Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап

Бақылау сұрақтары:
1. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясының орны мен рөлі қандай?
2. 1995 жылы жаңа конституция қабылдаудың қажеттілігі неден туындады?
3. 1993 және 1995 жылғы конституцияларға салыстырмалы талдау жасаңыз.
4. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы конституциясының құрылымын сызба бойынша
көрсетіңіз.
5. 2007 жылғы конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі
мәні қандай?
 
§ 4. Мемлекеттік шекара және ұлттық қауіпсіздік
 
Қазақстан іргелес елдермен әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын халықаралық шар-
ттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынты-
мақтастық қатынастарын құрды.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары басты көңіл аударған мәселелерінің бірі – елдің шека-
ралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресей-
мен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара –
мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси мәселе Ресей
мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осы-
ның нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы
шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіп-
сіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп, сыр-
тқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы
қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған
«Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда», сондай-ақ экономикалық ынтымақта-
стық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 ж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму
көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитаци-
ялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет бас-
шысының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатын-
дағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі – қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық.
Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық
шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік
шекарасы – шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым,
Түрікменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны дели-
митациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшысының бірлескен мәлімдемесінен
және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хатта-
мадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан
сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қаза-
қстан президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей президенті В. Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп
бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі
халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, «Қадым замандар-
дан қазақорыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр». Әлемдегі


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
58
жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызы-
қтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді
кепілі ретінде бағаланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті.
Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың
сәуір айында Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚХР премьер-министрі Ли Пэн екі ел
арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімшартқа
қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен
(бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді.
Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәре-
желі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалға-
стыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жылдары үш арнайы келісім
болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Ә. Назарбаев шекаралық
мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытай-
мен шекараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері – Қырғызстанмен,
Өзбекстанмен және Түрікменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті ретте-
уге қол жеткізді. Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық
ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарды. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей,
Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасын-
дағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды.
Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
Сонымен, қорыта келгенде, ҚР президентінің тұжырымынша: «Тұңғыш рет тарихта
біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақы-
рым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді
бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген.
Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді,
пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық
үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-
тартыстардың өзегіне айналмайды»
63
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет