Қазақстан ғылымы дамуының келешегі


ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ?



бет4/5
Дата26.02.2022
өлшемі30,12 Kb.
#133431
1   2   3   4   5
Байланысты:
Имангалиева Айнур С-20-1 3так жоспар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ?
Елімізде қабылданған осындай бағдарламалар мен басшылықтың сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде мынадай ғылым салалары дамып, қазақ ғылымының жетістігі ретінде бағалануда:

– «Парасат» ғылыми-техникалық орталығы» АҚ тау-кен және металлургия саласы бағдарлама негізінде «отқа төзімді және сапасы төмен шикізаттарды өңдеу мен байыту технологиясымен» ең алғаш демеркуризациялы өңделген көмірден вакуумда алтын өндіру, бөліп алу үшін үздіксіз әсер етуші құралдар мен технология әзірледі;


– Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты ҚР Минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеудің Ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Минералды-шикізат ресурстары мен түрлі-түсті металлургияның техногенді қалдықтарын тиімді пайдаланып, отандық өндіріске қажетті өнім алу» бағдарламасы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді;


– Іргелі ғылымдар бағдарламасы бойынша емдік дәрі-дәрмек жасауда «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ «Өсімдіктер және олардың синтетикалық баламаларының жаңа биологиялық белсенді қосылысы» тақырыбында алғаш рет бірегей дәрілік заттар алуды қолға алғаны еліміз үшін мақтан тұтарлық жаңалық

– Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамыту бағдарламасы бойынша энергетика саласында жер бетін атмо-геохимикалық түсіруде оның геологиялық ортадағы техногендік өзгерістерінің әдістемесі мен модельдік бағдарламасы әзірленді.


Алғаш рет Қазақстанда радон 222Rn изотопынан дозалық жүктемесі анықталып, қазақ ғалымдары оны алудың әдістемелік нұсқаулығын әзірлегенін де ауыз толтырып айтуға болады.


Бұнымен қоса ауыл шаруашылық, медицина салалары бойынша елімізде ірі-ірі жетістіктер орын алғандығы көз қуантады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет