Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев."Мен қазақпын"



Дата04.07.2018
өлшемі20,37 Kb.
#46859
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев.“Мен - қазақпын” поэмасы

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: .Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақынның қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

2.Дамытушылық: Шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: баяндау,бейнетаспа тамашалау, топтық , ұжымдық, ізденіс, мәнерлеп жатқа оқу,ой қозғау , сұхбаттасу, сұрақ- жауап, мазмұндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Мен - қазақпын» презентация, «Мен - қазақпын» бейнетаспасы, айтыстан үзінді.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың эпиграфы:

«Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.»

Ж. Молдағалиев.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қазақстан Республикасының әнұраны

II. Білімдерін тексеру кезеңі.

1. «Мен - қазақпын» бейнетаспасын тамашалау.

2. Бейнетаспа туралы пікірлесу.

- Бейнетаспа не туралы?

- Бенетаспадағы алаш азаматарын атаңдар.

- Олар туралы не білесіңдер?



III . Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Сабағымыз осындай алаш азаматтарын дүниеге әкелген қазақ халқына арналады. Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының сан ғасырлар бойы басынан өткізген кезеңдеріне тоқталамыз



IV Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. «Мен - қазақпын» презентация.

Ж.Молдағалиев өмірінің жылнамалық кезеңдері.

2. Сұхбат. Ж.Молдағалиевтің шығармашылығы туралы ақын - жазушылардың пікірі:

М. Әлімбаев

«Жұбан өлеңдерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары, бұл ақын әуелден - ақ биік мақсатты, асыл мұратты нысана тұтқан».



С. Шаймерденов

«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз шығармашылығына барынша қатал, жалпы қазақ

әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».

В. Савельев

«Джубан Мулдагалиев всегда учился, всегда воевал за свет и на стороне света, всегда нес в своих строках правду людям - как бы ни была горька эта правда и как бы тяжело она ни давалась ему самому.»



Англия тілшіснің Жұбан Молдағалиев туралы пікірі.

3. Жаңа сөздермен жұмыс.

қаңқалары , «ақтабан шұбырынды»,, зар заман , шапқыншылығы,

қалқан ( Берілген сөздерге синонимдер қарастыру, мағынасын түсіндіру)

4.«Мен қазақпын» поэмасын диктордың айтуында тыңдау.

5. .«Мен қазақпын» поэмасын оқушылар мәнерлеп жатқа оқиды.

6. «Мен қазақпын» поэмасы туралы оқушылар оқиды.

«Мен қазақпын!» поэмасы – халқымыздың сана сезімін оятуға, өз - өзіне құрметпен қарауға, баға жетпес үлес қосты. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупінің нышандары белгі бере бастаған кезде 1963 жылы Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын!» деп жырлады.



IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1. Топпен жұмыс.

1топ- 15-18 ғасыр

2топ- 19 ғасыр

3топ- 20 ғасыр



2. Тарих пәнімен байланыс.

1.Моңғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.

– Жоқ, ондай ел болмайды жер бетінде

Мал соңында құл емей желдейтін не?

Мен – Шыңғыс хан, атыңды өшіремін.

Менмін сені тірідей жерлейтін де!..

2.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары.

«Мен – қазақпын» дедім хан Темірге де.

Жез тырнақша қадалды жебір неме.

Шыңғыс қорқау болғанда, мынау бөрі,

Біреуінен бірі кем елірді ме!?

3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі.

Қан да, көздің жасы да сорықпады.

Күреңітті көлдердің борықтары.

Азан-қазан «Ақ табан шұбырынды»,

Ала топан жоңғардың жорықтары...

4. Ұлы Отан соғысы.

Ту сыртымнан сарт етті қара қанжар,

Қан боп шықты соғыстың шаңы аспанға.

Құлап түсті шекара бағанасы –

Қабырғамдай қираған маған осы.

5.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы



VI.Бекіту кезеңі:

1.«Сыр сандықтағы» сан сұрақ

- Поэманың жанры қандай ?

- Қалай ойлайсыңдар, бұл поэманың басты тақырыбы не?

–Негізгі идеясы қандай?

-Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер?

- «Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?



2.Шығармашылық жұмыс

Сөз тіркестерінің орнын ауыстырып өлең құрастыру.

Мен - қазақпын, айта бергім!

өмірге қайта келдім, мәңгі өлмеске,

биікпін, байтақ елмін, айта бергім келеді,

мен мың да бір тірілдім, қайта тудым,



VII.Үйге тапсырма:

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы..

2. “Мен қазақпын”, «Мен Қазақстанның азаматымын»

тақырыбына эссе жазу.



VIII. Сабақты қорытындылау:

1.Ой толғау:(Әр топ қысқаша өз ойын айтады)

1 топ- «Біз қазақ деген елміз»

2 топ- «Қазақ тілі – рухани негізіміз»

3 топ- «Болашақтағы қазақ елі»



2. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет