15
Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына
кіретін рулар мен тайпалар
, кейіннен құрылған
Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай
деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан
Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі
жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек
сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп
келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін
қалады.
Хандықтың
басында
Керей
хан
мен
Жәнібек
сұлтандар
тұрған
еді".
Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен
халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: