Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет63/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
 
 


57 
2.6
 

БӨЛІМ: 
БЮДЖЕТТІҢ 
АТҚАРЫЛУЫН 
БОЛЖАУ 
ЖӘНЕ 
БАҚЫЛАУ 
Pi-19 бастап Pi-26 бойынша тиімділік көрсеткіштері кірістерді басқаруды, ақша 
қаражатын басқаруды (шығыстар бойынша берешекті қоса алғанда), жалақыны 
есептеуді, сатып алуды, ішкі қаржылық бақылауды және ішкі аудитті қамтиды. 
2.6.1
PI-19 КІРІСТЕРДІ БАСҚАРУ 
Бұл көрсеткіш мемлекеттік кірісті басқаратын органдардың жұмысын бағалайды.
Мұндай органдар салық әкімшілігін, кедендік әкімшілік етуді және әлеуметтік 
қамсыздандыру жарналарын басқаруды қамтуы мүмкін. Ол сондай-ақ табиғи 
ресурстарды өндіру сияқты басқа да елеулі табыс көздерінен түсетін кірістерді 
басқаратын агенттіктерді қамтиды. Оларға реттеушілер мен холдинг компаниялары 
ретінде мемлекеттік мүдделерде әрекет ететін мемлекеттік корпорациялар жатқызылуы 
мүмкін. Мұндай жағдайларда бағалау мемлекеттік секторға кірмейтін ұйымдардан 
ақпарат жинауды талап етеді. Көрсеткіш орталық үкіметтің кірістерін жинау және 
мониторингілеу үшін пайдаланылатын рәсімдерді бағалайды. Көрсеткішті жалпы 
бағалау үшін M2 агрегациясы қолданылады. Қамту: орталық үкімет. Кезең: 19.1 және 
19.2 параметрлері – бағалау сәтіне. 19.3 және 19.4 параметрлері -соңғы аяқталған 
қаржы жылы. 
2017 жылы республикалық бюджеттің жалпы кірісі 9,69 трлн. теңгені құрады, оның 
ішінде салықтық түсімдер - 4,82 трлн. теңге (49,7%). Басқа табыстардың ең маңызды 
бөлігі 2017 жылы 4,68 трлн. теңге немесе жиынтық табыстың 48 пайызы түрінде түседі. 
Көмірсутектерді пайдаланудан алынатын барлық кірістер ҚРҰҚ-на аударылады, оның 
ішінде жыл сайын республикалық бюджетке "кепілдендірілген трансферт" жүзеге 
асырылады; 2021 жылы трансферттің жоспарланған сомасы 2 трлн. теңге немесе ЖІӨ-
нің шамамен 3,0 пайызы құрады. Бұл табысты басқа салықтармен бірге ҚР ҚМ 
Мемлекеттік кірістер комитеті алады: жалғыз айырмашылық ол Қазынашылыққа емес, 
ҚР ҰБҚ-на есепке алынады. Республикалық бюджетке түсетін негізгі салықтар 
тауарлар мен қызметтердің қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және 
халықаралық саудаға салынатын салық болып табылады. 
Бұл көрсеткіштің төрт параметрі бар, олар салық төлеушілердің құқықтары мен 
міндеттерін, салық тәуекелдерін басқаруды, салық аудиті мен тексерулерді және 
кірістер бойынша берешек мониторингін қамтиды. Бұл өлшемдер салықтық түсімдерге 
барынша қолданылады. Алғашқы үш параметр үшін бағалау жиынтық табыстың 75 
пайызын жинауды қамтамасыз ететін субъектілер үшін қойылуы мүмкін. Сондықтан, 
бұл көрсеткішті бағалау айтарлықтай дәрежеде салықтарды жинауға жауапты уәкілетті 
орган болып табылатын мемлекеттік кірістер комитетіне шоғырлануы мүмкін. 
D-19.1 КІРІСТЕР ЖИНАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР 
Салық мәселелері үшін жауапкершілік бірнеше мемлекеттік органдар арасында 
бөлінеді. Салық саясаты ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментіне жатады, ал 
салық заңнамасы ҚР ҚМ Салық және кеден заңнамасы департаментінің функциясы 
болып табылады. Салықтық басқару ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) 
құзыреті. Жиынтығында бұл мекемелер салық төлеушілерге өздерінің веб-сайттары, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әкімшілік ететін "Әділет" 
АҚЖ атауымен белгілі Орталық электрондық кітапхана арқылы қолданылатын барлық 
заңнамалық және нормативтік ережелерге қол жеткізуге рұқсат береді. Негізгі заңды 
құжат 2008 жылғы Салық кодексі (ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да 


58 
міндетті төлемдер туралы" заңы), енгізілген түзетулермен бірге, сондай-ақ ол 2017 
жылғы 25 желтоқсандағы жаңа Салық кодексімен ауыстырылды. Өте ауқымды Кодекс 
түрлі салықтық міндеттемелер есептеуінің нақты негізін айқындайды. Салық 
кодексінде салық төлеушілер мен салық агенттерінің құқықтары мен міндеттері, оның 
ішінде тексерулерге қатысты салық апелляциясының рәсімдері туралы мәліметтер 
нақты баяндалады. Түрлі салық органдары өздерінің веб-сайттары арқылы алынған 
сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ салық төлеушілердің сұрақтарына жауап беру үшін 
колл-орталықтарды сүйемелдейді. Салық төлеушілер қауымдастығымен бірлесе 
отырып, салық төлеушілер үшін мерзімді семинарлар өткізіледі, ал бұқаралық ақпарат 
құралдары ақпаратты тарату үшін пайдаланылады. Осы шаралардың барлығы салық 
төлеушілерге салық міндеттемелері мен аппеляция беру тетіктері туралы ақпаратқа 
жеңіл қол жеткізуге мүмкіндік береді. Салық кеңесшілерінің сайттары дұрыс емес 
декларациялар үшін салынатын айыппұлдардың маңыздылығына, сондай-ақ ұсталған 
салықтарға қатысты қиындықтар мен ықтимал келіспеушіліктерге түсініктеме береді. 
Апелляциялық шағымдарды ҚР ҚМ Апелляция департаменті қарайды. Министрдің 
орынбасары басқаратын Комиссия шағымдарды, әдетте, апта сайын қарайды. 
Шағымдарды қарау нәтижелеріне қанағаттанбаған салық төлеушілер экономикалық 
сотқа жүгіне алады. 2017 жылы 3 млрд. теңгеге 136 апелляция қаралды, оның ішінде 
2,8 млрд. теңгеге 125 апелляция салық органдарының шешімдерін растады. Бағалау-A. 
D-19.2 САЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ 
Жоғарыда көрсетілгендей, республикалық бюджеттің барлық кірістері Ұлттық қордан 
түсетін салықтардан немесе трансферттерден құралады, оның кірістерінің басым бөлігі 
басқа салықтармен бірге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан алынады. 
Кодекстің 15-17 - тараулары салықтық бақылауға, тәуекелдерді басқаруға және 
салықтық тексеруге қатысты. Салық бақылауы "Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары тарапынан жүзеге 
асырылатын бақылау" ретінде айқындалады. Заңда көрсетілген салықтық бақылаудың 
нақты түрлері салықтық зерттеуді, салық төлеушіні тіркеуді, негізгі салық 
төлеушілердің салық мониторингін және салық аудитін қамтиды. Мемлекеттік кірістер 
комитеті уәкілетті орган ретінде тәуекелдерді бағалау өлшемдерін және тексерулер 
жүргізудің жылдық жоспарларын әзірлеп, бекітуі тиіс. 
КДҚ қазіргі уақытта аудиторлық назарды талап ететін тәуекелі жоғары салаларды 
сәйкестендіретін тәуекелдерді басқарудың ішінара автоматтандырылған жүйесін 
пайдаланады, салықтық бұзушылықтарды анықтау ықтималдығын арттырады және 
тәуекелдері төмен салаларда салықтық тексерулерді барынша азайтуға алып келеді. Бұл 
тәсіл салық төлеушілердің барлық ауқымына қолданылады және ірі салық 
төлеушілердің шағын тобымен шектелмейді. Комитет толық автоматтандырылған 
жүйені сүйемелдейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу процесінде. Жүйені 
қолдану алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2017 жылы тексерулер санының 
қысқаруына алып келді. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық салық төлеушілер 
төмен, орташа немесе жоғары тәуекелге сәйкес жіктеледі. Әрбір салық төлеушінің 
тәуекелін белгілеу Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтында ұсынылатын 
болады. Бағалау-A. 
D-19.3 САЛЫҚ АУДИТІ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУЛЕР 
МКК Салық аудиті басқармасы жоспарлы да, жоспардан тыс та тексерулер жүргізеді. 
Біріншілер тәуекелдерді басқару жүйесімен сәйкестендіріледі және алты ай ішінде 


59 
жоспарланады. Тәуекелдерді басқару жүйесінің кейбір өлшемдері жалпыға қолжетімді 
болып табылады және Салық кодексінде көрсетілген, ал басқалары құпия болып 
табылады. Кез - келген салық төлеуші жоспардан тыс аудиттің объектісі бола алады. 
2017 жылы аудит жүргізу үшін 608 салық төлеуші іріктеліп алынды. Нәтижесінде 
салық төлеушілерге қосымша 28,4 млрд. теңге есептелді, оның 5 млрд. теңгесі айыппұл 
болды. Бұл параметр үшін A және B бағасын алу үшін жоспарланған салық 
аудиттерінің кемінде 90 пайызын аяқтау қажет. 
Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықта іске асырылатын Салық реформасы бойынша 
жобаның шарттарына сәйкес жаңа жүйелер енгізілетін болады және барлық салық 
төлеушілер жоғары, орташа немесе төмен тәуекелге сәйкес жіктелетін болады. Үкімет 
Қаулысында айтылғандай, МКК арнайы бөлімшесі ірі салық төлеушілермен 
айналысады. Жоспарланған салықтық тексерулердің 90% - дан кемі аяқталғандықтан, 
бағалау-C. 
D-19.4 САЛЫҚ БЕРЕШЕГІНІҢ МОНИТОРИНГІ 
2018 жылғы желтоқсанда МКК ұсынған салық берешегі бойынша нақтыланған 
деректер келесі кестеде көрсетілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет