Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет31/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
Есеп комитетінің
(ЕК) қызметі 
(оның қызметі 2015 жылғы "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 
заңмен реттеледі) арасында айтарлықтай сәйкестік бар. ЕК жауапкершілік аймағы тек 
жергілікті атқарушы органдарға және олар орталық билік органдары ұсынатын 
қаражатты пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындарға ғана қолданылады; басқа 
мәселелерге қатысты өңірлер мен аудандар өздерінің тексеру комиссияларына 
бағынады, ал мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық есептіліктің халықаралық 
стандарттарын (ХҚЕС) қолданатын жеке сектордың аудиторлары тексереді. ЕК сондай-
ақ мемлекеттік секторда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігі бойынша 
қадағалауға және мемлекеттік аудит саласындағы барлық жұмыстардың, оның ішінде 
жүргізілетін ІМАК-нің бірыңғай дерекқорын жүргізуге жауап береді. Жақында оған 
Президент пен Парламентке келесі бюджеттік жыл бойынша Үкіметтің экономикалық 
және әлеуметтік даму жөніндегі басымдықтарымен бюджеттің әрбір жобасының 
келісімділігін бағалауды ұсыну жөніндегі міндетті одан әрі атқару жүктелді. 
18. Конституцияға сәйкес, 
сот жүйесі
үкіметке тәуелсіз әрекет етеді.
Жоғарғы сот 
судьяларын Президент ұсынысы бойынша Сенат тағайындайды; басқа судьялар 
Жоғары сот кеңесінің ұсынымдарына сәйкес тағайындалады, оның мүшелерін 
Президент тағайындайды. 
19. Соңғы жаңалық (2016 ж.) әр министрлік пен қалың бұқараның арасындағы 
байланыстырушы буын болуы тиіс 16 қоғамдық кеңес құру болды. Қосымша осындай 
213 кеңес өңірлік деңгейде құрылды. Бұл кеңестер саясатты әзірлеу кезінде 
жұртшылықпен 
неғұрлым 
тиімді 
кеңесуді 
қамтамасыз 
етуге 
арналған. 
Министрліктердің өкілдерінен басқа, оларға тиісті тәжірибесі бар іскер және басқа да 
құрылымдардың өкілдері кіреді. Қоғамдық кеңестерге үміткерлерді қалың бұқара 
тарапынан ұсынылды, бірақ тағайындау әлі де биліктің бақылауында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет