Қазақстан ғылымы дамуының келешегі


ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



бет2/5
Дата26.02.2022
өлшемі30,12 Kb.
#133431
1   2   3   4   5
Байланысты:
Имангалиева Айнур С-20-1 3так жоспар

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Рас, отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себеп – қаржыландыру жүйесі мен ғылымды басқару мәселелері. Маңыздысы – ғылымның елге, өнеркәсіптің дамуына қосатын үлесі, әкелер пайдасы. Бұл ретте біз әлемде 61-орындамыз. Бұл көрсеткіш дамыған елдер деңгейінен 24 есе төмен дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым дамуының әлсіз тұстарының бірі – ғылым, білім және өндірістің нашар байланысы деп көрсетілген. Ғылым-білімнің дамуында ғалымдар саны мен сапасы да басымдыққа ие. Осы ретте статистикаға сүйенсек, елімізде 1 млн халыққа 662 ғалымнан келеді, бұл Ресейге қарағанда (2 852) 4,3 есе, Беларуське қарағанда (1 805) 2,7 есе және АҚШ-қа қарағанда (4 256) 6,4 есе аз.

Отандық ғылымның қарыштауына тағы бір кедергі – ҚР жоғары білім беру жүйесінде ғылыми қызметкерлерді еңбекке ынталандыру деңгейінің төмендігі. Ғылымды ақшамен бағалауға болмайтындығы белгілі. Яғни, бір ғалымға белгілі қаржы ұсынып, «жаңалық ойлап тап» деп тапсырма беру нәтиже бермейді. Дегенмен, бүгінгі нарық заманында болашақтың іргетасын қалаушыларға алаңсыз ғылыммен айналысуға жағдай жасалуы тиіс.


Өркениеті озық елдерде ғалымдар ең жоғарғы зиялы топ өкілдері ретінде бағаланады. Соған сай олардың еңбектерін жеткілікті дәрежеде бағалап, өздеріне де құрмет көрсетіледі. Мемлекеттің ғылымға деген көзқарасы оның жалпы ішкі өнімінің ғылымды дамытуға бөлінетін қаражатының пайыздық деңгейімен өлшенеді. Ғылымға ең көп қаржы бөлетін Израиль – 4,6%, Швеция – 4%, Жапония – 3,4%, АҚШ – 2,7%, Германия – 2,5%. Ал, көрші Ресейде – 1,25% болса, Қазақстанда бар болғаны 0,12% деп көрсетеді статистикалық мәліметтер. Бүгінгі таңда ғылыми қызметкерлердің айлық жалақысы төмен. Тіпті, ашқан жаңалықтарын ғылыми айналымға енгізу де оңайға соқпайды. Халықаралық академиялық кеңестің мәліметі бойынша мемлекеттің ғылым саласына бөлетін қаражаты 1,5 пайыздан артық болған жағдайда ғана ғылым дамиды. Сандарды сөйлетіп, пайыздық мөлшерге салатын болсақ, отандық ғылым саласының «әттеген-ай» тұстары ап-анық шыға қалады. Бірақ, бұл тұралап қалу емес.


Отандық ғылым бүгінгі күні дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде ғылымды қаржыландыру жеті есеге дейін ұлғайғандығы, бизнес тарапынан ғылыми қызметті бірлесіп қаржыландыру үлесінің артқандығы қуантады. Бизнестің ғылымға қосқан үлесі 3 жыл ішінде 4,8 млрд теңгені құрады. Жыл сайын елімізде ғалымдардың еңбегін қолдау, жас ғалымдарды ғылым саласына тарту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры дарынды жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларға қаржы бөліп, конкурстар, форумдар ұйымдастырады. Бұндай маңызды шараларға шетелден қатысушылар да шақыртылып, ел дарындыларының тәжірибе алмасуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, бұрын ғылыми жобаларға конкурстар үш жылда бір рет өткізілетін. Егер ғалым грант ала алмаса, келесі мүмкіндік тек үш жылдан кейін ғана беріледі. Соның салдарынан көптеген білікті ғалымдар ғылым айдынынан алыстап кету мүмкіндігі жоғары болатын. «Енді конкурстар жыл сайын өткізіледі» деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде бөліскен жазбасында. Бұл да ғылым мен техникаға ұмтылған қазіргі кезеңде алға басушылықтың бір көрінісі. Сонымен қатар, Ғылыми комитеті ашық түрде қызмет ететін болды. Бұған дейін ол жасырын дауыс беру арқылы қаржыландыру туралы шешім қабылдаса, енді нақты критерийлермен, балл қоюмен ашық дауыс беру енгізілді. Және бірлескен отырыстардың көрсетілімі жүргізіледі. Бұл қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарауды арттыратындығы сөзсіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет