Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап

Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстың белгілерін айқындаңыз.
2. 1985 ж. қайта құру саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін көрсетіңіз.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
15
 
§ 2. Қоғамдықсаяси өмір мен ұлт саясатындағы
бұрмалаушылықтар. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
 
1980 жылдары халықтың басым көпшілігінде ұлттық сана-сезімнің даму деңгейі тежелді,
ондаған жылдар бойына жинақталған мәселелерді көруге, оның ақ-қарасын ажыратуға, орта-
лықтан басқарылатын әміршіл-әкімшіл жүйе мүмкіндік бермеді. Өйткені оның әрі қарай
дамуын көптеген жасанды кедергілер тежеп тұрды. Осы жылдары ұлттық ерекшеліктерден гөрі
кеңестік салттар көбірек дәріптеліп, қоғамдық санаға барынша енгізіліп отырды. Кез келген
қоғамның табиғи дамуы, оның ерекшелігі КСРО-да тұратын халықтың ұлттық ерекшелігінде
екендігі, біздің еліміз тек осындай әр түрлілігімен мықты екендігі ескерусіз қалды. Ұлттық
республикаларда өмірге деген көзқарас, оны қабылдау тек еуроцентристік негізде қалыпта-
сты. Сөйтіп, халық арасында ұлты мен тілін, діні мен ділін ұмытуға жағдай жасалды. Адам-
дар арасында ана тілін, ұлттық әдет-ғұрыптарды білмей-ақ адам болам деген сенім туды.
Бұған кеңестік қоғамның бүкіл саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени басқару жүйесі әсер
етті. Нәтижесінде республикада солақай интернационалистердің армиясы пайда болды. Олар
кез келген нәрседен ұлтшылдықтың белгілерін табуға әдеттенді. Бұл психология Орталыққа
тиімді болды, оның тарапынан үнемі қолдау тауып отырды.
Айтып отырған жылдарымызда республиканың өмірінің барлық саласында тоқыраушы-
лық белең алды. Айталық, осы жылдары қазақ халқының тек қана әлеуметтік жағдайы ауыр
болмады, оған қоса халықтың көбі не тарихын дұрыс білмейтін, не ана тілінде дұрыс сөйлей
алмайтын жағдайға жетті. Қазақ тіліндегі газет-журналдар таралымы өспей қойды. Ауыр дертті
сезіп, оны айтқан азаматтар қудаланып, олардың дауысы естілмеді. Ал енді осы қиыншылы-
қтардың барлығы қосыла келе халықтың наразылығын тудырды.
1985 жылы КОКП-ның Орталық комитетінің сәуір пленумы қанша жаңалықпен өткені-
мен, қоғамымыздың ауыр жағдайының себептерін дұрыстап ашық айта да алмады. КОКП-ның
Орталық комитетінің өзінде де жаңашыл топ пен консерваторлар арасындағы күрес шиеленісе
түсті. 1985 жылы сәуір пленумынан кейін де КОКП-ның Орталық комитеті көптеген мәселе-
лерді, әсіресе ұлт, кадр мәселелерін ескіше шешпекші болды. Мысалы, Д.А. Қонаев жолдас өз
сұхбатында былай деп көрсетеді: «Мен қызметтен кетерде Горбачевтен: «Үлкен республика,
көп ұлтты ел, экономикалық потенциалы мол, кадр да жетерлік. Кімді ұсынғалы отырсыз?» –
деп сұрадым. Ол ойланбастан: «Ол мәселені шешуді бізге қалдыр», – деп жауап берді дейді
5
.
Бұл жауаптан Мәскеу арқылы орталықтан басқарылатын өктемшіл өкіметтің әлі де ұлт саяса-
тын шешуде зорлықшыл әрекет танытатындығы анық аңғарылады.
Қайта құру саясаты басталған тұста Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан
басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің
пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы
Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа
созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметі-
нен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.
1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарды. Ол билік басында болған
уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеумет-
тік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1960 жылдың
басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлі-
гін қайта қайтарып алды. 1986 ж.
5
Аяған Б.Г Қайта құруға қадам // Лениншіл жас. – 1990. – 6 қазан.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
16
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993 ж.)
Д. Қонаев Қазақстан басшылығы қызметінен босатылды. Орталықтың әділетсіз саяса-
тына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Жел-
тоқсан оқиғасына ұласты. Д. Қонаев республиканы басқарған ширек ғасырға жуық уақыт
ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін
жақсы білетін, тағылымы терең, ой өрісі биік жан екенін көрсетті.
Мұндай шұғыл шешім радио арқылы 16 желтоқсанда, сағат 15.00-де хабарланды. Сол
күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқармасы мен республика Мемлекет қауіпсіздігі коми-
тетіне (МҚК) жергілікті халық өкілдері арасындағы пленум шешіміне көңіл толмаушы-
лық туралы хабарлар түсті. Қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды. Әсіресе студент және
жұмысшы жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатты. Алайда сол кездің үрдісі бойынша,
жоғарыдағылардың ұсынысын төмендегілердің қабылдамауы мүмкін емес-ті. Көп жылдар
бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамты-
ған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын
келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. 1986-1989 жылдары Колбин Д.А.
Қонаевтың орнына келді. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін
жазалау шараларын күшейтті (қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару,
тағы басқалар).
Г. Колбиннің тағайындалуы туралы ақпараттық хабар. 1986 ж. 17 желтоқсан
1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең сағат 8-де Қазақстан Коммунистік партиясы
Орталық комитетінің алдындағы Л.И. Брежнев атындағы республика алаңына (қазіргі Рес-
публика алаңы) адамдар жинала бастады. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізу-
дегі өктемдігіне наразылық білдірді. Орталық өкілдерінен жергілікті билік органдарымен сана-


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
17
суды, республиканың егемендігін сьшлауды, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз
етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді және т.б.
талап еткен дауыстар естіліп, транспаранттар көтерілді. Митинг бір қалыпты, тәртіппен өтіп
жатты. Наразылықтың көш басында жастар, студенттер, жұмысшылар тұрды және олар Жел-
тоқсан оқиғасының қозғаушы күштері болып табылады.
Ал оқиғаның бұлай саяси ағыс алуы коммунистік билік иелерінің ұғымына мүлдем сый-
майтын еді. Шығармашылықпен ойлап, әрекет етуге үйренбеген, идеологияландырылған аппа-
раттың қатып қалған логикасы оларды митингіні дереу таратып, қалың бұқара құлақтанбай
тұрғанда оқиғаның ізін жауып тастауға итермеледі. Алаңға жиналғандарға партия мен үкі-
мет басшылары танымал адамдарды жіберіп, тәртіпке шақырып, таратпақ болған әрекеттері-
нен нәтиже шықпаған соң үйреншікті әміршіл-әкімшіл әдістеріне басты
6
.
Демонстранттарды қуып таратудың арнайы оперативті жоспары «Құйын-1986» деп
аталды. Операцияны өткізуге 5700 адамнан тұратын Алматы горнизонының күштері мен
құралы тартылды. Мұнан басқа КСРО ІІМ-нің арнайы ішкі әскерлері Фрунзе, Ташкент,
Челябі, Новосибирь, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларынан – барлығы 2169 адам жұмылды-
рылды
7
. «Ығыстыру операциясы» деп аталатын шаралар заңға қайшы, адамшылыққа жат әдіс-
тәсілдерді пайдаланумен әрі ақтаушысы жоқ, мәнсіз қатыгездікпен жүргізілді. Солдаттар мен
милицияның қимылы шабуылды тойтару не қорғаныс мақсатына емес, адамдарды қуалауға
бағытталды. Ұрып-соғудың нәтижесінде қатысушылардың көпшілігінің қабырғасы сынып, іш
құрылысының езіліп кетуі орын алды. 1,7 мыңнан астам адам дене жарақатын алды
8
. Билеуші
топ оларды ұлтшылдыққа ұрынған бұзақылар деп айыптап, қанға бөктірді. 1986 жылы 18 жел-
тоқсанда Қазақ КСР прокурорының орынбасары А.Д. Мызников бастаған тергеушілер тобы
желтоқсан оқиғасына қатысушылардың үстінен қылмыстық іс ашуға қаулы шығарды.
Әсіресе 1987 ж. 5 қаңтарда Қазақ КСР прокуратурасының қазақтың қайсар ұлы Қай-
рат Рысқұлбеков үстінен қозғаған қылмыстық ісі тергеу тобы жүргізген істердің ішіндегі
ең жан-түршігерлік іс еді. Қ. Рысқұлбековке: «Алаңда халық жасақшысы С.А. Савицкийді
ұрып өлтірді», – деп жалған айып тағылды. Ол Савицкийді өлтірмегенін дәлелдеп баққанмен,
жетекке алған қызыл жағалы жендеттер оның жауабына сенбей, ақыры кісі өлтіруші қылмыс-
кер етіп шығарды.
Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1986 ж.)
6
Қозыбаев М.Қ. 1986 жылғы қанды желтоқсан: дақпырт пен шындық. Тарих зердесі. І кітап. – Алматы, 1998. – 299-б.
7
Шаханов М. Желтоқсан эпопеясы. – Алматы, 2011. – 88-91 б.
8
Шаханов М. Желтоқсан эпопеясы. – Алматы, 2011. – 37-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
18
1966 ж. 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында туды. 1973-1983 жылдары
орта мектепте оқыды. 1984-1986 жылдары әскери міндетін абыроймен өтеді. 1986 жылдары
Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. Қазақ КСР-ы Жоғарғы сотының қыл-
мыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 ж. 16 маусымдағы үкі-
мімен Рысқұлбеков ең ауыр жаза өлім жазасы атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері КОКП
Бас хатшысы М.С. Горбачев пен КСРО Жоғарғы кеңесі президумының төрағасы Громыконың
атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбе-
ковтің ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
Бірақ Рысқұлбеков Семей түрмесіне жеткізіліп, 1988 ж. 21 мамырда құпия жағдайда қастан-
дықтан көз жұмды. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемен-
дік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы соты пленумының 1992 ж. 21 ақпандағы шешімімен
толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан оқиғасының қайғылы беттерінің бірі – Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Аса-
нова, С. Мұхамеджанова қазақтың өрімдей жас демократ жігіттері мен қыздарының қаза
болуы.
Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (1964-1986 ж.)
1964 ж. 10 наурызда Алматы облысы Жаркент ауданының Еңбекші ауылында туған.
Желтоқсан оқиғасының (1986) құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жыл-
дары ауылдағы кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында
болды. 1985 ж. Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқ-
санында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне
белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып, ауруханада қайтыс болды. Мәйітін ауы-
лына ІІМ мен МҚК-нің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік
алған соң ғана Е. Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде,
Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
19
Aсaновa Ләззaт Aлтынaйқызы (1970-1986 ж.)
1970 ж. 27 шілдеде Алматы облысы Жаркент ауданы Ақжазық ауылында туды. Желтоқ-
сан оқиғасының (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атындагы музыкалық учи-
лищеге оқуга түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отар-
шылдық және эміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ұсталған 87
адам қатарында Л. Асановаға Қазак КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды.
Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылғанда,
ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған
қарамастан мәйітті Жаркент ауданындағы Ақжазық кентіне ІІМ мен МҚК-нің қызметкерлері
арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде
оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүй-
десі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Л. Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле
бастады.
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970 1986 ж.)
1970 ж. 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында
туды. 1977-1984 жылдары «Ленин жолы» 8 жылдық мектебінде оқып, 1984 ж. Өскемен педаго-
гикалық училищесіне оқуға түсті. 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға аймақтарда да қазақ
жастарының қозғалысына ұласты. Сондай қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық студенттер
21 желтоқсанда Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
20
мүдделерін жеткізбек болған. Бірақ арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қыз-
меткерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға
алынды. Тергеу барысында жастарға ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол
берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, кеңестік қоғамға қарсы шығуды мақ-
сат тұтқан» С. Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небары 16 жастағы қыз мұндай жаланы
көтере алмады. Сәбира тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді.
Желтоқсан көтерілісі басылысымен-ақ жастарды тек түрмеге ғана жабумен емес, ұжым
арасында масқаралап, жастардың ең жоғарғы органы саналған комсомол катарынан шығару
ісі лезде басталды. Осы орайда, 1987 ж. 14 қаңтарда Қазақстан компартиясы ОК-не Алматы
қаласындағы 17-18 желтоқсан күндері барысында ұсталғандар арасында комсомол мүшелері
759 адам болса, комсомол қатарынан қуылғандары 595 адамды құрады. Жігіттер мен қыздар
арасынан 716 сөгіс алды. Бұл жағдай әрбір жергілікті комсомол комитеттері бюроларының
мәжілістерінде жүзеге асты. Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері оқудан қуылды.
Алматыдағы бір ғана Абай атындағы ҚазҰПУ-дан айналдырған 5-10 күннің ішінде 22 студент
оқудан шығарылды
9
.
Желтоқсан көтерілісіне студенттер мен бірге жұмысшы жастардың да қалың қолы қаты-
сты. Жұмысшы жастардың басым бөлігі «Алматы тұрғын үй құрылысы» тресінің «Құры-
лыс-монтаж» басқармасында», «Алматы ауыр машина жасау» зауытында, «Алматы мақта-
мата» комбинатында, «Поршень» зауытында, «Тұрмыстық химия» зауытында, Гагарин атын-
дағы тігін фабрикасында істейтіндер еді. Осы зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін
жігіттер мен қыздар да аз қорлық көрген жоқ. Кейбірі абақтыға жабылып, 5-6 жылға бас
бостандығынан айырылып жатса, кейбірі қудалауға ұшырап, желтоқсан қозғалысы кезінде
соққыға жығылды
10
.
1986 ж. Желтоқсан көтерілісі тек Алматыда ғана емес, аймақтарда да арпалыс туғы-
зды. Бұл кезде митингілер мен шерулер Жезқазғанда, Қарағандыда, Талдықорғанда, Арқалы-
қта, Көкшетауда, Өскеменде, Сарыөзекте, Семейде, Талғарда, Шымкентте және т.б. қалаларда
өтті. Мысалы, Жезқазғанда 19 желтоқсанда педагогикалық және политехникалық институт-
тардың 500ге тарта студенттері Ленин көшесінің бойына шықты. Олардың қолдарында орталы-
қтың әділетсіз ұлт саясатына наразылық білдірген ұрандар болды. Бейбіт шеруге шыққандарға
шабуыл жасалынып, күшпен қуылды. Халық көп жиналатын дүкендер мен кинотеатрлардың
қабырғаларына бір түнде майлы бояумен наразылық ұрандарын жазып шыққан жас кенші
Мұратбек Шекербаев екі жарым жылға сотталып, түрме азабын тартты
11
.
КОКП ОК-нің Қазақстан басшыларын өзгерту жөніндегі алғашқы қадамы Қарағанды-
дан басталды. ЖОО арасында байланыс орнап, сол күнгі кешкі сағат 20.00-де Гагарин атын-
дағы алаңға студент қазақ жастары жиналды. Жиналғандар нақты сұрақ қойып, басшылар
оған жауап таба алмай, дал болған соң Ішкі істер органы қызметкерлерінің көмегіне сүйену
арқылы шешті. Қарағандыда 19-20 желтоқсан күнгі оқиғаға қатысушылардың бәрі де тиісінше
жазаланды. Милицияның қолына түсіп, тізімге іліккендердің жазасыз қалғандары болмады.
Қарағандыдағы оқиғаға қатысқандардың ішінде ресми тізімге 269 адам ілікті. Мұның 206-
сы – студент жастар. Солардың ішінде университеттерден 12, политехникалық институттан 6,
медициналық институттан 28, педагогика институтынан 53, кооператив институтынан 3 сту-
дент оқудан шығарылды. Мәдени-ағарту училищесінің 9, индустриалды-педагогикалық техни-
кумның 2 оқушысы да оқудан қуылды. ЖОО-дағы 59 адамға қатаң сөгіс берілді
12
.
9
Желтоксан-86: сборник документов. – Алматы, 2006. – Книга 8. – С. 95.
10
Қойгелдиев М. Тоталитаризмді тұңғыш рет тітіреткен // Егемен Қазақстан. – 2001. – 17 желтоқсан.
11
Қожамсейітов С. Жезқазған жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруі – жаңа қоғам толғағының көрінісі //
Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. – 2007. – № 1. – 17-б.
12
Өскембаев Қ. Желтоқсан көтерілісі: ұлттық сананың жаңғыру уақыты // Қарағанды мемлекеттік университетінің хабар-
шысы. Тарих сериясы. – 2007. – № 1. – 8-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
21
Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің жаңғырығы Өскемен қаласында да етек алды. Әр
түрлі оқу орындарында оқитын құрылыс-жол, ауыл шаруашылығы, педагогикалық, медицина-
лық, мәдени ағарту училищелері студенттері 21 желтоқсан күні кешкі сағат 18-де Ленин атын-
дағы алаңда жиналып, наразылық митингісін ұйымдастыруды жоспарлады. Аталған мерзімде
алаңға 400-дей жастар жиналды. Осы оқиға бойынша, 12 студент ұсталып, түрмеге қамалды.
Сот үкімімен педагогикалық институттың студенті Ақтанов Ербол екі жылға бас бостанды-
ғынан айырылды. Өскемен педагогикалық училищесінің алты студенті комсомол қатарынан
шығарылды. Нәтижесінде орынсыз қорлау, жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған студент
Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың 5-қаба-
тынан секіріп, мерт болады. 21-22 желтоқсандағы өткен наразылық шараларға қатысқаны үшін
32 жас комсомол қатарынан шығарылса, оның 26-сы оқудан шығарылды
13
. Семей қаласының
автовокзалында, медициналық және малдәрігерлік институттардың жатахқаналарында 21 жел-
тоқсан күні орталық алаңға жиналуға шақырған қолдан жазылған үн-парақтар пайда болды.
Арқалық қаласындағы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы кинотеатр алаңына 80 адам-
нан тұратын жастар тобы жиналып, Қазақстан Компартиясы ОК-і V пленумына және Алматы
қаласындағы оқиғаларға байланысты сұрақтар қойған. Олар түсіндіру жұмысын жүргізу үшін
қалалық партия комитетінің алдына шақырылды. Осы күндері 725 партия мүшесі мен белсен-
ділері кезекшілік атқарды
14
.
Шымкент қаласында технология институтының IV курс студенті Байназаров аудито-
рияларды аралап, Алматы қаласы студенттерінің толқуын қолдауға шақырған. Бірақ ол тез
ұсталған. Сөйтіп, аймақтарда да өз ұлтының тәуелсіздігі үшін арпалысқан жастар қатары
көбейген. Амал нешік қаһарлы қызыл империяның коммунистік саясаты олардың жастығына
қарамай жаппай жазалаумен болды
15
.
Сөйтіп, кеңестік жүйенің құрсауын қақыратуға тырысқан қазақ жастарының бұл
көтерілісі аяусыз басып жанышталды. Шеруге күшпен тойтарыс беруге бұйрық алған құқық
қорғау қызметкерлері өте қатаң әрекет жасады. Ұсталғандарды ұрып-соғу, жартылай жалаңаш
жандарды ақ қар, көк мұзда ұстау, прокурордың санкциясынсыз қамауға алу және тағысын-
тағы заңсыздықтар орын алды. Жастарды алаңнан қуып шығу үшін дубинкалар, сапер күрек-
шелері, қызмет иттері, өрт сөндіргіш машиналар және басқа да техникалар қолданылды.
Желтоқсан көтерілісі ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан Қ. Рысқұлбеков, Т
Тәшенов, Ж. Тайжұманов, Қ. Күзембаев және басқа да қазақтың жас демократтарын таны-
мал етті. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековтің, Мырзағұл Әбдіқұловтың, түрлі
мерзімге кесілген басқа да азаматтардың биік парасаты, ел мен жерге шынайы берілген тұлғалы
жандар екені қазақ еліне мәшһүр болды
16
.
13
Қарасаев Ғ.М. Шығыс Қазақстан: 1986 жыл // Қазақ тарихы. – 2001. – № 6. – 46-б.
14
Желтоксан-86: сборник документов. – Алматы, 2006. – Книга 8. – С. 84.
15
Сайлан Б.С. Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 ж.). – Алматы, 2011.
– 374-б.
16
Әбжанов Х. Тәуелсіздік қарлығашы. һйр:/М^^.ііе.к2/?ра§е_і4=345&1ап§=т


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
22
Желтоқсан көтерілісінің белсенділері – Ж. Тайжұманов, Т. Тәшенов, Қ. Рысқұлбеков,
Қ. Күзембаев сот залында (Алматы, 16 маусым 1987 ж.)
Желтоқсан көтерілісі қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның
шығу, өрбу себебі жүйенің шала дүмбілездігінде, оның империялық, тоталитарлық, казарма-
лық табиғатында жатты
17
.
Желтоқсан көтерілісі бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары
оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия
мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлі-
гінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан боса-
тылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды
18
.
Қорыта айтқанда, жастар, ең алдымен, халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі
үшін күресті. Желтоқсан көтерілісінде қала көшесін кернеп, алаңды толтырған жастар халқы-
ның намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі Қазақстан-
ның егемендігі үшін күрестің бастамасы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет