43
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
басқа балалар өздерінің денесі туралы жыныстық
сипаттағы қалжыңдар айтып, сөзбен тиіскенін
айтқан, ал 2,3%-ы өздері басқа балаларға
олардың денесі туралы жыныстық сипаттағы
қалжыңдар айтып, сөзбен тиіскен.
Кибербуллинг бойынша, 3.13-кесте балалардың
2,4%-ы өткен жылы мектептегі басқа бала-
лар өздерін ұялту/қорқыту үшін хабарлама не
бейне жіберуге Интернетті/ұялы телефонды
пайдаланғанын, 1,0%-ы өздері осындай кибер-
буллинг жасағанын айтқаны көрсетілген.
Кемсітушілік бойынша, 3.13-кесте балалардың
21,2%-ы өткен жылы (5-тен 1-і) балалардың
басқа балаға олардың мүгедек болуына бай-
ланысты жағымсыз қарым-қатынас жасап/
мазақтағанын көрген, 5,9%-ы өздерін мүгедектігі
үшін басқа балалардың кемсіткенін, балалардың
2,3%-ы өздері басқа балаларға мүгедектігі
үшін келемеждегенін айтқан. Бұдан бөлек,
балалардың 18,5%-ы басқа балалардың бір
балаларға олардың терісінің түсі не ұлтына бай-
ланысты жаман қарап, келемеждегенін; 5,5%-
ы өздерінің терісінің түсі не ұлтына байланысты
кемсітушілкке ұшырағанын, ал 1,7%-ы басқа
балаларға олардың терісінің түсі мен ұлтына бай-
ланысты жаман қарап, мазақтағанын айтқан.
3.13-кесте бойынша, балалардың 17,5%-
ы өткен жылы мектептегі балалардың басқа
балаларға олардың киіміне не тұрған жеріне
(әлеуметтік-экономикалық мәртебесі), 3,8%-
ы өздерінің киіміне не тұрған жеріне байланы-
сты кемсітушілікке ұшыраған, ал балалардың
1,7%-ы мектептегі басқа балаларды киімі не
тұрған жеріне байланысты өздері мазақтап, ке-
лемеждеген. Сонымен бірге, балалардың 5,3%-
ы мектептегі балалардың басқа балалармен
олардың дініне (діни сеніміне) байланысты жа-
ман қарап, келемеждегенін көрген; балалардың
1,8%-ы өздерінің дініне (діни сеніміне) байла-
нысты кемсітушілікке ұшыраған; ал балалардың
1,0%-ы өздері басқа балалармен олардың дініне
(діни сеніміне) байланысты мазақтап, келемеж-
деген. Ал балалардың 7,3%-ы мектептегі басқа
балалардың өздерінің қыз болғаны үшін ауыр
сөздер айтқанын көрсеткен.
Әдетте, балалар мектепте бір емес, бірнеше
түрлі зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
куәгері, құрбаны не жасаушысы болып табы-
лады. 3.3-сурет бойынша, балалардың басым
бөлігі зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
3.13-кестеде көрсетілген бірнеше түрі (яғни,
психологиялық, физикалық, зорлық-зомбылық,
бопсалау, жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым
көрсетудің, кемсітушіліктің) жасалғанының куәгері
болған. Атап айтқанда, балалардың 17,1%-ы
3.13-кестеде көрсетілген зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің тек бір түрінің ғана куәгері болса,
18,9%-ы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
екі, 18,7%-ы – үш, 6,7%-ы – төрт, ал 2,1%-ы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің бес түрінің
барлығының да жасалғанының куәгері болған.
Құрбандарға келсек, 3.3-суретте көрсетілгендей,
балалардың 21,1%-ы 3.13-кестеде берілген
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің тек бір
түрінің құрбаны болған. Балалардың 13,5%-ы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің екі, 6,8%-
ы – үш, 3,1%-ы – төрт, 1,0%-ы – бес және 0,1%-
ы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің 3.13-ке-
стеде берілген алты түрінің де құрбаны болған.
3.3-сурет сондай-ақ, балалардың 14,4%-ы
3.13-кестеде берілген зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің тек бір түрін жасаған, 6,7%-ы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің екі түрін
жасаған, 1,9%-ы – үш, 0,6%-ы – төрт, 0,2%-ы
– 3.13-кестеде берілген зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің бес не алты екі түрін жасағаны
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: