Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет74/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Параметр
2018 ж. 
бағала
уы 
2018 ж. бағалаудың 
негіздемесі
2009 
жылмен 
салыстырғанда 
өзгеріс және басқа 
факторлар
PI-24 Мемлекеттік 
сатып алулар (M2) 
C+ 
 
 
(i) - Сатып алулар 
мониторингі 

Толық және дәл жазбалар 
көптеген сатып алулар үшін 
сақталады 
Өлшемдер қайта 
құрылды 
(ii) - Сатып алулардың 
әдістері 

Бәсекелестік арқылы сатып 
алудың пайыздық мәні 65%-
дан төмен 
Өлшемдер қайта 
құрылды 
(iii) - Сатып алулар 
туралы ақпаратқа 
жұртшылықтың қол 
жеткізуі 

6 тармақтың ішіндегі 5-і 
goszakup.kz веб-сайтында 
баршаға қол жетімді
Енді 2005 жылмен 
салыстырғанда 
анағұрлым толық 
ақпарат қол жетімді 
(iv) - Сатып алулар 
бойынша талаптарды 
басқару 

Шағымдар мен талаптарды 
өңдеудің тәуелсіз тетігі жоқ 
Өзгерістер жоқ 
 
2.6.7
PI-25 ЕҢБЕКАҚЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ШЫҒЫСТАРДЫ ІШКІ 
БАҚЫЛАУ 
Бұл көрсеткіш бағалау жүргізу кезінде жүзеге асырылатын еңбекақыға жатпайтын 
шығыстарды бақылаудың тиімділігін бағалайды. Ол үш параметрді қамтиды, олар үшін 
ұпайлар M2 бағалау әдісін қолдану арқылы біріктірілген. Қамту: орталық үкімет. Кезең: 
бағалау сәтіне. 
Қазақстанда еңбекақыға жатпайтын шығыстарды ішкі бақылаудың кең және дамып 
келе жатқан жүйесі бар. Нормативтік база 2016 жылғы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 
(ІМАК) туралы ережемен көзделген (өзгерістермен), оған сәйкес ҚР ҚМ ІМАК (бұрын 
Қаржылық бақылау комитеті) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, 
мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және 
қаржылық есептілік саласындағы бақылау функциялары бар уәкілетті орган болып 
табылады. Комитеттің мақсаты "қаржылық және басқарушылық ақпараттың 
дұрыстығын, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің 
тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік 
активтердің қауіпсіздігін талдау, бағалау және тексеру" болып табылады. Бұдан басқа, 
орталық үкімет деңгейінде 22 ішкі аудит бөлімі бар (PI-26 көрсеткіші шеңберінде 
егжей-тегжейлі талқылауды қараңыз). Комитеттің жұмысы сәйкестікке және қаржылық 
аудитке негізделген, ал ішкі аудит бөлімдері де тиімділік аспектілерімен айналысады. 
Ішкі аудит және бақылау әдіснамасын ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы 
департаменті әзірледі. Комитеттің негізгі функцияларының бірі ішкі аудит 
қызметтерінің қажетті әдіснамалық және консультативтік көмек алуын қамтамасыз ету 
болып табылады. Ол сондай-ақ ішкі аудит қызметтерінің есептеріне талдау және ішкі 
аудит қызметтері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді. Бұдан басқа, ол 


73 
тәуекелдерді басқару жүйесінің мемлекеттік аудит үшін ұсынған объектілер бойынша 
ішкі аудит бөлімдеріне ақпарат жібереді. 
D-25.1. МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ 
Орталық атқарушы билік органдарындағы бақылау ортасы транзакцияның әр түрлі 
кезеңдерінде міндеттерді бөлуге үлкен көңіл бөледі: бастамашылық, бекіту, 
авторландыру және орындау. Басқарудың бұл құралдары заңнамамен және нормативтік 
актілермен ұйғарылады және нақты аудиторлық ізді қамтамасыз ете отырып, 
автоматтандырылған қаржы жүйелеріне кіріктірілген. Қазынашылық жүйесінің 
тұтастығы нақты мақсаттарға уәкілетті белгілі бір тұлғалардың шектеулі тобына қол 
жеткізуді ұсыну жолымен қорғалған; жүйе оған кім кіргенін және қандай мақсатта 
енгенін тіркейді. Тәуекелдерді басқару жүйелері міндеттерді бөлуге ерекше назар 
аударады. Бағалау-A. 
D-25.2 
ШЫҒЫСТАР 
БОЙЫНША 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ 
САҚТАЛУЫН 
БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын барлық төлемдер e-MINFIN 
қазынашылық жүйесі арқылы өңделеді. Төлем орындалуы үшін ол бюджеттік қаржы 
бөлумен және ақшалай қаражаттың болуымен қамтамасыз етілуі тиіс. Міндеттемелер 
тапсырысты 
орналастырғанға 
дейін 
қаражаттың 
болуын 
талап 
ететін 
автоматтандырылған жүйе модулінің көмегімен бақыланады. Бағалау-A. 
D-25.3 
ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН РӘСІМДЕРІН САҚТАУ 
Міндеттемелер мен төлемдердің барлық аспектілерін реттейтін ережелер мен рәсімдер 
егжей-тегжейлі баяндалған және тығыз иерархиялық қадағалауға жатады, сондай-ақ 
АТ-жүйелеріне біріктірілген. Рәсімдер жүйеге енгізілген және ерекше мән-жайлардан 
басқа жағдайларда бұзыла алмайды. Бағалау-A.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет