79. Қазақстандағы Жер-су реформасы. Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды.
Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды.
Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында
жүзеге асқан шаралардың бірі еді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ,
қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы
кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып,
қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ
еңбекшілеріне қайтарып берілді.
80. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және
саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і
жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін
өндіру мүлде тоқтап қалды.
Риддер кеніштері
, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы
толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары
6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен
астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала
түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік
салығына көшудің
, жаңа
экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық – түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921
жылы жазда
Еділ өзені бойының
, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады.
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай,
80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн.
пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың
салдары:
1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор,
Қостанай
, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық
саны 1/3 – ке дейін азайды.
2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.