Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы


«ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы мұнай өндіру компаниясына салық салудың талдауы



бет6/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ТОКА
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, ЗЕРТХАНА-5, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
2.3 «ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы мұнай өндіру компаниясына салық салудың талдауы

Құмкөл мұнай кен орны Оңтүстік Қазақстан мұнай газ бассейндері көпжылдық зерттеу және кең көлемді геологиялық-геофизикалық ақпараттарды жалпылау нәтижесінде ашылды. Солтүстік Торғай, Зайсан, Теңіз, Балқаш маңы, Іле және Сырдария ойпаттарын енгізетін берілген аудан 1982 жылға дейін болжанған ресурстардың жоғарғы емес толықтығымен сипатталады.

Батыс Қазақстан дәстүрлі мұнай-газ өндіру орталықтарынан біршама алыстау Оңтүстік Торғай ойпатындағы бірінші мұнай кенішінің Г-1 ұңғымасында фонтанды атқылау әдісімен алынған мұнай нәтижесіндегі 1984 жылы ашылым Республиканың геологиялық жылнамасындағы соңғы жиырма жылдағы өте маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Осының нәтижесінде қалған тиісті ойпаттарының келешегіне көзқарастарды координалдарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды. Жалпы Оңтүстік Торғайда 154 млн. тонна мұнай және 19 млрд. текше метр газдың алынатын қорымен 17 кеніші ашылды.

1990 жылы Құмкөл кенішін өнеркәсіптік өңдеуге жіберуден бастап 01.04.96 жылғы жағдай бойынша барлығы 9,055 млн. тонна 1995 жылы өндірілді.

«Петро Қазақстан» акционерлік қоғамы шетелдіктер қатысқан кәсіпорны-коммерциялық ұйым болып табылады. Номиналды құнына тең акцияларға бөлінген және өзінің негізгі мақсаты акционерлердің мүддесі бойынша пайда табу болып табылатын қор деп аталады.

«Петро Қазақстан» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасында жүріп жатқан заң жобасын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады, сондай-ақ бекілмеген тәртіпке өз компентенцияларының негізінде қабылданған акционерлердің жалпы жиналыс шешімдері қоғам жарғысы болып табылады. Қоғамның ресми тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады, ал жұмыс тілдері орыс, ағылшын және қазақ тілдері.

«Петро Қазақстан» акционерлік қоғамының құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаты – акционерлік қоғамның мақсаттары болып, сондай-ақ аймақтық экономикасының даму мен ашықакционерлік қоғамы «Петро Қазақстан» ұжымының мүшелерінің жағдайын жақсартуы.

«Петро Қазақстан» Қоғам қызметінің мақсаты – пайданы шегерту және оны акционерлердің мүдделеріне пайдалану. Өнеркәсіптің делдалдық өндірістердің келісім шарттары арқылы мемлекетті қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар ұлттық азық-түлік қажеттіліктерін, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін шетел фирмаларымен бірігіп тауарлар мен басқа да өнімдер шығару.



  • біріккен ұйымдар, кіші кәсіпорындар, коммерциялық орталықтар және дүкендер, сауда үйлері, бвсқа да компаниялар мен кәсіпорындар;

  • ғылыми- техникалық, өндірістік, коммерциялық нысандарды инвесторлау, коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындарда маркетингтік бақылаудың дамуы;

  • өндіріс және тауар өнімі, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет, ұйымдарға және азаматтарға.

Кәсіпорынның құрылымы – бұл олардың ішкі звеноларының, цехтардың, бөлімдердің, зертханалардың және біріңғай шаруашылық нысанын құрайтын басқа компоненттердің құрамы мен қатынасы. Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:

  • кәсіпорын өлшемімен;

  • өндіріс сапасымен;

  • кәсіпорын техникасы мен мамандану деңгейімен.

Біздің ғалымдарымыз ашқан қызықты дерек: адамдар мұнайды біздің дәуірімізге дейінгі 7-ші ғасырда пайдаланған екен.

Бүгінгі таңда, «сұйық қара алтынды» шаруашылықтың көптеген салаларында пайдаланып жатқандықтан, әлемдік нарықта сол үшін талайлардың тауы шағылып жатыр. Және, әдеттегідей, мұнайдың мол қорына ие болып отырған елдер, оны сатудан үлкен дивиденттерді алып отыр.

Қазақстан әлемнің ірі державаларының бірі болып саналады. Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық болып табылады. Көмірсу шикізатының өндірілуі жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2011 жылы мұнайды өндіру 39,7 млн. тонна, 2012 жылы 44,6 млн. тоннаны құрайды. 2015 жылға қарай мұнай өндірісі 60 млн. тоннаға жетуі мүмкін деп болжам жасауда, ал кейбір сараптама есептеріне жүгінсек, 2020 жылы мұнай өндірісі жылына 100 млн. тоннаны құрауы мүмкін. Қазақстанның Үлкен мұнайы Еуразия құрлығының дәл оратысында орналасқандықтан, оның тиімді түрде тасымалдауның транспортировкасының біздің еліміз үшін үлкен маңыздылығы бар. Перспективті мұнай-газ алаңдары 1700 млн. шаршы шақырымды, яғни, территорияның 62%-ын құрайды. Мұнайдың 80%-на жуығы елдің Батысында, ал 11%-ы елдің оңтүстігінде өндіріледі. «Сұйық қара алтынның» өндірілуі жыл сайын артып келе жатыр.

Мұнай – жердің шөгінді қабығында таралған жанғыш май сұйықтығы. Мұнай – өте маңызды пайдалы жер асты байлығы. Мұнайды айыру арқылы одан жанармай, реактивті отын, керосин, дизельді отын, мазут, электроқшаулағыш құралдар, еріткіштерді және т.б. жасайды.

Мұнайдың аса үлкен қоры Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Ирак, АҚШ сияқты елдерде мол кездеседі.

Мемлекет мұнай мен газ конденсаты табиғи қорының ауқымдылығы бойынша 13-ші орынға ие, табиға газ қоры жөнінен 15-ші, ал көмірсу шикізаты бойынша 20-шы орында.

ҚР-сы халық шаруашылығы кешенінің қазіргі кездегі тұрақты және үдемелі дамуы, материалдық өндірістің приоритетті, әрі негізгі саланың – мұнай-газ өндірісінің перспективті дамуына байланысты. Қазақстан мұнай және газ өндірісінің көлемі, барлау қоры, перспективті қорлар бойынша ТМД елдері арасында

Қазақстанда шикі мұнайдың өндірісі тез қарқынмен өсіп келеді: 2001 жылғы 2 млн. тонна көрсеткішінен, 2012 жылғы 35,3 млн. тонна көрсеткішіне дейін. Қазақстаннның жалпы экспортындағы мұнай экспортаның үлесі соңғы 5 жылдың ішінде 2008 жылғы 15,1%-дан, 2012 жылғы 4963 %-ға дейін артып, яғни, 4,5 млрд. долларды құрады. Экспортқа жіберілетін мұнайдың ¾ % құрайтын үлесі қашық орналасқан шетел елдеріне және ширегі ТМД елдеріне тиеді. Қазақстандағы мұнай импорты 1 млн. тоннаны құрайды.

Қазақстандағы мұнай компанияларының жалпы сипатын қарастыра отырып, «ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз»Акционерлік қоғамы мұнай компаниясының негізінде неғұрлым терең талдау жасап көрелік. Өз жоспарлары мен әрекеттерінің стратегиялық бағытын нарық саясатының икемділігімен үйлестіреді. Компанияның басты мақсаты – мықты бәсекелестікке қабілетті , қазақстандағы мұнай-газ саласындағы саясатты дұрыс жүргізе алатын, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын және оның мұнай-газ қорларын тиімді түрде өндіре алатын мұнай-газ компаниясын жүргізу болып табылады.

Жұмыстың негізгі түрлері:

- Мұнай мен газды шығару мен өңдеу

- Мұнайды қайта өңдеу

- Мұнай және мұнай өнімдерін мемлекет шеңберінде және шет елдерге тасымалдау мен маркетинг жүргізу.

- Мұнайды шығарудың және бұрғылаудың жаңа технологияларын енгізу

- Мұнайды шығару мен мұнайды қайта өңдеу саласындағы ақпарттық технологиялардың дамуы.

«ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы» Қызылорда облысында орналасқан және компанияның үлесіне республикалық мұнай өндірісінің 11%-ы тиіп тұр.

Тиянақты талдау жасау үшін бірнеше аналитикалық нұсқаларды қарастырып көрейік:

1. Қаржылық көрсеткіштер пропорцияларының сақталуын ескере отырып, өсу қарқынын есептеу

2. Өндіріс көлемінің артуы мен қорлардың толығымен пайдалануын ескере отырып, бухгалтерлік есепті болжау

3. Қорлардың толығымен пайдаланбауын ескере отырып, өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында қаржының қажетті қосымша қайнар көздерінің есебін жасау

4. Өндіріс көлемін ескере отырып, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын пайдаланудың нақты пайызын есептеу

Қарастырылған модельді «ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы қызметіне қолданып көрейік.


Кесте 3 «ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері

мың тенге.



Кқрсеткіштері

2010 жыл.

2011 жыл

2012 жыл

Ауытқуы 2010-2012 ж.ж., %


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет