Бағалы қағаздар нарығы, біріншілік - бағалы қағаздардың жаңа шығарымдарын орналастыру; бұлардың эмитенттеріне корпорациялар, үкімет, коммуналдық құрылымдар жатады.
Бағалы қағаздар нарығы, екіншілік - бұрынғы шығарылған қағаздардың сатып алу сату келісімдері; бағалы қағаздардың айналымы.
Бағалық емес бәсеке - бәсекелес фирмалар өздерінің өнімдерін сату бағасының өзгеруінен басқа әдістерді қолданады.
Бағаның деңгейі - тауарлар мен қызметтер үшін төленетін орташа анықталған өлшем. Баланс иелену құралдарының (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін, есеп беру формасы.
Баланстық пайда - материалдық шығындардың, амортизацияның және жалақының сомасымен және өнімді сатудан келген ақшалай түсімнің айырмасы.
Банк - ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт.