45
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Бұдан бөлек, балалардың аз бөлігі мектептегі
зорлық-зомбылық ретінде балалардың басқа
балаларды олардың қалауынан тыс нәрселер
жасауға итермелеуі (8,0%) және мектептердегі
ұл балалардың қыз баларға қатысты жыныстық
сипаттағы қысым көрсетуі (4,0%), оның ішінде
ұлдардың қыздардың денесіне қол тигізуі, олар-
ды еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартқысы
келуі не қыз баларға қатысты жыныстық зорлық
жасауға тырысуы деп түсіндірді. Тек екі бала ғана
мектептегі зорлық-зомбылық нысанын кибербул-
линг түрінде көрсетті, атап айтқанда, бір баланы
басқа баланың ұрып-соғып, ренжітіп жатқанын
ұялы телефонға түсіріп алу деп түсіндірді. Және
тек бір бала ғана мектептегі зорлық-зомбылыққа
«дене кемістігі не ақыл-ой кемістігі бар балалар-
ды кемсіту» деп анықтама берді. [49].
Балалардың 9,0%-ы мектептегі зорлық-
зомбылықты оқытушылардың балаларға қатысты
жағымсыз қарым-қатынасы, атап айтқанда,
сыныптастардың алдында ұялтып, кемсіту үшін
психологиялық қысым жасауы, сыныпта тәртіп
орнату, балаларды бақылауда ұстау үшін олар-
ды қолмен, қатты заттармен ұру деген анықтама
берді. Кейбір балалар сондай-ақ балалар тара-
пынан мұғалімдерге де зорлық-зомбылық жаса-
лып жататынын еске түсірді.
Балалар мектептегі зорлық-
зомбылық туралы не айтады?
Сұхбаттар барысында алынған мәліметтер
мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық сипаты мен дәрежесін түсіну үшін
шифрланып, талданды. Сұхбатқа қатысқан 402
баланың 17,0%-ы ғана мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің куәгері
болмағанын хабарлаған, ал 37,0%-ы мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікке
ұшырамағанын айтқан. Басқаша айтқанда, сұхбат
жүргізілген балалардың көпшілігі оқушыларға
арналған сауалнамаларда өлшенген мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушіліктің бір не-
месе бірнеше нысанының куәгері (83,0%) және/
немесе құрбаны (63,0%) болғанын хабарлаған.
Бұдан бөлек, сұхбатқа қатысқан балалардың
39,0%-ы мектептегі өздері куәгер болған зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің жақында,
соңғы бір не екі айдың (2012 ж. қыркүйегі-
қазаны) ішінде орын алғанын хабарлаған.
Салыстыру үшін, балалардың 23,0%-ы өткен
жылы орын алған мектептегі зорлық-зомбылық
немесе кемсітушілік оқиғаларын (қыркүйек 2011
ж. – мамыр 2012 ж.), 5,0%-ы екі жыл бұрынғы
оқиғаларды (қыркүйек 2010 ж. – мамыр 2011
ж.), және 2,0%-ы үш не одан да көп жыл бұрын
орын алған оқиғаны естеріне түсірген.
Бұл бөлімде сұхбат барысында балалардың
3.11-кестеде көрсетілген мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің түрлі нысандары
бойынша өз тәжірибесіне қатысты өз сөздерімен
жеткізген мәліметтері келтірілген (мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікті жасаған
балалардың пікірлері осы бөлімде кейінірек
беріледі).
Физикалық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізілген 402 баланың 59,0%-ы
(1/2) мектепте балалар арасындағы зорлық-
зомбылықтың куәгері болғанын айтқан, 23,0%-
ы (шамамен 4-тен 1-і) физикалық зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған. Төменде
келтірілген үзінділерде балалар мектепте
орын алатын зорлық-зомбылық оқиғалары
туралы айтады. Балалармен жүргізілген
сұхбаттардан алынған үзінділерді оқу барысын-
да балалар естеріне түсірген физикалық зорлық-
зомбылықтың көптеген жағдайлары әдетте
балалар арасындағы психологиялық зорлық-
зомбылық белгілерімен байланысты екенін түсіну
өте маңызды (мысалы, мазақтау, балағаттау,
келекелеу). Әдетте психологиялық зорлық-
зомбылық физикалық зорлық-зомбылыққа
әкеліп отырған.
Достарыңызбен бөлісу: