Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет21/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
1
 
КІРІСПЕ
 
1.1
НЕГІЗДЕМЕ ЖӘНЕ МАҚСАТ 
1.Соңғы жиырма жылда Қазақстанның экономикасы мен қоғамы көмірсутегі және 
басқадай минералдық ресурстардан айтарлықтай пайда түсіре отырып, жылдам 
қарқынмен дамыды. Ел 2050 жылға қарай әлемдегі ең озық және гүлденген 30 елдің 
біріне айналуға ұмтылады. Үкімет пайдалы қазбаларды пайдалана отырып, өнеркәсіпті 
әртараптандыруға қолдау көрсетуге, сондай-ақ бүкіл халықтың тұрғын үйге, денсаулық 
сақтау мен білім алуға қолжеткізуін қамтамасыз етуді көздейді. Өзінің азаматтармен 
қарым қатынасында ол цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді 
пайдалануға ұмтылады. Алдыңғы PEFA бағалауы 2009 жылы жүргізілді және Үкімет 
2016 жылы қабылданған әдіснама негізінде жаңа бағалау жүргізудегі Еуропалық Одақ 
пен Дүниежүзілік Банктің көмегін оң қабылдады. Бағалау Қазақстанның 2009 жылдан 
бастап мемлекеттік қаржыны басқарудағы прогресін өлшейді және болашақта прогресті 
одан әрі қадағалау үшін негіз ұсынады. Бұл есеп 2017 жылы Дүниежүзілік Банк 
өткізген мемлекеттік қаржының жалпы шолуын толықтырады. 
1.2
1.2 БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ САПАНЫ 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
2. Бағалау жүргізуге Еуропалық Одақ (ЕО) тапсырыс берді, ал оған басшылықты 
Дүниежүзілік Банктің (ДБ) Мемлекеттік басқару департаменті Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің (ҚРҮ) келісімімен Есеп берушілік пен фидуциарлық ортаны нығайту 
жөніндегі траст қоры шеңберінде жүзеге асырады. Қазақстан тарапынан PEFA бағалау 
жөніндегі жұмысын Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және 
Есеп комитетінің лауазымды тұлғаларынан тұратын Бақылау комитеті үйлестірді. 
AECOM International Development Europe ұсынған бағалау тобына екі британдық 
халықаралық консультанттар Джон Виггинс (топ жетекшісі) және Дэвид Бигс және 
Қырғыз Республикасынан келген үшінші кеңесші Медер Темірбеков кіреді. Бұл 
бағалауда 2017 жылдың ақпан айында PEFA серіктестері жариялаған жаңа PEFA 
әдіснамасында баяндалған өлшемдер қолданылды. Техникалық тапсырманың (ТТ) 
жобасын Қазақстандағы ЕО делегациясы дайындап, 2018 жылғы 8 қаңтарда PEFA 
хатшылығына, Еуропалық комиссияға және Дүниежүзілік банкке (ДБ) қарауға жіберді. 
Кеңес берген тұлғалардан жауап алғаннан кейін, ТТ түпкілікті нұсқасы 2018 жылдың 
23 қаңтарында шығарылды. 
3. PEFA бағалау тұжырымдамасына сараптамалық шолу 2018 жылғы 5-12 сәуір 
аралығында Астана қаласында өткізілді. Консультациялар мына тұлғалармен өткізілді: 

Арман Бектұрова ханым, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 
Бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің директоры 

Йоханнес Стенбек Мадсен мырза, Департамент басшысы, ЕО делегациясы, 
Астана 

Хоули Тианой Рэйм ханым, мемлекеттік қаржы жөніндегі аға маман, PEFA 
хатшылығы 

Джон Огалло мырза, Қаржы басқармасының аға маманы, Дүниежүзілік банк. 



4. Бірінші жұмыс сапары 2018 жылғы 26-30 наурызда өтті, оның барысында команда 
тартылған министрліктердің лауазымды тұлғаларына бағалау процесін және бағалауды 
растау үшін қажетті құжаттамаға қойылатын талаптарды түсіндірді. Бақылау 
комитетінің мүшелерімен кездесулер өткізілді, сондай-ақ 2018 жылғы 29 наурызда 
тұсаукесер өткізілді, оған Қаржы министрлігінің (ҚМ) және Ұлттық экономика 
министрлігінің (ҰЭМ) 25 жуық қызметкерлер қатысты. Деректерді жинау үшін екінші 
сапар 2018 жылғы 16 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтті. Бақылау комитетінің 
мүшелері ҚР ҚМ құрамындағы Қазынашылық комитетін, Мемлекеттік мүлік және 
жекешелендіру комитетін, Мемлекеттік кірістер комитетін және Ішкі мемлекеттік 
аудит комитетін қоса алғанда, ҰЭМ мен ҚМ түрлі департаменттерінің өкілдерімен 
кездесулер мен консультациялар ұйымдастырды. Сондай-ақ, команда Есеп комитетінің, 
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл агенттігінің жоғары лауазымды мүшелерімен және денсаулық сақтау, 
білім, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар 
министрліктерінің лауазымды тұлғаларымен кездесті. Лауазымды тұлғалар, 
әдеттегідей, әкімшілік тәжірибені, тиісті заңдар мен нормативтік актілерге сүйеніп 
түсіндіруге дайын болды, бірақ нақты құжаттаманы, ол министрліктің веб-сайтында 
орналастырылмаған жағдайда ұсына алмады. Сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық 
холдингінің, ҚР ҚМ Қоғамдық кеңесінің және азаматтық қоғам ұйымдарымен 
кездесулер өткізілді. Инвестиция және салық салу мәселелері бойынша кеңес беретін 
жеке бухгалтерлік фирмалар кездесу жөніндегі өтінішке жауап бермеді. Екінші 
сапардың соңында бағалау жөніндегі топ кеңес өткізілген барлық министрліктер мен 
басқа да ұйымдардың шамамен 50 қызметкеріне сол кездегі қолда бар ақпарат негізінде 
өзінің алдын ала жасалған бағалауларын ұсынды. Сапардан кейін, Дүниежүзілік 
банктің қолдауымен қосымша ақпарат жинау жүзеге асырылды. 
5. Есептің бірінші жобасы AECOM тарапынан Дүниежүзілік банкке және Еуропалық 
Одақ делегациясына 2018 жылғы 28 маусымда ұсынылды. Есеп жобасы Қазақстан 
Үкіметіне 27 шілдеде ДБ мен Еуропалық Одақ делегациясының бастапқы ескертулері 
мен түсініктемелері, сондай-ақ оның орыс тіліне аудармасы ескерілгеннен кейін 
ұсынылды. Оны 18 тамызда Дүниежүзілік банк PEFA хатшылығына берді. Есеп 
жобасына түсініктемелер тамыз және қыркүйек айларында Қазақстанның әр түрлі 
министрліктері мен ведомстволарынан, ал 6 қыркүйекте PEFA Хатшылығынан алынды. 
Есептің қайта қаралған жобасы ДБ хатшылығына, ЕО делегациясына және PEFA 
Хатшылығына 2018 жылғы 3 қарашада ұсынылды. Есеп жобасы мүдделі министрліктер 
мен ведомстволарға 2018 жылдың желтоқсанында таныстырылады. 
1.3
1.3 БАҒАЛАУ ӘДІСНАМАСЫ 
6. Бұл есепте негізгі назар республикалық бюджет шеңберіндегі орталық үкіметтің 
қызметіне аударылады, оны Үкімет әзірлеп, Парламенттің екі палатасы бекітеді және 
оған Республика Президенті қол қояды. PEFA әдіснамасына сәйкес, сондай-ақ өңірлік 
(облыстық) және аудандық мемлекеттік органдарды, әлеуметтік сақтандыру қорларын 
және мемлекеттік университеттерді қоса алғанда, Үкіметтің басқа деңгейлеріне назар 
аударылады. Ел өнеркәсібінің едәуір бөлігі мемлекеттік меншікте қалып отыр және 
мемлекеттік кірістерге және үкіметпен жалпы қаржылық қарым-қатынасқа қосып 
отырған үлесі есепте тиісті түрде атап көрсетілген, Үкімет тарапынан мұқият 
бақыланатын холдинг компаниялары арқылы басқарылады. Тиімділік көрсеткіші 
немесе бағалау параметрі соңғы үш жыл негізінде бағаланған жағдайда 2015-2017 – 
кезең таңдалады. Бағалау соңғы жағдайға негізделген кезде, 2018 жылдың мамырын 
білдіреді. Тиімділіктің 31 көрсеткішінің әрқайсысы 2016 жылғы әдіснама аясында 



бағаланады. Баяндамада сондай-ақ 2005 жылғы сол сәтте қолданылған әдіснаманы 
пайдалана отырып, 2009 жылғы соңғы бағалау сәтінен бастап МҚБ тиімділігінің 
өзгерістеріне талдау жасалған. Қазақстан табыс деңгейі жоғары ел ретінде даму 
бойынша негізгі әріптестерден сыртқы гранттар немесе жеңілдікті несиелер алуға 
құқығы жоқ. Дегенмен, Дүниежүзілік банк және даму жөніндегі басқадай әріптестер 
индустриялық даму мен экономикалық өсуге жәрдемдесу үшін техникалық көмекпен 
бірге коммерциялық шарттарда қарыздар береді. D көрсеткіштері 2009 жылы 
қолданылмайтын болды және мұнда бұдан әрі қаралмайды. Есепті дайындау кезінде 
пайдаланылатын ақпарат жарияланған қаржылық есептерден, министрліктер мен 
ведомстволардың лауазымды тұлғаларымен, заң шығарушы билік өкілдерімен, 
аудиттің, азаматтық қоғамның жоғары органымен ұсынылған және талқыланған 
деректерден және ДБ мен ХВҚ дайындаған есептерден алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет