40
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
ұшыраған. Нақтырақ айтқанда, балалардың
47,2%-ы физикалық зорлық-зомбылықтың
куәгерлері, 21,4%-ы – физикалық зорлық-
зомбылықтың құрбандары, ал 15,7%-ы мектепте
физикалық зорлық-зомбылық жасаған.
3.11-кестеде сондай-ақ балалардың 9,8%-ы
өткен жылдың ішінде мектепте балалардың өзге
балалардан ақша бопсалағанын (тартып алғанын)
көргені белгілеген, оның ішінде балалардың өзге
балалардан ақша бопсалағанын көрген балалар –
8,5%, бопсалау құрбаны болған балалар – 1,9%
және өздері ақша бопсалаған балалар – 0,6%.
Жыныстық сипатта сөз айту мен қысым
көрсетуге келсек, балалардың 14,3%-ы мек-
тепте зорлық-зомбылықтың осы түріне кезіккен.
Нақтырақ айтқанда, өткен жылы 7,4%-ы ба-
лалар арасындағы жыныстық сипатта сөз айту
мен қысым көрсетудің куәгері, 8,5%-ы құрбаны
болған, ал 2,9%-ы жыныстық сипатта сөздер
айтып, қысым көрсеткен. 3.11-кесте сондай-
ақ мектептегі кибербуллингтің де таралғанын
көрсетеді: балалардың 3,0%-ы өткен жылдың
ішінде кибербуллинге тап болған, оның ішінде
балалардың 2,4%-ы кибербуллинг құрбаны бол-
са, 1,0%-ы өздері кибербуллинг жасаған.
Сондай-ақ, 3.11-кестеде балалардың 38,8%-
ы (3-тен 1-і) өткен жылы балалар арасындағы
кемсітушілікке кезіккен. Атап айтқанда, 36,1%-
ы (3-тен 1-і) өткен жылдың ішінде мектептегі
балалар арасындағы кемсітушіліктің куәгерлері
болған, ал 15,5%-ы – кемсітушілік құрбаны
болған, қалған 4,5%-ы өздері басқаларға
қатысты кемсітушілік жасаған.
Әдетте, мектепте зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің куәгерлері және құрбандары
болған балалар мен зорлық-зомбылық,
кемсітушілікті өздері жасаған балалар
арасындағы шекара соншалықты қатты
ерекшеленбейді. Балалар қандай да бір санатқа
ғана кіріп қоймайды. Мысалы, мектептегі
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәгері
болған бала осындай зорлық-зомбылықтың
құрбаны да болуы әбден мүмкін, сонымен бірге
басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық
және кемсітушілік әрекеттерін өздері жасауы
да ықтимал. Бұдан бөлек, мектептегі зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік құрбаны болған ба-
лалар өздерінің жанын ауыртқан басқа бала-
лардан өзін-өзі қорғау үшін зорлық-зомбылық
жасауы мүмкін. Бұл 3.12-кесте және 3.2-суретте
көрсетілген.
3.12-кестенің көрсетуінше, мектептегі зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік куәгері болған бала-
лар мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
құрбаны болғанын да хабарлаған. Сондай-ақ,
мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
куәгері болған балалардың 34,8%-ы (3-тен 1-і)
өздері де мектепте зорлық-зомбылық жасап,
кемсітушілік көрсеткен.
3.12-кестеде сондай-ақ мектептегі зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған балалардың
90,2%-ы мектептегі кемсітушіліктің куәгері
болғанын көрсетеді.
Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған
балалардың 37,9%-ы өздері де мектепте зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік жасағаны туралы
айтқан.
3.12-кестенің көрсетуінше, өздері де мектеп-
те зорлық-зомбылық пен кемсітушілік жасаған
балалардың 92,1%-ы сондай-ақ мектепте
Достарыңызбен бөлісу: