37
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
отырып, балаларды қорғау жүйелері және мектептерде тұрмыстық
зорлық-зомбылық байқалған отбасылар мен осындай отба-
сыларда тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу үшін
әзірленген бағдарламалардың болуы аса маңызды. Араласудың
осындай бағдарламалары отбасыларындағы зорлық-зомбылық
пен отбасыларындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық
деңгейін азайту үшін ғана емес, отбасындағы зорлық-зомбылық
жағдайында өмір сүріп жатқан балаларды түсіну, олардың ашу-ыза
мен физикалық агрессияға бейімділігімен жұмыс істеу тұрғысынан
да маңызды болып табылады.
3.8-кесте ұл балалардың (38,4%, 3-тен 1-і) физикалық агрессияға
бейімділігі қыздармен (21,4%, 5-тен 1-і) салыстырғанда әлдеқайда
жоғары екенін көрсетеді. Қыздар мен ұлдардың арасында ашу-
ызаға бейімділік бойынша үлкен айырмашылық байқала қойған
жоқ. Оқу сыныбы бойынша, 3.8-кестеде балалардың ашу-ыза мен
физикалық агрессияға бейімділігі өзгеріссіз қалатыны, тек олардың
жасы өсіп, жоғары сыныптарға барғанда аздап жоғарылайтынын
көрсетті. Осылайша, 8, 9 және 10-сыныптарда оқушылардың
3.1-сурет.
Ашу-ызаның физикалық
агрессияға әсері
Физикалық
агрессияға
бейімділігі төмен
Физикалық
агрессияға
бейімділігі жоғары
Ашу-ызаға бейімділігі төмен
Ашу-ызаға бейімділігі
жоғары
79,5%
47,5%
52,5%
20,5%
Достарыңызбен бөлісу: