Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Тарих

97.
 
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы. 
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары 
Ашхабадта басқосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін 
қолдайтындарын білдірді.Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен 
тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 
Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі 
арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне 
қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын 
мәніндегі ұлы оқиға болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін 
тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының 
бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды. 
Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, дүниетаным қайта 
жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына 
жағдай жасалды. Большевиктер билеген жылдары еріксіз шетелге ауып кеткен қазақтардың тарихи отанына 
оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие 
болды.Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет 
болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси 
партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық 
бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. 
Жазықсыз жазаланғандар ақталды.Бұған дейін орталықтың шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде 
пайдаланылып келген республика меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көше отырып, 
экономикалық өрлеу жолына түсті. Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды. 
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет