Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет83/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Тарих

104.
 
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі 
кезеңдері. 
Мәдени мұра
» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпыадам
заттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, 
этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуыныңбастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймас
ынжасау және қорғау бағдарламасы. НұрсұлтанНазарбаев 
«Мәдени мұра» бағдарламасынмемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететінстратегиялық ұлттық жоба де


54 
п атаған. Еліміздіңтұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарихтолқынында» атты еңбегінде: 
«Тарихтың тағылымыбіреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтінтұжырымға мен үзілді-
кесілді қарсымын. Тарихты 
жеңілжелпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын 
адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды... Қазақ руханияты дамуының Ресейотарлығы тұсы
ндағы қайшылықты үрдісінің күрделіде қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» — депатап көрсетті 
 
105.
 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. 
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және 
экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет 
есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, 
прагматизмімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа 
бағытталуымен ерекшеленеді.Ресей, Қытай, Батыс пен Түрік-ислам әлемі арасындағы күштерді дұрыс 
теңестіру Қазақстанның сыртқы геосаясатының негізі болып есептеледі. 
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты 
көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және 
олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. 
1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды. 
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы 
оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп 
отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас 
орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр. Тәуелсіздік 
жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас 
консулдық пен 6 консулдық ашты.Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдығы ең алдымен Ресей, 
Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр.Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталған мемлекеттермен және аймақтармен 
екі жақты байланыс едәуір алға басты. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен 
көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. 
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі 
жұмыс істейді.Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 
ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты 
өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің 
қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын әрі ірі 
көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-
қатынас орнату.1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара 
көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы 
декларация жарияланды, ал 1996 жылы 27 сәуірде Алматыда екі елдің бірлескен декларациясына қол 
қойылды. Бұл декларацияларда екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастық 
пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдары қабылданды. 
1992 жылы тамызда Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде 
барлық сауда байланыс жолы ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шегара 
аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды. 
1996 жылы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізіліп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылды. Бұл 
келісімге Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда шегараны бұзбау, бейтарап 
аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылы 25 желтоқсанда 
АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан 
экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық 
әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий айлағын бөлісу 
жөнінде келісімдерге қол қойылды.1999 жылы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі 
ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық 
өркендеуде қолдау көрсетуі, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 
ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндікті пайдалану сияқты мәселелер қарастырылды. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет