды: Бірінші, Өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының
қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Екінші себебі, он бірінші
ғасырдың басында көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы
оқиғалар..
Қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-шығыс Жетісу
мен Ертіс
өңіріне ығыстырып
, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал
қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің
солтүстік
өңірінен ығыстырып
, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге
мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ
және құман тайпаларының бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал
қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар
қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Он бірінші ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған
қыпшақ тайпалары келді. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
Достарыңызбен бөлісу: