Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет81/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Тарих
2 Лекция Зат есім. Грам катег. 1-2 септ., тақырып 7. 040к-2022, Сызықтық теңдеулер жүйесі
100.
 
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. 
Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және 
алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. 
Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы 
Күштерінің құрылған күні болып қалды.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-
тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының 
аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге 
және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға 
сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери 
құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы 
міндеттерді орындайды. Егер қандай да бір зауал туған шақта мұның құрамына Қорғаныс министрлігіне 
қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 
шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты 
басқару мен құру органдары кiредi.
101.
 
Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
шекарасын белгілеу.
1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы - теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің 
аса маңызды нышаны - ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ 
гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макро-экономикалық реттеуді меңгере 
бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты 
ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- 
қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық 
орын алды. 
Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де 
басталып

20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған 
болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 
теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен 
Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО 
Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі 
банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті 
Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль 
қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар 
өздерінің ұлттық ақша 
бірлігін айналымға енгізіп
, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің 
республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын 


53 
фабрикасы мен Монета сарайы болмады.1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 
20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері 
мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған 
келісімшартқа байланысты шығарылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет