Қазақстан ғарышкерлік дамуының басынан бастап ғарыш кеңістігін игерумен тарихи байланысты болды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылы ұшырылғаны белгілі
Байланысты: Мәтін 8-сынып қазақ тілі 2-тоқсан БЖБ (1)
Қазақстан ғарышкерлік дамуының басынан бастап ғарыш кеңістігін игерумен тарихи байланысты болды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылы ұшырылғаны белгілі. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин де 1961 жылы «Восток» ғарыш кемесімен қазақ даласынан ғарышқа аттанды.
Бұл бірегей оқиғалар – ХХ ғасырдың ең үлкен жетістігі. Кейіннен АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Италия сияқты елдер де өз азаматтарын ғарышқа ұшыра бастады. 70-жылдардың басында бұл қатарға Жапония, Қытай, Нидерланд, Испания және басқа елдер қосылды. Қазіргі таңда әлемнің 200-ден астам елі ғарыш қызметімен айналысады. Олардың көпшілігінде өздерінің ғылыми және қолданбалы маңызға ие жасанды серіктері бар.
Биыл – отандық ғарыш ғылымы және бүкіл Қазақстан үшін айтулы жыл. Нақты айтқанда, 2021 жылғы 12 сәуірде әлем жұртшылығы адамзаттың ғарышқа ұшуына 60 жыл толғанын атап өтті. Бұл оқиға басқарылатын космонавтиканың әлемдік символы болды.
Осы уақыт аралығында 570-ке жуық ғарышкер-зерттеуші ғарышта болған екен. Ал олардың 150-ден астамы ғарышқа қазақ жерінен ұшып, «Байқоңырда» ғарышкер мәртебесін алды.
Қазақстанда басқарылатын кешендердегі ғарыштық зерттеулер қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтің ұшуымен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда, аталған зерттеулер 1991 жылы «Қазақстан-Ғарыш» нысаналы кешенді ғылыми бағдарламасы аясында серпінді дами бастады.