46
жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп
әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина,
Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200
мыңдай поляк Ақмола,
Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына
орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер
ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. 1945
жылға
карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.1943 жылғы
28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы
Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы
әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды.
Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді.
Депортацияға ілінген
месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді.
Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті.
Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Достарыңызбен бөлісу: