14
ұсыну ашықтықты одан әрі шектеуді білдіреді. Тұтастай алғанда, үкіметтік веб-
сайттарда мемлекеттік сатып алу және үкімет қызметінің
басқа да аспектілері туралы
неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат бар, бірақ ол жұртшылықтың оны түсінуін
қамтамасыз ететіндей шоғырландырылған және ыңғайлы нысанда ұсынылмаған.
Қазақстанның 2017 жылғы Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау
индексінде салыстырмалы түрде төмен (122) рейтингіге ие, алайда ол өткен рейтингпен
салыстырғанда 9 позицияға жақсарғандығын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес платформасы шеңберінде (GAN Integrity Anti-Corruption Platform) мемлекеттік
сатып алу, салық жинау, полиция және сот жүйесі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қатысты алаңдаушылық туралы (2016 жылғы шілде) хабарланған.
ЭЫДҰ-ның
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі шеңберіндегі мониторингтің төртінші
кезеңінде (2017 жыл) алдыңғы ұсынымдарды іске асыруда ілгерілеу бар екенін
көрсетті, бірақ тек бір ұсыныс қана толық орындалды.
Сонымен қатар, билік пен
азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық өте шектеулі болып қалуда,
жекелеген
мемлекеттік қызметшілерге бонустар мен сыйлықтар төлеу үшін дискрециялық (өз
қалауы бойынша әрекет ететін) өкілеттіктерге қатысты шектеулер жоқ, ақпарат
еркіндігі
туралы ережелер жоқ, үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясының ықпал етуінің мониторингі жөніндегі шаралар тиімсіз болған.
Азаматтық қоғам ұйымдары нашар дамыған және бюджетке басым бағыттар бойынша
шешімдер қабылдауға өз үлесін енгізу үшін мүмкіндіктері шектеулі,
мұның өзінде
үкіметтің іс-қимылдарын сынау жала жабу немесе қорлау үшін қылмыстық қудалауға
алып келеді.