Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап

Бақылау сұрақтары:
1. КСРО-ның күйреу себептерін неден көреміз?
2. ТМД-ның құрамы мен құрылу себебін түсіндіріңіз.
47
Мұхамедов М. Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін. – Астана: Сарыарқа, 2009.
– 27-б.
48
Қазақстан тарихы: оқу құралы / ред. басқ. т.ғ.д., профессор Б.С. Сайлан. – Алматы, 2012. – 383-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
38
 
ІІ бөлім
ҚАЗАҚСТАН – ҚААЫПТАСҚАН
ТӘУЕАСІЗ МЕМАЕКЕТ
 
 
І тарау
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
 
 
§ 1. Мемлекеттік тәуел сіздіктің
жариялануы мен рәміздердің қабылдануы
 
КСРО сияқты алып империяның күйреуі оның қол астында болып келген басқа респуб-
ликалар сияқты Қазақстанның да тәуелсіздік алуына жол ашты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауды жылдамдатқан факторлар –
Ресейдегі тамыз бүлігі, Беловежье келісімі, КСРО-ның түпкілікті күйреуі болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің жетінші сессия-
сында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жари-
яланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және
ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері
негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азамат-
тары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір
иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің
ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және
мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқы-
қтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәу-
елсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы күштерін құруға
хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талап-
тары жөнінде айтылған
49
. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заң бойынша
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды.
Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол
сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың
тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Ата-баба армандап қанын төккен тәуелсіздікті тарих қазаққа Әлихан Бөкейханов: «Ала-
штың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар», – деп
айтқан кезінен араға бір ғасырға жуық уақыт салып бұйыртыпты. Қазақ халқы азаттық үшін
талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туа-
тынына кәміл сенді. Бүгінгі тәуелсіздіктің біздің қазақ халқына қандай қымбатқа түскенін
қазіргі және болашақ ұрпақ түсініп, оны көздің қарашығындай қорғай білуі керек.
ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде
жарық көрген «Ұлт көшбасшысы. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақала-
49
Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994. – 438-442-6.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
39
сында тәуелсіздік шежіресіндегі үш шешуші тарихи белесті атайды. Бірінші, – деп жазады
автор, – біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу
туралы Жарлыққа қол қою. Сол сәттен бастап қазақстандықтар өздерінің және туындап келе
жатқан егемен Қазақстан мемлекетінің ерік-жігерінің іс-қимыл жасайтынын білдірді. Екінші
белес ретінде Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыға
ортақ Қазақстан президенті сайлауын атайды. Бұл президенттік биліктегі республика пайда-
сына жасалған бірегей тандау болатын. Ал «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық
заңның қабылдануын үшінші белес екенін айта келе, елбасы бұл ұмытылмас тарихи оқиға
болды, біз ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырдық деп жазады. Сондай-ақ мақалада
еліміздің «өзгерістердің ұлы жолынан өткені» айтылады. Халықтың әл-ауқатын арттыру, эко-
номика мен қауіпсіздікті нығайтуды мен әрқашан басты президенттік борышым әрі міндетім
деп білемін
50
, – деп елбасы мақаланы қорытындылайды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа
конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару
органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына
президент пен үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әле-
уметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен боса-
туды Қазақстан президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал
бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комис-
сиялардың қызметіне басшылық ету, әр түрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау кеңе-
стердің қарауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.
Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлы-
британия, Венгрия және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі
аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін 18 мемлекет таныды. 1992 жылдың аяғында елдің
тәуелсіздігін 108 мемлекет танып, олардың 70-імен дипломатиялық қатынастар орнатылады.
Алматыда 19 елдің дипломатиялық өкілдігі ашылды. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық
және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халы-
қаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемен-
дікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісімшар-
ттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар –
елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эко-
номикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал сыр-
тқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын
одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіп-
сіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика
халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңызы
50
Егемен Қазақстан. – 1 желтоқсан. – 2012.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
40
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге
ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйенің орны-
ғуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқа-
рудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұра-
тын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу – қазақстандық
әрбір азаматтың ең қымбатты борышы. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан
өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
Елтаңба, ту, әнұран – әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым – Қаза-
қстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.
Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан
халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен
пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік
билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны.
Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық
өрнекті жолақ. Онда қошқар мүйіз деп аталатын қазақы өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстан-
ның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмір-
дің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Бастапқыда Қаза-
қстан әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди,


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
41
мәтінінің авторлары ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева
болды. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне
бағышталған арманы көрініс тапты. Әнұран – патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені
1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
Ал 2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» кон-
ституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы әнұранның орнына жаңа
әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа әнұраны – жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным»
әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нәжмеденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов.
Жаңа әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев тарапы-
нан толықтырылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы-
ның 2007 жылғы 4 маусымдағы конституциялық заңының 1-бабында мемлекеттік рәміздерге
былайша сипаттама беріледі: «Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік гимн Қаза-
қстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында
ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек
бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгіл-
дір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнелен-
ген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен
сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде бес
бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың,
шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан»
деген жазу – алтын түстес.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
42
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні – осы конституциялық заңда көзделген
жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен мемлекеттік елтаңбасының эталон-
дары Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясында сақталады».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәр-
тібі Қазақстан Республикасының конституциясында, осы конституциялық заңда және Қаза-
қстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Ал 2007 жылы елбасы жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгі-
ленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге
деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.
1992 жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздері елтаңба, әнұран және туды
жасауға конкурс жарияланды. Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тек
әнұранның ғана 750 жобасы келіп түсті. Ұзақ талқылаудан кейін бұрынғы әнұранның әуенін
қалдыру туралы шешім қабылданды. Төрт ақын: М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев
және Ж. Дәрібаева құрастырған әнұран мәтіні 14 жыл бойы қолданылды.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиха-
нов.
Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың мем-
лекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысын мақұлдаған қаулы қабылдады.
1995 жылы Республика президенті Н.Ә. Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола
қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл тарихи шешімнің қабылдануына қала-
ның өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орнала-
суы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын
айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабыл-
данды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-дың заңы
қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты
ашылу рәсімі болып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дәл ортасында жаңа
астанамызды тұрғыздық. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет