72
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
баланы неліктен ұрғаны, содан соң балақайлардың
татуласқаны туралы айтып берді». [148]
«Ұрып-соққан қыздың мұғалімі оны ұрғандармен
сөйлесіп, оларды кешірім сұрауға мәжбүр етті».
[257]
Мектеп директорлары мен мұғалімдер кейде
зорлық-зомбылық жасаған адамдарды қорқытты
немесе шын мәнінде зорлық-зомбылық жасаған
тұлғаларды, ал кейде мектептегі зорлық-зомбылық
құрбандарын да мектептегі полиция испекторы-
на жіберіп отырды. Мектеп инспекторы мектептегі
зорлық-зомбылық жағдайын ресми түрде тіркейді
және балалардың аттарын “қиын балалардың” ар-
найы тізіміне кіргізе алады (есепке қою). Мектеп
инспекторы балаларды есепке қойғаннан кейін,
бұл оларды мектеп инспекторының жиі тексеретінін
және баланың тарапынан болатын мектептегі
қайталанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің мек-
теп инспекторына тікелей хабарланатынын білдіреді.
«Ол [мұғалім апай] оларға ұрысып, егер тағы бір
рет көретін болса директорға немесе мектеп ин-
спекторына айтатындығын ескертті». [328]
«Оған мектеп инспекторына апаратынын айт-
ты, бірақ оны апарған жоқ, ол енді олай жаса-
маймын деп уәде берді». [6]
«Оны мектеп директорына апарды. Инспектор
онымен сөйлесіп, оны есепке қойды». [285]
«Олар осыны жасаған балаға ұрысты, сосын
қазір оны мектеп инспекторы қадағалап отыра-
ды. Оған мұғалім ұрысты». [42]
«Мен ол туралы мұғалімге айтып бердім, ол со-
сын ұрған балалардың ата-аналарын шақыртты.
Қазір оларды мектеп инспекторы қадағалап
отырады». [42]
Кейбір жағдайларда мұғалімдер, мектеп дирек-
торлары, мектеп инспекторлары және тіпті мек-
теп психологтары тарапынан болатын барынша
қалыпты әрекеттің балалардың мінез-құлықтарына
әсер етуге көмектесетіні туралы пікір қалыптасты,
бірақ әркезде емес. Кей жағдайларда балалардың
мектепте зорлық-зомбылық жасауды тоқтатқаны
нәтижелі болды.
Басқа жағдайларда мектепте
зорлық-зомбылық жасаған адамдар мектептен
шығарылып немесе басқа мектепке ауыстырылған.
«Әдетте, мектеп директорымен және мек-
теп инспекторымен әңгімеден кейін барлығы
төбелесуді доғарады, татуласады және бәрі
жақсы болады». [306]
«Екі оқушыны мектеп инспекторы есепке қойды,
ал екіншісімен әлеуметтік педагог пен психолог
сөйлесті. Және осыдан кейін бәрі тынышталған
сияқты». [151]
«Кейін мұғалімдер не болғанын білді және олар-
ды мектеп директорына жіберді. Кейін осы ұлдар
мектептен шығарылды». [242]
«Мектеп директоры араласқан соң және ата-
аналары келген соң, мазақтаулар тыйылды».
[280]
Басқа жағдайларда мектеп мұғалімдері мен
директорлар тарапынан болатын осындай
араласулардың балалардың мінез-құлықтарына
әсері төмен болды және олар мектептегі басқа
балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін
жалғастырды. Бір бала былай мәлімдеді:
«Оған ұрысты және мұғалімдер оның ата-ана-
сын шақыртты, ол бәрібір өзін әлі солай ұстайды.
Оның ата-анасы мектепке келмеді. Мұғалімдер
оған ұрысады, бірақ бұл көмектеспейді». [294]
Қару алып жүру
Балалардан сондай-ақ мектеп аумағында және
оның шегінен тыс қару алып жүру туралы сұрадық.
3.17-кестеде сауалнама жүргізуге қатысқан
балалардың 3,9%-ы ғана мектеп аумағында және
оның шегінен тыс қару алып жүру туралы айтып
берді; дегенмен кей балалар қару алып жүреді.
Атап айтқанда, балалардың 2,5%-ы былтырғы
жыл бойы мектеп аумағында қару алып жүру ту-
ралы айтты және 3,0%-ы былтырғы жыл бойы
мектеп шегінен тыс қару алып жүрген.
Сондай-
ақ балалардың 5,5%-ы мектеп аумағында қару
алып жүрген мектептегі басқа балалар туралы
білгенін хабарлады.
Балалардың аталған екі тобының арасындағы
айырмашылықты түсіну үшін былтыр жыл бойы
мектеп аумағында және одан тыс қару алып
жүрген балалар қару алып жүрмеген балалар-
мен салыстырылды. 3.18-кестеде балалардың
аталған екі тобының арасындағы демографиялық
73
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
айырмашылықтар көрсетілген. Оқу сыны-
бы немесе қалалық немесе ауылдық жерлерде
тұрулары бойынша аталған екі топтың арасын-
да айтарлықтай айырмашылықтардың болмау-
ына қарамастан, жыныстық белгілері бойынша
айырмашылықтар байқалды. 3.18- кестеде ер ба-
лалар арасында (73,6%) қыз балалармен (26.4%)
салыстырғанда қару алып жүру ықтималдығының
жоғары болғандығы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: