Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы


«ПЕТРОҚАЗАХСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ



бет4/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ТОКА
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, ЗЕРТХАНА-5, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
2 «ПЕТРОҚАЗАХСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері әлемдік-қауымдастық елдрінің оған деген ықыласы артып келеді. Бұл ықыластың артуына себеп болып отырған оның бай табиғи ресурстары және ең алдымен көмір сутегілік әлеуеті. Қазақстан туралы сөз болғанда болашақта Парсы шығанағы елдеріне балама бола алатын неғұрлым перспективті аймақ туралы айтылады. Және мұнда белгілі мөлшерде шындықтың үлесі бар. Қазақстанның бұдан былайғы экономикалық дамуы да мұндай индустриясымен байланысты. Алайда, бұл сала негізінен мұнайды тереңдете өңдеуге, мұнайхимияны дамытуға және өнімдердің сыртқы нарығына бәсекелестікке қабілетті көпшілік қолды тауарлар өндіруге емес, шикі мұнайды көптеп өндіруге және экспорттауға бағытталғандықтан, осындай тиімділіктеріне қарамастан келешекте валюталық кірістердің азаюына әкеп соқтыруы мүмкін

Ел экономикасына құйылатын шетел инвестицияларының жартысынан көбі мұнайгаз секторына тиесілі. Мұның өзі осы жылдар ішінде республиканың мұнай және газ конденсатын өндіруді 54 пайызға дерлік көбейтуіне мүмкіндік береді. Қазақстан энергия қуаттарының әлемдік нарығының қалыптасыуына ықпал ете алатын, көмір сутегінің стратегиялық қоры бар мемлекеттердің қатарына жатады. Республика мұнай мен газ конденсатының барланған қоры жағынан әлемде 15-ші орынға (2 трлн. текше метр) және көмір сутегі шикізатын өндіру деңгейі бойынша 26-шы орынға ие. Қазақстанда қуат көздерін өндірудің жалпы көлемі бойынша мұнай шамамен 30 пайызды, газ – жалпы үлестің 13-15 пайызын құрайды. Дәлелденген стратегиялық қорлар 169 көмір сутегі қазба орындарын қамтиды, оның 87-сі мұнай, 17-сі газ, 30-ы мұнайгаз, 25-сі мұнай және газ конденсаттары, 20-сы мұнай конденсаттары. Қазақстанда дәлелденген қорлар 2,8 млрд. тонна мұнайды және 1,8 трлн. текше метр газды құрайды.

Болжамды қорларды 12 млрд. тонна мұнай мен конденсатты және 3 трлн. текше метрге жуық газды құрайды.

Мұнайгаз саласының негізгі объектілері – мұнайгаз өндіретін акционерлік қоғамдар 1996-1997 жылдары жекешелендірілді, мемлекеттік пакеттер (бақылау пакеттері) шетелдік инвесторларға сатылған.

Жекешелендіру процессінің белгілі кемшіліктеріне қарамастан, нақ осы саясат ел үшін аса маңызды саланың күйреуіне жол бермеді және әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдыраған кезеңнен аман шығуға себеп болды. Мемлекет ие болған бонустар ел бюджетінде аса маңызды роль атқарды.

Қазақстан мұнайгаз секторының ықтималды мол ресурстары әлемдегі жетекші мұнай компанияларының назарын аударумен келеді. Тұтастай алғанда қазақстан мұнайгаз саласының ахуалы көңіл көншітерліктей. 2010 жылы республикада 39,7 млн. мұнай және 4,7 млн. тонна конденсат өндірілді, ал 2012 жылы 100 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл еуразия кеңістігіндегі көмір сутегін өндірушілер мен экспорттаушылар арасында шешуші орындардың біріне ие болуға мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған бағалаулар бойынша, өндірудің мұндай деңгейіне қол жеткізу үшін кемінде 10-12 млрд. доллар инвестициялар қажет болады. Және де қаржыны шикізат өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар, инфрақұрылымды қалыптастыру үшін де тарту көзделіп отыр. Қазақстан мұнайын өндірудің өзіндік құны (Тенгизді есептемегенде) тасымалдау шығындарынсыз әрбір барреліне 5-7 долларды құрайтынын да ескеру қажет. Парсы шығанағындағы дәлелденген мұнай қоры 95-100 млрд. тонна десек, соның әр баррелінің құны тұрақты түрде бір долларды құрайды екен, одан әрі теңіз жолымен арзанға тасымалданатыны өз алдына.

2012 жылы Солтүстік теңізде өндірілген мұнай күтіліп отырған Қазақстан үшін оңды инвестициялық ахуал тудыратыны белгілі, сонымен қатар, батыстық жетекші экспорттаушы елдер Каспий мұнайының әлемдік нарыққа тұрақты құйылуын саяси жағынан тұрақсыз Парсы шығанағы аймағынан тәуелсіздікті әлсіретудің негізгі факторы ретінде қарастырып жатыр.

Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалауындағы аймақтың перспективасы айтарлықтай. 100 мың шаршы шақырым аумаққа жүргізілген геофизикалық зерттеулердің нәтижесінде тек мұнай бойынша болжамды қоры 12 млрд. тоннаны құрайтын 96 құрылым ашылып отыр.

Басқа аймақтардың да маңызы бұдан кем емес. Мәселен, Ақтөбе тобы мен Батыс даласының «Орталық – Шығыс Прорва» қазба орындарынан жыл сайын тиісінше 115 млн. тонна және 7,4 млн. тоннадан мұнай өндірілетін болады. «Тенгиз» және «Қарашығанақ» қазба орындарынан жыл сайын 40 млн. тонна мұнай мен 30 млрд. текше метр газ өндірілетін болады. Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның басқа аймақтарында да үлкен мүмкіндіктер ашылуда, мұнда 1 млрд. тонна мұнайдың жаңа қоры ашылуы әбден мүмкін. Қорлардың осындай күрт өсуі көмір сутегінің орасан мол қоры бар елдердің ішінде Қазақстанның алғашқы ондыққа енуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанның географиялық орналасуының ерекшелігі көмір сутегі шикізатын әлемдік нарыққа шығару үшін тиімді құбыр жүйесін тартуға кең жол ашады. Қазақстанның нарығы тым шектеулі және бүгіннің өзінде 10 млн. тоннаға жуық мұнай экспортталуы мүмкін. Барланған және игеріліп жатқан қазба орындарындағы өндірудің арта түсуі мұнай құбырларының экспорттық қуатын жылына 50 млн. тоннаға жеткізуді талап етеді. Ал қайраңдағы жобалардың дамуы экспорттық жүйенің жалпы қуатын жылына 70-120 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды талап етуі мүмкін. Қазіргі кезде бірнеше жоба талқылану, техникалық-экономикалық жағынан игерілу жүзеге асырылу үстінде, олар:

Каспий құбыр консорциумның жобасын талқылау мен келісудің ұзаққа созылған кезеңінен кейін іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне көшті және 2011 жылдың жазында КТК Қаратеңіз терминалында алғашқы танкерге қазақстан мұнайын тиеу көзделіп отыр;

«Батыс Қазақстан – Қытай» құбыры құрылысының жобасы бойынша ТЭО дайындығының алғашқы кезеңі аяқталып келеді және оның бүге-шігесін талқылау басталып кетті;

- мұнайды Парсы шығанағының терминалдарына тасымалдау жобасының бағалауы бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді;

- «Баку – Джейхан» құбырының жобасы бойынша қол жеткен келісімдер Қазақстан мұнайын Жерорта теңізіне тасымалдау мүмкіндігін зерттеуге қосымша мүмкіндік берді;

- Соңғы кезде Ресеймен мұнай транзиті мәселесі бойынша өзара қарым-қатынаста түбірлі өзгеріс болды. Республикадағы мұнай құбырларының бәрі Ресейге шығатын болғандықтан, біз үшін экспорт квотасын өсірудің өмірлік мәні бар. 2009 жылы ол жылына 3,5 млн. тоннадан 9 млн. тоннаға дейін өсірілген болатын.

Қазақстан кез келген басқа ұсыныстарды қарауға дайын – әрине, оларды іске асыру оның стратегиялық ұлттық мүдделеріне қайшы келмейтін болса ғана.

Бұдан 6 жыл бұрын басталған шетел инвестицияларын тарту саясаты қазір өз нәтижелерін беріп отыр. Бүгінгі күнде мұнайгаз саласындағы келісімдерге қол қойылған жобалардың жалпы құны, жекешелендірілген жобаларды есептемегенде, 40 млрд. доллардан астам сомаға бағаланып отыр.

Республиканың мұнайгаз секторына алдымен Түрік ұлттық мұнай компаниясы (ТҰМК) келді. 1993 жылғы ақпанда «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны құрылды, онда Қазақстанның үлесіне 51 пайыз акция тиді.

1994 жылғы сәуірде Маңғыстау облысындағы «Жетібай» мұнай қазба орнын игеру үшін «Жетібай – Куэст» бірлескен кәсіпорнын құру туралы австриялық «Куэст Петролеум Гмбх» компаниямен арада келісімге қол қойылды.

1994 жылғы маусымда американдық «Оnyx» компаниясымен арада «Арман» БК компаиясын құру туралы келісімге қол қойылды. Американ компаниясы жағынан тартылатын инвестициялардың көлемі 110 млн. долларды құрайды.

1995 жылғы наурызда Қазақстан Үкіметі Қарашығанақ қазба орнын игерудің бастапқы кезеңі туралы келісімге қол қойды. Жобаға қатысушылар «Қазақгаз», «Газпром», «British Gas», «Agip». Бұл жобаға салынатын инвестициялар 320 млн. долларды құрайды. 1996 жылғы қарашада «Harricane Hydrocarbons» компаниясы мемлекеттік «Южнефтегаз» мұнайгаз кәсіпорнын сатып алды. 1998 жылдың екінші жартысында «Құмкөл» қазба орнында өндірілген мұнай күніне 57815 баррельге жетті.

1997 жылғы 4 маусымда Каспий ұлттық мұнай компаниясымен (ҚҰМК) келісімге қол қойылды, оған сәйкес ҚҰМК «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының 60 пайыз акцияларын сатып алды. Қол қойылған келісімге сәйкес, ҚҰМК 20 жыл ішінде 4 млрд. долларға жуық инвестиция құяды. Сондай-ақ, бағалық құны 3,5 млрд. долларды құрайтын «Тенгиз-Ақтөбе-Қытай» мұнай құбыры салынады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қарашығанақ» қазба орнының бұрынғы газ өндіру қарқынын қалпына келтіру мақсатымен «British Petroleum» (BP) және «Agip» компанияларымен газды бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қойды. 10 жылдық кезең ішінде ВР және «Agip» компаниялары 6 млрд. доллар шамасында қазақстан мұнайына инвестиция құймақ.

Каспий теңізінің теңіздегі қазба орындарын игеруге байланысты ашылған ықтимал мүмкіндіктер қомақты инвестицияларды талап етеді.

Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың бағалаулары бойынша капиталдық жиынтық шығын 160 млрд. долларды құрайды, оның 10 млрд. доллары қазба орнын барлау және бағалаудың бастапқы кезеңінде салынуы тиіс

Бірақ, бұл «каспий айсбергінің» көзге көрінетін бөлігі ғана. Қазақстанның континентальдық бөлігі мен Каспий теңізі қайраңының орасан мол көмір сутегі ресурстары машина жасауды, сервистік компанияларды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды, мұнай өңдеуді және мұнайхимияны дамыту үшін инвестицияларды қажет етеді.

Осы контексте 1997 жылғы қарашада Қазақстан және АҚШ үкіметтері арасында каспий қайраңының қазақстандық секторының түбінен алынатын өнімдерді бөлісу туралы келісімге қол қойды. Теңіздік барлау игеруі бойынша OKIOC консорциумы оператор болуға тілек білдірді, оған теңдей үлестермен «Agip», «British Gas International», «BP/StatOil», «Kazakhstancaspyshelf», «Mobil Oil», «Shell» және «Total» компаниялары қосылды. Қазіргі кезде қолдан жасалған аралдың құрылысы аяқталып, Каспий қайраңының қазақстандық секторында бұрғылау жұмыстары басталды. Атқарылған жұмыстардың бәрі Қазақстан мұнайының болашағы бар екенін дәлелдей түседі. Мәселе бір ғана нәрсеге – Қазастанның байлығын ұтымты пайдалануға және оның табиғи әрі адами әлеуетіне сақтықпен қарауға келіп тіреледі. Бұл міндетті мемлекет қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалана отырып қамқорлықпен шешуге тиіс. Бұл процесте «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы мен оның еншілер ұйымдарына артар үміт мол.

Қазақстан аумағында 208 қазба орны ашылған болса, оның 70-і игерілуде. Көмір сутегі қазба орындарының 70 пайызы Батыс Қазақстанда орналасқандығын айта келтуіміз керек. Және де барланған мұнай ресурстарының 50 пайызы Атырау мен Ақтөбе облыстарында, оның 30 пайызы Теңіз және Королев қазба орындарына тиеді әрі республикадағы көмір сутегі қорының болашақта өсе түсетін негізгі аймағы да тап осы жерлермен байланысты.

Қазақстандағы көмір сутегі қорын Қашаған айтарлықтай молайта алады. «Agip» КСО консорциумы (бұрынғы OKIOC) оның коммерциялық қорларын алдағы жылдың маусымына қарай жарияламақ. Сондықтан, ресми (7 млрд. тонна) мөлшерден басқа Тенгизді үш есе орап алатын оптимистік варианттар да, пессимистік (Wood McRtnzie сарапшылары Қашағанның қорларын ресми көрсеткіштен 2,5 есе кем деп бағалайды) варианттар да бар. Бұл қазба орнынан онша үміт күтпейтіндер де кездеседі: кейбір талдаушылар Әзірбайжанның құрдымға кеткен Қарабах және Шах-Дениз жобасын еске сала отырып, Қашағанның «үлкен мұнайына» күдікпен қарайды.

Құрғақтағы көптеген қазба орындары ұзақ уақыттан бері пайдаланылып келеді әрі өнімі де азайған. Мәселен, Маңғыстау облысының барлық мұнай өндірілетін төрт ірі қазба орнында (Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Өзен) мұнайдың қиыншылықпен өндірілетін 60 пайыз қалдығы бар. Оған қоса Өзен және Жетібай қорының 50 пайызы өндірілген, ал Қаламқас және Қаражанбас мұнай көздері тиісінше 30 және 9 пайызға кеміген. Қазір өнімі жоғары қабаттардан интенсивті түрде мұнай сору жұмысы жүріп жатыр. Бұл қорлар құрылымының сорылуы қиындау жаққа қарай ауып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Өнім деңгейін көтеруді үнемі жаңа ұңғымаларды қатарға қосып отыру арқылы жүзеге асыруға болады. Атап айтқанда Каспий ойпатының мұнайгаз мүмкіндігі негізінен аса тереңдегі тұз карбонаты кешенінің тұнбасында жатып қалған қабаттармен байланыстырылады. Демек, бұл аймақтағы барлау мен игеру тереңдегі және аса тереңдегі ұңғымаларды бұрғылаумен байланысты, олай болса, күрделі және ағымдағы шығындар көбейіп, пайдалылық азаяды деген сөз. Шетел инвесторлары осыған бара ала ма – бұл үлкен сұрақ. Бірақ, ең бастысы: ресурстық базаны кең ауқымда толықтыру үшін іздестіру-барлау жұмыстарын интенсифтендіру қажет, бұл өте және өте ойланатын проблема. Өткен 10 жыл ішінде мұнай мен газдың барланған қоры кезең ішінде өндірілген өнімнің тек 5-7 пайызын құрайды, яғни, республика іс-жүзінде жаңа қазба орындарын ашу жағынан ілгерілемеген деген сөз.

Өндіруші компаниялардың мұнай қорын өсіруге мүдделі екендігінде сөз жоқ, бірақ ғарыштық зерттеулерді, күрделі әрі қымбатқа түсетін технологияларды пайдалану қажет болғандықтан, олар аймақтық ауқымды іздеулер жүргізе алмайды. Мұны тек мемлекет атқара алады, сондықтан, мақсатты геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландырмау – стратегиялық қате, оны жедел түрде түзетпесек, республика ең басты нәрседен – мамандарынан айырылады.

Табиғи газ өндіру бойынша (2 трлн. текше метр) Қазақстан әлемде 15-ші орынға, ал ТМД елдерінің ішінде 4-ші орында тұр. 2010 жылы газ өндіру деңгейі 12 млрд. текше метрді құрады, ал тұтыну деңгейі – үш есе кем. Өнеркәсіптік категориялардағы газдың, сондай-ақ, мұнайдың да қоры республиканың батыс облыстарында орналасқан. Барлық қордың 98 пайызы солардың үлесіне тиеді және негізгі бөлігі – Қарашығанақ және Жаңажол қазба орындарында. Соңғы жылдардың басты проблемалары газды тасымалдаумен байланысты. Қазіргі магистральдық газ тасымалдау жүйесі бұрынғы кеңістік жүйенің тармақтары болып табылады және оңтүстіктен солтүстікке – Ресейге қарай бағытталған. Сондықтан, Республиканың көптеген аймақтарының газға деген сұранысын қанағаттандыру, Қазақстанның батысындағы қазба орындарынан газ тасымалдайтын қуаттардың жоқтығынан, қазіргі кезде өте қиын мәселеге айналып отыр.

2001 жылы Қазақстанның солтүстік аудандарын және солтүстіктегі астана – Астана қаласын газбен қамтамасыз ету жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Ұзындығы 911 шақырымға созылатын магистральдық газ құбыры Ресейдің газ өндіретін қазба орындарын (Тюмень облысындағы Уренгой) Қазақстанның табиғи газға қолы жетпей отырған солтүстік және орталық аймақтарымен жалғастырады. Оның құрылысына 22 ай беріліп отыр, сонан кейін аудандарды газдандыру жұмыстары басталады.

Қазақстан газ тасымалдау желісін дамыту кезеңдерінің бірі «Қазтрансгаз» салатын Қарашығанақтан магистральдық Бұхара – Орал газ құбырына дейінгі тармақ болмақ. Ал Шалқар – Ленинск – Қызылорда – Шымкент газ құбыры жобасын іске асыру ақыр соңында газ өндіруші Батыс аймағын өнеркәсібі дамыған оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстармен жалғастыруға мүмкіндік берді және 2012 жылы оларды көлемі жылына 12 млрд. текше метр газбен қамтамасыз етті

Қазір ол арқылы Түркмения мен Өзбекістаннан тәулік сайын 120 млн. текше метр газ өтеді, ал 2015аяғына дейін бұл магистральдық газ өткізу мүмкіндігін жылына 70 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланып отыр, бұған 360 млн. доллар қаражат қажет болады.Тенгизді Орта Азия – Орталық магистральдық газ құбырымен жалғастыратын бірінші реконструкциялау жобасы және екінші құбыр желісін салу жобасы қаралып жатыр. 2013 «Казтрансгаз» магистральдық газ құбырлары бойынша 140 млрд. текше метр газ тасымалдануы жоспарланып отыр, оның 48 млрд. текше метрі түркімен газы, 3 млрд. текше метрі өзбек газы және 90 млрд. текше метрі Ресей газы.

Ілеспе газды утилизациялау елеулі проблемаға айналып отыр: Мұнай өндіретін кәсіпорындары жыл сайын 10 млрд. текше метр газды рәсуә етіп текке жағып жіберді. Ол негізінен оны утилизациялау мен тасымалдауы экономикалық жағынан тиімсіз жерлерде жанып тұрады: көп жағдай қазба орындары тұтынушылардан жүздеген шақырымға орналасады, газ өңдейтін кешендер мен көптеген шақырымға созылып жатқан желіні арнаға қосатын инфрақұрылымдар жоқ. Оларды жасау орасан қаражатты қажет ететіндіктен, өндіруші компаниялар ілеспе газды утилизациялаумен емес, мұнай өндіріп сатумен айналысқанды тәуір көреді. Және де бұл елімізде көгілдір отынға деген сұраныс артып отырған кезде әрі оны сатып алуға орасан көп қаржы жұмсалып отырған кезде жасалып отыр. 2000 жылы бұл елімізге 119,9 млн. долларға түсті.

Алайда, бұдан шығатын жол бар және ол инвестициялық және экономикалық аспектерді үйлестіруде жатыр: мұнай өндіретін компаниялардың кірістерінің бір бөлігін ілеспе газды жинау мен утилизациялау инфрақұрылымын жасау жобасын қаржыландыруға жұмсауа болады, сонда ол экономикалық жағынан әрі тиімді, әрі икемді болып шығады.

Мұнай компаияларын газ өңдеу қуаттарын – ілеспе газ өңдеу жөніндегі газтурбиналық электр станциялары мен қондырғыларын салуға қызықтыра отырып, бұл проблеманы да шешуге болады.

Бұған мысал ретінде әлемде кеңінен тарап келе жатқан газ және электр нарығының біртұтас бизнеске айналып келе жатқан, аса ірі электроэнергетикалық ұлттық компаниялардың ұзақмерзімдік стратегиялық дамуын алуға болады.

Ұлттық мұнай компаниясынан басқа мұнай өндірумен, өңдеумен және табиғи газ өндірумен айналысатын мынадай компаниялар мен олардың филиалдары бар.

Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа экспортының негізгі көлемі әзірге өнімділігі реконструкциялау жұмыстарынан кейін жылына 15 млн. тоннаға дейін өсіп отырған Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 26 наурызында Тенгиз – Новоросийск КТК құбырын мұнайға толтыру басталды, оның бірінші кездегі жыл сайын 28 млн. тонна мұнай тасымалдауға мүмкіндік береді. Біржолата іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылып келгенімен, басты шаруа аяқталды: мұнай құбыры салынды және Қазақстанның мұнайгаз әлеуетін дамытуға пайдаланылатын болады.

Ұзындығы 450 километр, қуаты жылына 6 млн. тонна (алғашқыда – 2 млн. тонна) Кеңқияқ – Атырау ішкі мұнай құбырының жобасын техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстары аяқталып келеді. Мұнай құбыры КТК немесе Атырау – Самара құбыры бойынша «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» және «Қазақойл –Ақтөбе» компанияларының мұнайын экспорттауға мүмкіндік береді. Құны 170 млн. доллар тұратын оның құрылысы 2003 жылы аяқталады. Бұған қоса «Казтрансойл» көмір сутегі қазба орындарын экспорттық басты магистральдық мұнай құбырларының алтауының жаңа жобаларын игерумен айналысуда.

Тек қана шикі мұнай өндіру мен экспорттау бағдарына сүйену кез келген елдің көптеген жемісті секторына теріс ықпал етеді. Қазақстанда қалыптасып отырған ахуал жоғары қосымша құнды өнімдер өндіруге көшуді талап етеді, өз экономикасы аса қажет етіп отырған көпшілік қолды өнімдер (майлар, жоғары маркалы бензиндер, авиация отыны және тағы басқалар) алу үшін, мұнайхимия және мұнайды тереңдете өңдеу бойынша қуаттарды дамыту қажет.

Өкінішке орай, қазіргі кезге дейін шикі мұнай экспортының өсуі мұнай өнімдері импортының өсуімен сабақтасумен келеді. Мәселен, 2010жылы республикаға 482 мың тонна бензин, 262,9 мың тонна дизель отыны, 169,9 мың тонна мазут әкелінді. Отынның ауқымды импорты делдалдық баға манипуляциясын ушықтырып отырғанын да айта кетуіміз керек. Оған қоса, соңғы жылдары бензин фракцияларын әкелу айтарлықтай өсті: ай сайын 10-15 мың тонна, ал ол автобензиндер импортының 50-60 пайызынан кем емес.

Алайда, технологиялық процестер үшін республика кәсіпорындарының бензин фракцияларына деген сұранысы түкке тұрғысыз, және «тікелей» импортталатын бензиннің әртүрлі қоспалардан кейін «құлпырып шыға келетін» негізгі бөлігі таза автомобиль бензині ретінде сатылып кете барады.

Республиканың мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі әлеуетін көтеру модернизациялау және мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) қайта өңдеу процестері бойынша жаңа қуаттар енгізу жолымен жүзеге аспақ. Мұнайды тереңдете өңдеуді қазіргі 62 пайыздан 80 пайызға дейін өсіру қосымша бірнеше млн. тонна мөлдір мұнай өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнге дейін республикада мұнай өнімдерін өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің мемлекеттік лицензиялау жүйесі жоқ. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 4000 мыңнан астам АЗС, 300 мұнай базалары мен компаниялары көп жағдайда мемлекетке тікелей залал келтіре отырып кеңінен қызмет етіп келеді. Енді тек ел парламенті нарықтық қатынас дүрмегімен осы аса маңызды салада мемлекеттік бақылау орнатуға бағытталған «Мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы» үкіметтік заң жобасын адам танымастай етіп өзгертіп жібермесе болғаны.

35 млн. тоннадан астам мұнай мен газ конденсатын өндіретін ел үшін, мұнай өнімдері импортының өсуі оның энергиялық қуат қауіпсіздігінің төмен деңгейде екендігін көрсетеді. Және мұнай шикізатын өңдеу мен дайын өнімдерді экспорттауға қосымша ақылға қонымды шара болып табылар еді: көмір сутегін тереңдете өңдеу мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, қосымша валюта алуға да мүмкіндік береді. Мұнайхимия өндірісінің кірістілігі мұнай өңдеудің кірістілігінен әлдеқайда биік тұр. Бірақ, бүгінде қайтарымы 7-ден 15 жылға дейін созылатын ұзақмерзімдік ірі жобаларға ешкім капитал салғысы келмейді.

Мұнайға әлемдік жоғары баға және қолданылып отырған салық саясаты отандық мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнай беруді тиімсіз етіп отыр, өйткені, өндіруші компаниялар бұдан өз кірісінің 60-70 пайызын жоғалтады. Нәтижесінде, өңдеу қуаттарын жеткілікті қамтамасыз ете алмаушылық бұрынғыша сақтала береді (оған қоса тозығы жеткен технология жағдайы қиындата түседі), ал мұның өзі өңдеуге жұмсалатын шығындардың өзіндік үлесін өсіре түседі. Осының бәрі, Қазақстан зауыттарында мұнай өңдеу құны ақырғы өнім құнының 30 пайызына жетуіне ғана соқтырады (шет еледерде бұл шығындар екі есе кем). Бұл басқа да себептерге қосыла келе ішкі нарықтағы отандық мұнай өнімдерінің бәсекелестік қабілетін төмендетеді. Алайда, өткен жылдың және биылғы жылдың 7 айының қорытындылары аздаған оң өзгерістер бар екенін көрсетеді әрі осы тенденцияны бекемдей түсу, сөз жоқ, тұтастай алғада Қазақстан экономикасына қайырымдылықпен ықпал етпек.

Қазақстанның экономикалық қуатын дамыту стратегиясын қалыптастыру кезінде келешекте геосаяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық факторлардың жиынтығы мен анықталатын әлемдік мұнай нарығының коньюктурасын да ескерген жөн.

Талдамшылар әлемдік экономикадағы өсу қарқынының 3,3 пайыздан 2017-2020 жылдарда 1,9 пайызға дейін бәсеңдейтіндігін болжап қойды. Соған сәйкес, мұнай тұтынудың әлемдік қарқыны да бәсеңдей түспек және кейбір бағалауларға қарағанда, 2015 жылы шикі мұнай бағасы 2010 жылмен салыстырғанда 47 пайызға төмендейді. Мұнай өндірудің әлемдік шырқау шегі 2025-2030 жылдарға тап келеді, одан кейін әлемдік экономикадағы оның қолданыстағы ролі біртіндеп төмендей береді.

Сыртқы экономикалық конъюктураның тұрақсыздығы мен болжамсыздығы жағдайында жылу-энергетикалық кешенін ұзақ мерзімдік дамытуда басымдық, сөз жоқ, жоғары сапалы өндірісті өсіруге және бәсекелестікке қабілетті мұнай өнімдерін, газға, электр қуатына берілуге тиіс.

Тұтас алғанда, бүгінгі күні Қазақстанның мұнайгаз кешені үшін бір мәселенің өмірлік маңызы бар: көмір сутегінің орасан мол қоры бар республика жыл сайын алдан шыға беретін «болжанбаған» қиындықтар мен проблемалардан құтыла ала ма?

Сонымен, қорыта келгенде, мұнай өндіру саласы Қазақстан экономикасындағы стратегиялық сала болып табылады. Республика азаматтардың игілігі болып саналатын пайдалы қазбалардың орасан мол қорына ие болып отыр. Перспективті мұнайгаз аудандарының жалпы аумағы 1700 млн. шаршы шақырымға тең, бұл барлық республика аумағының 62 пайызын құрайды. Республика барланған мұнай мен газ конденсатын өндіруден әлемде 13-ші орынға, ТМД елдерінің ішінде 2-ші орынға тең



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет