Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет14/22
Дата04.11.2016
өлшемі5,72 Mb.
#228
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Бекіту сұрақтары:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы неден көрінді?

2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғының түпкі саяси мәні не?

3.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы бойынша қазақ даласы қандай әкімшілік аймақтарға бөлінді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Лекция №16-17 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж)
Негізгі ұғымдар: Қоқан билеушілері, халық көтерілісі, ұлт-азаттық қозғалыс, сұлтандар басқарған көтеріліс, ұрпақтар сабақтасығы,патша реформасы.
Мақсаты: Ғасырларға созылған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызымен сабақтастығын дәлелдеу.
Жоспар:

1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.

4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)

5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.)

Лекция

1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары. Біздің Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына және патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық — бұдан соңғы кетерілістердің бір қатарына ортақ сипат. Мөселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға, шабуылдап, орт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жаланаш қолмен от кесегендей бодды. Рас, хандыққа таласьш, халык толқынысын, котеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бүрып әкетушілер де жоқ емес.

Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХГХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қаратай Нұралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң, ел жақсыларының қалауы соған түсті. Ол женінде тарихшы А.Ф.Рязанов "Қазақ халқының қырық жылдық ұлт-азаттық күресі" (1926 жыл, Қызылорда) атты кітабында: "Бұл ектем әрі өте қатал адам еді, оны Россияның "қолжаулығы" етіп, басшылықтың талабын бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың тәуелсіз, күшті басқарушысына айнальш, Россиядан бөлініп кетуі мүмкін екендігінен кауіптенді" деп жазады. Сейтіп, патша үкіметі ел жақсыларының тілегін ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп жыл түрған, кейінгі кызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.

1806 жылы Қаратай Нұралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді. Олар күтпеген қарсылыққа үшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетін де жасап корді. Оған да кенбеген сұлтанды ұстауға 1807 жылы 3 артиллерия қаруы, 1500 адамы бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штабс-капитан Ешпанешниковтың т.б. жазалаушы отрядтары аттандырылды. Кетеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820 жылдардың басына дейін созылды.



Іле қазақ даласыңда 1826-1838 жылдар аралығында Қайып-Ғали Есімов бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив деректерінде оның да ел ішінде ықпалды сұлтан болғаны айтылады. Қайып-Ғали екі рет тұтқындалып, алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал екінші жолы ез жақтастарының кемегімен түрмеден қашып шыққан. Оны ұстап, кетерілісті басуға 1828 жылы подполковник Биязновтың, бір жылдан соң 520 адамдық әскері бар атаман Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп елтіру, алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері де ойластырылды. Алайда бұл ерекеттердің бәрі нәтижесіз аяқталып, жазалаушы отряд көбінесе бейбіт ауыл-дарды шауып, тонап қайтып жүрді. Есесіне көтерілісшілер де хан-сұлтандар ауылына, бекініс-қамалдарға шабуыл үйымдастырды. Арада тілегін орындамаған Хиуа хандығымен де араздасып, Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке үмтылды. 1838 жылы Исатай мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше жүздігі, Орал казак полкі, 50 жаяу солдаты, екі зеңбірегі жоне хан жасағы бар патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.

XIX ғасырдың басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа, Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері өріс алды. Оның бірі 1820 жыддары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен Түркістан, Шымкент, Сайрам және Әулиеата оңірінде басталды. Ұзын саны 12 мыңға жеткен көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны басуға Омар хан үлкен жасақ жонелткен. Екіге болініп, Сайрам мен Шымкентке бекінген көтерілісшілер табан тірескен ұрыстан соң күші сарқылып, амалсыз тізе бүкті.

Дәл осы кезеңде Жаңа Елек ауданы маңындағы шүйгінді жайылымдарын патша отаршыддары тартып алған табын руы қару асынып, атқа мінді. Батыр Жоламан Тленшиевтің соңынан ерген бұл котерілісшілер де шекаралық аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Кетеріліс, әсіресе 1835 жылы кең қанат жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақатығысқан Жоламан батыр өз жерінен ығыстырылып, ақыры үш жүзді түгел қамтыған Кенесары қозғалысына аттанды.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)

Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясаты мен ортаазиялық хандықтардың басқыншылығына қарсы халық бұқарасының наразылығы Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған көтеріліске ұласқанға дейін-ақ біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30 жылдарда ол жергілікті жерлерді қамтып, тез өшкен жалын іспеттес түрде ғана болғанымен, онда жақындап келе жатқан дауылдың да белгілері байқалғанды. Кенесары Қасымов көтерілісінің алғашқы хабаршысы – XIX ғасырдың 20-30 жылдары болған Саржан Қасымов қозғалысы еді.

Ғұбайдолланың тұтқындалуы мен қозғалыстың әлсіреуіне әкелген операцияның нәтижесіне қанағаттанған генерал-губернатор, ерекше көзге түскен атаман Чернецкийді, урядниктер Солонников, Некрасов, Найдинді және жүзбасы Карбышевтерді мадақтаған болатын. Кейін қаталдығымен көрінген полковник Карбышев Саржан Қасымовтың көтерілісін, Кенесары ханның қозғалысын басуда белсенді роль атқарды. Патша реформасына наразылық ретінде басталып, оған қарсылық білдірген Қасым төрені басу үшін жасалған әскери күштеу шаралары Ғұбайдолла сұлтан бастаған жаппай қозғалысқа әкелді. Қозғалысты ұйымдастырудағы оның ағаттығы, саяси жағдайдың кереғары, қоғамның екі қарама-қарсы топқа бөлінуі қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты.

Алайда күштеу әдісімен жарғыны орындауды жалғастыру, белгілі Шыңғыс ұрпақтарының наразылығын елемеу жекелеген қарсылық білдірген күштердің Саржан Қасымов бастаған қозғалысқа бірігуді жылдамдатты.

Алыстағы Сібір қалаларының біріне Ғұбайдолланың жер аударылуы Орта жүзге тараған қозғалысты тоқтата алмады. Қасым төре ұлдарының бірі Саржан сұлтанның қарауындағы Қарпық болысының Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқу бір мезгілде күш жинай бастады. Ақыры 1825 жылдың көктемінде Орталық Қазақстанда үкіметке қарсы толқулар басталды. Жүзбасы Карбышевтің генерал П.М.Капцевичке берген мәліметтерінде Саржан Қасымов далалық жердегі ерекше зорлық-зомбылығымен сипатталады. Көтерілістің басталуына себеп болған 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуі еді. Кіші жүзді түгел дерлік бодандыққа бағыныдырып билеп-төстеген патша әкімшілігінің өктемділігі енді Арқа қазақтарына жүргізіліп, байырғы тұрғындарды атамекенінен ығыстырып, орнына қаптатып казак-орыстарды қоныстандыра бастады. Бекіністер желісін Орта жүз жеріне дендей тартып, қазақ қырын айқұш-ұйқыш шаншып тастауға тырысты.

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс. Наразылықты қарт сұлтан Қасым төре білдірді. Ол Сібір генерал-губернаторы Капцевичке хат жолдап, дуандар мен бекіністерді жойып қазақ қырынан орыс әскерлерін алып кетуді талап етті. Талап орындалмаған жағдайда шарасынан асып-төгілгелі тұрған халықтың ашу-ызысы неге соқтыратынын ескертті. Ескертпеге құлақ асудың орнына патша өкіметі қырға әскерлерін үсті-үстіне төгіп, Ақмола жүйесіндегі бекіністер желісін үш жүз шақырымға созып, Ақтау қорғанын сала бастады. Сөйтіп қонысынан қуылып, өрісінен айырылған елдің бас көтермеске лажы қалмады.

1824 жылы әуелі Көкшетау мен Қарқаралы дуандарының орнауына қарсы өздігінен бас көтерген халық бұқарасын Қасымның үлкен ұлы Саржан сұлтан басқарды. Ереуіл атқа ер салған елді басқаруға оның інілері Есенгелді мен Кенесары да белсене қатысты. Көтерісшілер қатары күн асқан сайын артып, тың толқынмен толықты. Сөйтіп патша әкімшілігінің үрейін ұшыруға айналды. Көтерілісшілер санының көбеюі Қарқаралы дуанына ұлықтардың Омбыдан дереу қарулы жасақ шығаруына мәжбүр етті. Осы тұста Қоқан хандығының билеушілері қазақтарды әлсірету үшін рулар арасында араздық саясатын жүргізді. Бұл саясаттың мақсаты – қазақтарды әлсіретіп, өзінің билігін күшейту еді. Ең алдымен олар Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды Ресейге бағынған қазақтармен араздастырды. Ақмешіттің, Түркістанның, Әулиеатаның бектері Ресейге қарасты қазақтарға қарсы барымта мен шапқыншылықты алғашқы ұйымдастырушылар болды. Осыған байланысты қазақ арасында хандық үкімет жойылғаннан кейін, Абылай хан әулетінің ұрпақтары 1822 жылы айырылып қалған өздерінің билігін агрессиялық Қоқан хандығының көмегімен қайта қалпына келтіруге тырысты. Мысалға, Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін Уәли ханның баласы, Кенесарының ағасы Саржан Қасымов Ташкент күшбегінің Орта жүздің қазақтарын басып алуына көмектеседі. Саржан Қасымовтың тікелей қатысуымен Қоқан үкіметі Бетпақ даланың Солтүстік жағындағы Сарысу өзенінің тұсында екі бекініс салды: біріншісі Қаражар шатқалында, екіншісі біріншісінен 120 шақырым жердегі Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы Төртқұлақ шатқалында.1825 жылы Саржан Орта жүздің Көкшетау, Ұлытау өңірінде орыс үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасады. Ол Ресейден бөлініп шығып, Қазақ хандығын қалпына келтіруге тырысты. Саржанның Ежен хан үкіметімен байланыс жасау қимылы сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілерді жаныштау үшін П.М.Капцевичтің жеке бұйрығы бойынша Қарпық болысына бағытталған 200 казактан тұратын жазалаушы отряд артиллериямен күшейтіліп, Саржан батырдың сарбаздарымен күреске шықты. Екі жақта шығынға ұшырады Бірінші табысымен қуанған П.М.Капцевич өз басшылығына “бұлікшілерді жойғандығын хабарлайды”.

1826 жылы 31 қаңтарда болған бірінші ашық қақтығыс Саржан сұлтанның әскери жеңілісімен аяқталып, оның жақтастары тұтқынға алынып Омбыдағы әскери сотқа берілді. Аңдушылардан құтылған сұлтан көптеген ауылымен Орынборға бағытына көшіп, қысты Троицк қаласы маңындағы Кидел-Қыпшақ болысында өткізді.

Алғашында осы аймақтағы Кіші жүздің соңғы ханы Арынғазының тұтқындалып, Калуга қаласына жер аударылуынан үкіметке қарсы көңіл күйді өршіту мақсатымен байланысты көтерілісшілердің жер-жерге орналасуы өзгерді, яғни Кіші жүз ауылдарында “Орынбор қырғыздарының жарғысын” енгізуді алға қойды. Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторы Саржан сұлтанды далалық жердегі тәртіпсіздіктің негізгі айыпкері ретінде қарастырды. Көтерілісшілердің этникалық құрамы әртүрлі сипат алды. Қозғалыс қамтыған аудандағы орыстар, татарлар және т.б. халықтар Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхар әмірлігінің мүшелерімен араласты.

1825 жылы ақпанда Саржан сұлтанның ауылынан жүзбасы Карбышевтің Ертіс округінің шаруасы Федор Серебрянниковтің атындағы паспортты тауып алуы Сібір линиясы казак әскерлерінің канцеляриясын таң қалдырды. Сұлтанның қонысынан табылған құжат жағдайын анықтау үшін төлқұжат Пермь азаматтық губернаторлығына жіберілді.

Жарғының VI тарауына сәйкес тәртіпсіздік үшін жауапкершілік сұлтандарға жүктелгенмен, 1826 жылы жаз бойы Саржан отрядының белсенді қимылдары әлсіремеді, керісінше жаңа болыстарға ықпалын тигізді [385, с 247]. Көптеген сұлтандар округтық приказдың алғашқы құрамын талқандаудағы саяси талаптармен шектелмей, отарлық әкімшілікке адалдық сақталған ауылдарға қатысты қауіпті қоспағанда, қаруланған көп адамды партияны ұйымдастырды. Қарқаралы приказына жақындап, артынан болыстарды ертіп, өзінің адамдарын көрші ауылдарға, әсіресе Көкшетау округіне жіберіп, өздерінше бағындырған заң билігіне мойынсұнбауды сұлтандарға үйреткен Саржан батыр сарбаздарының бірінде болған сұлтан Абылай Ғаббасов ымыраласпайтындығымен ерекшеленді. Қарқаралы округінің көптеген бөлігінің тұрғындары Саржан батырдың “жағында жасырынды”.

Көкшетау округіндегі қозғалысты сұлтан Сартай Шыңғысов басқарды. Абылай ханды құрмет тұтқан Қарауыл болысын билеген және қазақ жерлерін біріктіруге тырысқан Сартай Шыңғысов Саржан басқарған билікке толығымен кірген Ғұбайдолламен өзінің әрекетін байланыстырды. Халық қарсылығының одан әрі күшеюінен қауіптенген Омбы облысының бастығы да Сент Лоран 1825 жылы 4 қыркүйекте Қарқаралы округінің әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевқа “құпия түрде Саржан, Ғұбайдолла, Сартай сұлтандарды” іздеп, тұтқындауды міндеттейді. Жеңе алмайтын кедергілер жағдайында Карбышевке олардың бірі Саржан Қасымовты ұстау керек болды. Карбышев қарамағына көтерілісшілерге қарсы шыққан 200 казактан басқа 150 казак келіп қосылды. Сұлтандарды тұтқындаған жағдайда Омбыдағы әскери сотқа 1822 жылғы Жарғыда көрсетілген мемлекетке сатқындық жасау туралы баппен жеткізу қажет болды.

Бұл кезде Сарыарқаның ортасындағы барлық рулар көтерілісшілер қатарын толықтырды. Осы аймақтағы қазақ күштерін біріктіріп Саржан Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы даланың бытыраңқы күштерін патша отаршылдарына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент күшбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл Ұлы жүз қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген күшбегінің мүддесіне сай емес еді. Осы кезде туған келіспеушіліктің нәтижесінде Ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан оның інілері Ержан мен Есенгелді және үлкен ұлы Әлжанды айуандықпен өлтірді.

Саржанның өлтірілуі туралы Батыс-Сібір басқарушысы полковник Толызын Орынбор әскери губернаторына берген мәлімдемесінде былай деп жазады: «Омбыда болған Курчин деген елші, "Қоқан ханы мұның иелігіндегі жерлерде көшіп-қонып жүрген Саржанның іс-әрекеттері Ташкенттіктерді де еліктіріп әкетуінен қауіптеніп, оның інілері мен баласын өткен жазда Ташкент қаласында өлтіріп тастағанын" мақұлдап растап отыр».

Патша өкіметі Саржан Қасымовтың өліміне үлкен мән берді. Онымен бірге болған қазақтардың өлімі қазақ-қоқан қатынасында терең сызат қалдырып, ұлт-азаттық күрестің одан әрі өрістеуіне әсерін тигізді. Қоқан билеушілерінің екі жүзділігі мен зұлымдығы, көтеріліс басшысын торға түсіріп, өмірін жоюы, ақырында қарсылықтың қоқандық билікке бағыт алуына әкелді. Әсіресе бұл Кенесары Қасымовтың Ташкент билеушісіне кектенуінен көрініс табады.



4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі. (1836-1837 жж). Көтерілістің себептері. XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт қиратылды. Астрахан губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылысты қайта кұрудың «аристокра-тиялық-өркениетті» жоспарларын ойластырып оралды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ коғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын, өзінше бір «сауатты» аймақтық хандық кұруды ойластырды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әзір емес еді.

Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет атқаратын ірі және орташа жергілікті шонжарлар бөлігіне біржақты сүйене отырып, хан билігі зор табанды-лықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық-қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп соқты. Осының салдары ретінде ол шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжымдардың экономика-лық әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.

Осындай жағдайда қазақтың малшышаруалар бұқарасының көтерілісі болып, ол әсіресе 1836-37 жылдарда хандықты мықтап дүр сілкіндірді. Халық-азаттық козғалысы бастапқыда хандыктың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, бай жайылымдық алаптар еді. Олар кінәз Юсупов пен граф Безбородко-ның иеліктері болатын. Негізінен жерсіз және жері аз көшпелі қауымдар, өмір арнасынан шығып қалып, канағаттанарлық жалгерлік жағдайында жайылым алуға немесе балық кәсіпшіліктеріне жұмысшы болып жалдануға үміттенген қауым мүшелері сол жерлерге ағылды. Уақыт өте келе, бұл жердегі халықтың тығыз болып, ал «қазыналық» басқарушылар үстіне хан агенттері мен салық жинаушылары билігінің тонаушы-лық сипат алғаны сонша, бұл учаскедегі жердің тарлығы мен алым-салықтың хандықтың басқа аудан-дарына қарағанда ерекше көптігі күрделі шиеленісті туғызды. Аталған иеленушілердің жерлеріне ғана (шамамен 300 мың десятина) 30-жылдардың орта шенінде орда халқының үштен бірінен астамы, 7 мыңға жуық шаңырақ көшіп барды. Қысқа қарай мұнда көп мал айдап әкелініп, олардың саны 200 мыңдай жылқыға және жарты миллионнан астам қойға жетті, бұлардың көбі бай сұлтандар мен билердің малы еді.

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған азаттық күресі өз дамуында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең 1833-36 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең, көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып (1837 жылдың басы), олар жеңіліске ұшырауына - 1837 жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады.Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатаймен Махамбет бастаған тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқсанның орта шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілденің орта шені) кезеңімен аяқталады.



Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен басқаруына наразылығы тез өрістеді. Оның тұтануына Жәңгірдің 1833 жылы кайын атасы Карауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды. Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік жұрт өздерінің мүдделері мен ауыл қауымдарының еркін мүлдем елемегендік және өздеріне қыр көрсетушілік деп санады. Жұрт Қарауылқожаны карапайым көшпелілерді қатыгездік-пен қанаушы ретінде, ірі өсімқор-саудагер және күш қолданып басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және жан сала уағыздаушылардың әрі орындаушылардың бірі ретінде де белгілі болатын. Халықтың орныққан көзкарасы бойынша, шыққантегі қожа болғандықтан, оның қазақ руларын басқаруға құқықсыз жағдайының да мәні болды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да, одан кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар аудармады. Ашынған халық бұқарасы ханға ашық карсы қозғалыс бастады.

Оңтүстікте көшіп жүрген беріш руының ауылдары коғамдық ашуыза мен козғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тайманов баскаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның халық бұқарасын басқарудан зортәжірибесі бар еді, ерлігімен және батылдығымен ерекше көзге түсті, әскербасылық касиеттері болды. Оған әуел-бастан-ақ жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісов қосылды, ол сол уақытка қарай-ақ халық арасында шешендігімен, өр мінезімен және терең ойлылығымен ғана емес, сонымен қатар қатардағы көшпелілердің мүдделерін қорғауымен де мәлім болып үлгірген еді. Сөйтіп хандықтың оңтүстігіндегі азаттық козғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті екі қайраткер - Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе қосты.

Хандықтың оңтүстігіндегі жағдай хан режиміне және оның сыртында тұрған отаршылдық өкімет орындары үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды. Оқиғалардың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір хан «тойдырып алып, таспа алу» саясатын колданды. Ол Исатай мен Махамбетке сый-сыяпат көрсетуге тырысады, оларды хан сарайы жаныңдағы маңызды жиналыстар мен съездерге шақырып, хан ордасына патша шенеуніктері келген кезде солармен таныстырады. Бір кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және Жәңгір оны өз нөкерлері құрамында Петербургке император сарайына ертіп бармақшы да болады. 1834 жылы Махамбет Өтемісов старшын болып тағайындалады.

Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысқан барлық әрекеттері калағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңіл күйі барған сайын айқындалып, тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-ашық кудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті. Ол Махамбет Өтемісовті тұтқынға алғызды. Ол «хан иеліктерінен кетуге» және Жайықтың сол жағасына өтуге «үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін» 1829 жылғы 15 шілдеден 1830 жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік жасалды. Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Карауылқожа Бабажановтың тағайындалуы, бірінші кезекте, Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей, «бетімен кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық-

тан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалған еді. Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдына Исатайды беріш руын басқарушы кызметінен «тайдыру» туралы және оның өзі мен оған ниеттес ауылдарды кұнарсыз жайылымдық учаскелерге көшіру туралы мәселе қоюдан бастады. Соымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай Таймановты, Махамбет Өтемісовті және олардың басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы «бұлікшілдікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін».

1833 жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны жакындай түсті; жол бойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаушылары мен хабаршылары жосып жүрді; жиындар мен кеңестер өткізіліп, ауылдардың төңірегінде хан қолшоқпарларының жасалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері құрылды. Азаттық козғалысының осы «жергілікті» кезеңіне мынадай белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп, олардың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан топтарының саясатына қарсы бағытталған козғалыска барған сайын жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Күштер топтастырылып, бір тұтас ұйымға біріктірілетін карулы жасақтар кұрылып жатты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде 1836 жылдың мамырында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті «өте зиянды» адамдар деп сипаттап, оларды ұстап алуды және «Ордадан біржола аластауды» сұрады." Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көрінеу көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет халық жиындарының бірінде ханның катысуынсыз және оған жалтақтамай, дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері кұрылды. Көрінеу күші басым, жақсы каруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және оларменкездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты. Алайда олар жазалаушылардың қуғынынан көп ұзап кете алмады.

15 қараша күні таң алдында 2 мың солдат пен хаң адамдарынан тұратын Геке отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабы ауданында қысқа уақытқа созылған бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. ¥сақ топтарға бөлініп, олар әр түрлі бағыттарға бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды кайта жинауға жасаған әрекеттері табысқа жетпеді. Бұдан кейін жазалау отрядтарының іс-қимылы көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын тобын жоюға бағытталды, бірақ аумағы жағынан жердің шектеулілігін шебер пайдаланған олар жауға шеткі топтарымен ұсақ кақтығыстар жасай отырып, өздерінің ізіне түскен отрядтармен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.

Ханға және бай-сұлтан шонжарларға қарсы тегеурінді күрес жүргізуден үмітүзген Исатай мен Махамбет бостандық жолындағы күрестегі еңтабанды сарбаздарының шағын тобымен бірге Жайықтың арғы бетіне өту мүмкіндігінің жолдарын іздестіруді ұйғарды. Жайықтың екі жағына қойылған әскери тосындардың тығыз желісіне қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14 желтоқсанына қараған аязды да боранды түнінде Жаманқала форпосты тубінен өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далаға сіңіп үлгірді.

Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аякталды. Бірақ ол Жайықтың сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған аттөбеліндей кетерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Исатай мен Махамбет мұндада патша өкіметінің және жергілікті феодалдардың жазалау отрядтарымен шешуші шайқас үшін күштерді шоғырландыру жөніндегі қызметін өрістетті. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші-сұлтан Айшуақов пен оның жақтастарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш туғызған көтерілісші ірі отряд құрып алды. Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз аумағындағы Исатай Таймановтың козғалысын басып-жаныштау үшін дала өңіріне жаңа отрядтарды жіберген үстіне жіберіп жатты.

1838 жылғы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда саны 500 жігіт болатын негізгі тобы Ақбұлақ және Киыл өзендері арасындағы ауданда под-полковник Геке баскарған біріккен ірі жазалау отрядымен түйісті. Болған ұрыста көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанкиярлық көрсетті, бірақ күш мүлде тең емес еді, көтерілісшілер талқандалып, олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.

Халық бұқарасының 1833-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып кетті, дегенмен бұл оның әлеуметтік-экономикалык себептерінде айқындаушы жәйіт болып қала берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет