Байланысты: бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
4. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандыру әдістері. Тәуекелдің әртүрлілігі мен оны бағалау әдістері қаншалықты кғп түрлі болса, одан қорғану әдістерінің саны да үлкен.
Тәуекелді азайтудың негізгі әдістері:
қосымша жұмыс көші, нарық туралы ақпарат, жеткілікті қаржы құралдары бар кәсіпорындар қатарынан әріптестер іздеу;
тәуекел ең ықтимал болатын тар аумақтағы сыртқы кеңесші-сарапшылардың қызмет көрсетулері;
қосалқы мәселелерді жоба алдында мұқият пысықтау;
осы өнімге немесе қызмет көрсетулерге сұранымның, нарық конъюнктурасының даму бет алысын болжау;
тәуекел ықтималдығын болжау, кәсіпорын мүмкіндіктерін салауатты бағалау, бағдарламаның жүзеге асуының балалмалы нұсқаларын жасау;
тәуекелді жобаның қатысушылары, оны орындаушылар арасында болу;
болжанбаған шығындардың орнын толтыруға, өзін өзі сақтандыру үшін арнайы резервтік (сақтық) қор жасау.