Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы


Қазақстан Республикасында мұнай өндіру саласына салық салу мәселелерін талдау



бет5/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ТОКА
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, ЗЕРТХАНА-5, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
2.2 Қазақстан Республикасында мұнай өндіру саласына салық салу мәселелерін талдау

Мұнай саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды.

Мұнай-газ кешені елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да салаларының дамуына ықпал етеді. Өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Мұнай-газ кешеніндегі өзгерістер саланың өзінің, сондай-ақ байланысты өнеркәсіп салаларының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігінің нығаюына ықпал етуге, сондай-ақ кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігімен, қызметтер мен өнім сапасының артуымен қатар экономиканың тұрақты өсуін және әртараптануын қамтамасыз етуге тиіс.

2011 жылы республикада мұнай және газ конденсатын өндіру 2010 жылмен салыстырғанда 1,6 %-ға өсіп, 81 млн. тоннаны құрады. 72 млн. тонна мұнай және газ конденсаты экспортталды.

2012 жылдың аяғында Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді бастау жоспарлануда. Бұл ретте Өнімді бөлу туралы келісімге Екінші қосымша шартқа сәйкес Қашаған коммерциялық өндіруінің басталуы 2013 жылдың қазанына дейін ұзартылуы мүмкін.

2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің өсу көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 111,1 %-ға дейін өседі деп күтілуде (өндіру өсімі 9,0 млн. тоннаны құрайды), 2009 – 2011 жылдары мұнай және газ конденсатын өндіру және 2012 – 2015 жылдарға арналған болжам, млн. тонна

2011 жылы республиканың мұнай өңдеу зауыттарында (бұдан әрі – МӨЗ) 13,1 млн. тонна немесе 2010 жылдың деңгейіне қатысты 95,6 % мұнай өңделді. 2757,628 мың тонна бензин (95,3 %), 4064,325 мың тонна дизель отыны (99,8 %), 3660,145 мың тонна мазут (97,1 %), 387,140 мың тонна авиакеросин (79,1 %) өндірілді.

Республиканың қолданыстағы мұнай өндіру қуаттары жаңғыртылғаннан кейін 2015 жылдан кейін МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі жылына 15,05 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады және тиісінше, мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. 2015 жылға дейін мұнай өңдеу көлемі мен мұнай өнімдерін өндіру серпіні 2 және 3-диаграммаларда көрсетілген.

ҚР-да қызмет ететін жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар проблемаларға тап болады:

1. экологиялық;

2. инвестициялық;

3. орын ауыстыру;

4. өзіндік құны;

5. салық салу проблемалары.

Жер қойнауын пайдаланудағы басты проблемалардың бірі экологиялық (қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстарын шектен тыс пайдалану, қоршаған ортаға ластаушы заттардың зиянды әсері) болып табылады.

Экономика тұрғысынан алғанда, табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты өндіріс қызметі екі түрлі шығынның пайда болуына себептес болып келеді:

- бір жағынан – табиғатты қорғау заңнамасын бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға залалдың келтірілуі;

- екінші жағынан – алдын ала ластанудан сақтандыратын шығындар. Яғни, табиғатты қорғау шараларын іске асыру мақсатында жұмсалған шығындар.

Өндіріс объектілерін жасау, жобалау және пайдалану кезеңдерінде табиғатты қорғау шараларының экономикалық негіздемесі мен олардың оңтайландырылуы қажет.

Табиғатты қорғау шараларының экономикалық негіздемесі табиғатты қорғауға жұмсалатын шығындардың (атап айтқанда, дисконтталған таза табыс немесе келтірілген таза құнның, табыс индексінің, пайдалылықтың ішкі нормаларының, өтелімділік мерзімінің) абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы экономикалық нәтижелерді олардың жүргізілуіне қажетті шығындармен салыстыру тәсілі арқылы жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі қайнар көздері келесілер болып табылады:

- мұнай қоймалары;

- су мен топыраққа төгілген мұнай;

- құбырдың герметикалық жабыны бұзылған жерлер;

- мұнайдың сақталып отырған резервуарларының және дизельдік отын мен майларға арналған ыдыс клапандарынан мұнайдың сыртқа ағылуы;

- қазандардың, пісіру посттарының, АЗС пен жылыту пештерінің дизель генераторлары мен насостардың жұмысы;

- өндіріс және тұрмыс қалдықтарының сақталу орындары.

- магистральді құбырлардың қосымша қызметтер жүйесінен ағынды сулардың ағылуы.

Қоршаған ортаның ластануының негізгі себептері – мұнай құбырларындағы жарықтардың пайда болуы; насостық және қотару станцияларында мұнай қалдықтарының пайда болуы; мұнайдың аварийлік төгілуі және мұнай төгілген жерлерден мұнай фракцияларының ауаға бөлінуі; мұнайдың жануы; жөндеу-профилактикалық жұмыстар, мұнай құбырларын өзендер, теңіздер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су жүйелері арқылы тарту кезінде су объектілерінің гидрологиялық және гидрохимиялық тәртіптерінің бұзылуы; құбырларды салу мен жөндеу барысында топырақ пен өсімдіктерге зиян келтірілуі.

Магистральді мұнай құбырларын пайдалану кезінде пайда болатын аварийлік жағдайлар – мұнайдың ағып кетуі, құбырларда жарықтар пайда болу салдарынан өрт пен жарылыстардың пайда болуы. Мұнай құбырларының жарылуына тот басу, материалдардың жарамсыздығы, құбырлар элементтері мен түйіндерін құрастыру барысында пайда болған қателіктер, магистральді мұнай құбырына санкцияланбаған бұрандалары да әсер етуі мүмкін.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында табиғатты қорғау шараларын орындау міндетті болып табылады.

- Тағы да бір маңызды проблема – мұнай саласына инвестицияларды тарту болып табылады.

Бар жүйелерді модернизациялау мақсатында нвестициялық жобалар мен ауқымды бағдарламаларды іске асыру шындығында да ұзақмерзімді инвестициялардың (жобалық қаржыландыру түрінде және бағалы қағаздарды шығару арқылы) қомақты бөлігінің тартылуын қажет етеді.

Айтарлықтай көлемді инвестициялар Каспий теңізінің мұнай кен орындарын игерумен байланысты потенциалды мүмкіндіктерді талап етеді. Қазақстандық және шетелдік сараптамашылардың есебі бойынша, капиталды сомалық шығындар 160 млрд. долларды құрайды, соның ішінде, 10 млрд. долларға жуық қаржы мұнай кен орнын барлау мен бағалаудың бастапқы кезеңінде жұмсалуға тиіс. Алайда, бұл «каспийлік айсбергтің» тек сыртқы көрінісі ғана. Қазақстанның құрлық бөлігінде және Каспий теңізінің шельфіндегі көмір су ресурстарының қомақты бөлігі мұнай көлік құрылысы, сервистік компаниялардың дамуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, мұнайды қайта өңдеу мен мұнай-химия салаларына тартылатын инвестициялар үшін негіз құрайды.

ҚР-сы Үкіметімен бекітілген келісімдердің негізінде шетелдік мұнай компанияларының көбісі біріккен кәсіпорындарын құрып, олардың қызметін қаржыландырады және осылайша Қазақстанның мұнайгаз саласының дамуына септігін тигізеді.

Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай державаларының бірі болып саналады. Оның перспективті мұнайгаз аймақтарының алаңы 1 млн. 700 мың шаршы шақырымды құрайды, яғни ол территорияның 62%-нан асатмын алып жатыр деген сөз. Бүгінгі таңда 200 жуық мұнай кен орындары ашылған. Алайда, мұнайды тек қана шығарып қана қоймай, сонымен бірге, тұтыну нарығына жеткізу де қажет. Сондықтан да, мұнай тасымалының жаңа маршруттарын салу мен бар жолдарды модернизациялау мәселесі қарастырылып отыр.

Мұнайдың өндірілуі мен оның таяу және қашық шет елдерге тасымалдануы жылдан жылға артып келе жатыр. Атап айтқанда, 10 жылдан кейін мұнайды тасымалдау көлемін жылына 100-120 млн. тоннаға дейін жеткізуге жоспарланып отыр. Тасымалдаудың маршруттарын кеңейту, КТК мен Қазақстан жылына 5 млн. тонна квотаға ие болып келетін Балтық мұнай құбыры жүйесін пайдалануға енгізу, инновациялық технологиялардың жетілдірілуін талап етеді. Өйткені, құрамы бойынша мұнай біртекті емес, әр кен орны өзіндік ерекшеліктерге ие, сондықтан осыны шикізатты тасымалдау кезінде ескерген жөн. Бүгінгі таңда, Қазақстанның сұйық қара алтынының барлау қорларының жалпы көлемінен жоғары температурада қатаятын жабысқақ мұнайлар жиі кездеседі. Қатайып кететін, парафиндік мұнайды қашық жерлерге тасымалдау әлем тәжірибесінде алғаш рет жол бойындағы станциялар мен пунктердегі жылытуды пайдалана отырып Өзен-Атырау-Самара атты ыстық мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылды. Жол бойында жылытуды қажет ететін мұнай тасымалы отынның шығындалуы мен құрылғыны пайдалануда көп шығынды талап етеді. Отынның бағасы күннен күнге өсіп келуде, және белгілі мерзім өткеннен кейін әлемдік бағаларға жетуі мүмкін, сонымен қатар, құрылғыны пайдалануға жұмсалған шығын да азайып жатқан жоқ. Осыған орай, қатайған мұнайды тасымалдаудың шығынды көп қажет етпейтін анағұрлым тиімді технологияларын табу қажет.

Қазақстандық мұнайды құбырлар арқылы тасымалдау технологиясын мұнайдың реологиялық сипаттамасын жақсартатын жоғары тиімділігі бар қоспаларды қосу арқылы жетілдіру, сонымен қатар, Қазақстанның шикізат базасының негізінде шетелдік қоспаларды алмастыра алатын өз елімізде жасалған қоспаларды жасау, құбырлар көлігі объектілеріндегі құбырлар мен жабдықтарды тот басудан тиімді түрде сақтау маңызды проблемалардың қатарына жатады.

Аталғандардың барлығы нәтижелерге де өз әсерін тигізді. Аса маңызды проблемалардың бірі кен орындарда шығарылатын мұнайдың тасымалдануы болып табылады. Осыған орай, арнайы депрессанттарды сынақтан өткізу және мұнайдың реологиялық сипаттамасына олардың әсер ету механизмін зерттеу сияқты мақсаттар алға қойылып отыр. Экспортқа жіберілетін мұнайдың тасымалдануы мен болашақ экспорттық мұнай құбырларының оңтайланған маршрутын анықтау проблемасының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Құбыр көлігі дамуының маңыздылығы мен перспективтілігін, экспорт бағыттарын таңдаудағы көпвекторлықты ескере отырып, және мұнай құбырлар жүйесін тиімді түрде пайдалана отырып, мұнайдың көрші мемлекеттер арқылы тасымалдану бағыттары жан-жақты талқылануда (1-ші қосымша).

Мұнайдың өзіндік құны проблемасы қазіргі кезде өте өткір проблемалар қатарын кіреді. Өнімнің өзіндік құны көптеген факторларға байланысты. Ең алдымен, ол тасымалданудың қай тәсілмен жүзеге асырылып жатқандығына байланысты. Жол бойында жылытуды қажет ететін мұнай тасымалы отынның шығындалуы мен құрылғыны пайдалануда көп шығынды талап етеді. Отынның бағасы күннен күнге өсіп келуде, және белгілі мерзім өткеннен кейін әлемдік бағаларға жетуі мүмкін, сонымен қатар, құрылғыны пайдалануға жұмсалған шығын да азайып жатқан жоқ.

- Өзіндік құнының жоғарлауы компаниялармен көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты.

Осыған орай, қатайған мұнайды тасымалдаудың шығынды көп қажет етпейтін анағұрлым тиімді технологияларын табу қажет.

- Қазақстан экономикасындағы мұнайгаз секторының басым ролі, сала кәсіпорындарынан түсетін салықты әкімшілендіру барысында туындайтын проблемалық сауалдар сияқты факторлар, салық органдарынан салық есебінің, оның ішінде, электронды мониторинг мәліметтерінің жүйелі және жан-жақты анализінің, өткізілуін талап етеді.


Кесте 1 Мұнайгаз саласындағы кәсіпорындардан келіп түстетін салықтар төлемі. мың тенге


пп\п


Аталуы

2011 жыл

2012 жыл

Ауытқу

абсолюттік

%

Республика бойынша

1

ҚР ҚМ СК құзыретіне кіретін табыстың барлығы

775959743

822530106

46570633

106,0

2

Соның ішінде, республикалық мониторингте жатқан «шикі мұнай мен табиғи газды шығару»; бұл салаларда қызметтерді ұсыну» салаларынан

223138425



196264818



-26873607



88,0


3

Үлес салмағы, % (гр. 2/гр.1)

28,8

23,9

-4,9

40.7

Республикалық мониорингке жататын кәсіпорындардан

4

Республикалық мониторинг кәсіп-рынарынан келіп түскен салықтар мен төлемдердің барлығы

383136246


353218411


-29917834


2,2


5

Соның ішінде, республикалық мониторингте жатқан «шикі мұнай мен табиғи газды шығару» ; бұл салаларда қызметтерді ұсыну» салаларынан

190255471



147741713



-42783758



77,5


6

Үлес салмағы, % (гр.5/гр.4)

49,66

41,75

-1,40

54.6

Кесте 1 жалғасы



7

Республикалық мониторингте жатқан «шикі мұнай мен табиғи газды шығару» ; бұл салаларда қызметтерді ұсыну» салаларының ҚР ҚМ СК-не құзыретіне кіретін табыс бойынша үлес салмағы, тиісті сала бойынша % (гр.5/гр.2)

85,26


75,14


-10,12


78.9


Е С К Е Р Т У – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде алынды

Республикалық мониторингте тіркелген мұнайгаз саласындағы ірі салық төлеушілерден бюджетке 2012 жылы келіп түскен салықтар мен төлемдер 147471,4 млн. теңгені немесе ҚР-ның ҚМ-нің Салық комитетінің құзыретіне кіретін табыстардың 17,9 %-ын құрады. 2011 жылмен салыстырғанда салық төлемдері 22,5 %-ға өскендігін байқаймыз.

ҚР ҚМ СК құзыретіне кіретін табыстың барлығы түскен барлық салықтар 2012 жылы 822530106 мың тенгені, ол 2011 жылы 775959743 мың тенгені құрады, бұл 106,0 % өскендігін көре аламыз. Соның ішінде, республикалық мониторингте жатқан «шикі мұнай мен табиғи газды шығару» ; бұл салаларда қызметтерді ұсыну» салаларынан 2012 жылы 147741713 мың тенге, болса 2011 жылы 190255471 мың тенге құраған, бұл көрсеткіштен біз 77,5 % ке артқандығын білеміз.

Сала бойынша келіп түстетін салық төлемдерінің негізгі көлемі келесі компанияларға тиеді: «Тенгизшевройл» ЖШС – 31,6%, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ – 11,2%, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ААҚ – 8,4%, «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ – 7,9%, «Өзенмұнайгаз» ААҚ – 6,4%, «Ембімұнайгаз» ААҚ – 6,1%.«ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» Акционерлік қоғамы 6,8%. Жер қойнауын пайдалануға салық салудың үлкен проблемасы келесілерді есептеу болып табылады:

1. Корпоративті табысқа салынатын салықты.

2. Бонустарды.

3. Үстеме пайдасына салынатын салықты.

2011 жылғы нәтижелері бойынша мұнайгаз саласындағы республикалық деңгейдегі ірі кәсіпорындардан бюджетке келіп түскен салықтар мен басқа да төлемдердің көп бөлігі корпоративтік табысқа салынатын салыққа тиіп тұр – 50,0%.

Төленетін салықтар арасында басым бөлігін корпоративтік табысқа салынатын салығы болғандықтан ҚР ҚМ СК-нің Салық төлеушілер мониторингінің басқармасы аталған салық түрінің аванстық төлемдерінің төлену динамикасына талдау жасаған болатын. Анализ барысында төленген аванстық төлемдерді әкімшілендіру кезінде пайда болатын негізгі проблемалық сауалдар анықталды. Атап айтқанда:

- корпоративтік табысқа салынатын салықтың аванстық төлемдер сомасының біркелкі төленбеуі;

- есептелген аванстық төлемдер сомасының азаюы;

ҚР-ның «Бюджетке төленетін салық пен басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 126 бабының 4 тармағына сәйкес, салық төлеушімен төленуге міндетті корпоративтік табысқа салынатын салықтың аванстық төлемдерінің сомасы салық кезеңінің ішінде тең үлеспен төленеді. Дегенмен, республикалық деңгейдегі ірі салық төлеушілерінің мәліметтерін қамтитын мониторинг салық кезеңі ішінде корпоративтік табысқа салынатын салықтың біркелкі төленбей жатқандығы туралы ақпаратты беріп отыр.

Бұл әсіресе мұнайгаз саласындағы кәсіпорындарда жиі кездеседі. 2011 жылдың ішінде мұнайгаз компаниялары өз қызметінің көрсеткіштерін ұстамдылықпен бағалады. Нәтижесінде, корпоративтік табысқа салынатын салық бойынша төленген аванстық төлемдер сомасы 9 ай ішінде небары 30519,1 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы көрстекіштерге қарағанда 2,5 есе азайды. Онымен бірге, шикі мұнайға деген әлемдік құнының тұрақты жағдаяты жыл бойы өзгерген жоқ. 2012 жылғы төленген аванстық төлемдердің біркелкі еместігіне әсер еткен келесі факторлар себеп болды:

- Салық төлеушілердің Салық кодексінің 126 бабының 3 тармағында көрсетілген талаптардың бұзуы (өткен жылғы төленген ортаайлық аванстық төлемдермен салыстырғанда биылғы жылғы аванстық төлемдердің есептелуі мен төленуі аз көлемде болды).

- СГД жөніндегі декларациясы мен 2011 жылғы шегерімдерді ұсынғаннан кейін айтарлықтай артық төленген сомалардың болуы;

- мұнайгаз компанияларымен 2012 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы шын нәтижелерінің жасырылуы.

01.01.09ж. бастап Салық кодексінің 126 бабының 3 тармағына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Енді корпоративтік табысқа салынатын салық жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең ішіндегі аванстық төлемдер сомасы төленген көлемде ғана емес, сонымен қатар, есептелген өткен жылғы салық кезеңіндегі ортаайлық аванстық төлемдер шеңберінде және одан кем емес көлемде есептелетін болады.Алайда, 2011 жылғы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге міндетті табысқа салынатын корпоративтік салық бойынша есептелген аванстық сомаларға қатысты талаптар республикалық деңгейдегі ірі салық төлеушілердің барлығымен бірдей орындалып жатқан жоқ. Осылайша, салық органдарының мәліметтері мен декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиісті табысқа салынатын корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп айырысуын салыстырған кезде, кейбір салық төлеушілерінің 2011 жылғы есептелген ортаайлық аванстық төлемдермен салыстырғанда 2012 жылғы аванстық төлемдер сомасын аз көлемде төлегендігі анықталды. Табысқа салынатын корпоративтік салық бойынша азайтылған аванстық төлемдер соммаларының 2012 жылдың 1 кварталындағы жалпы сомасы 1812,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде мұнайгаз саласындағы 2 кәсіпорын бойынша – 1577,6 млн. теңге. Тура осындай жағдай аймақтық мониторингте жатқан 178 кәсіпорындарынан 24 кәсіпорындарда анықталды, жалпы сомасы – 52,9 млн. теңге.

Кесте 2 Мұнай компанияларынан түскен салықтар пайыздық өлшемі (2012 жыл бойынша)






Түскен төлемдер

% бойынша

1

Корпоративтік табыс салығы

42 %

2

Акциз

5 %

3

жеке дара табыс салығы

7 %

4

Әлеуметтік салық

11 %

6

Роялти

9 %

7

Өнімді бөлісудегі ҚР-ның үлесі

2 %

8

Үстеме пайдасына салынатын салық

0 %

9

Басқа салықтар

9 %

10

Айыппұлдар мен төлемақы өсімі

1 %

11

НДС

2 %

12

Кедендік төлемдер мен салықтар

11 %

13

Бюджетке төленетін салыққа жатпайтын төлемдер

1 %

Е С К Е Р Т У – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде алынды

Біз бірінші тармақтағы бонустардың теориялық негіздерін қарастыра отырып, бонустың шарттық территориядағы жер қойнауын пайдалану құқығы үшін жер қойнауын пайдаланушымен төленуге міндетті тіркелген төлемі болып табылатынын білдік. Бонустардың төленбеуі жаңа кен орындарының өндірілген және мұнай мен басқа да пайдалы жер асты байлықтарын өндіруге жаңа келісім шарттардың бекітілген санына байланысты.

Аталған құрылым бойынша жер қойнауын пайдаланудағы келесі проблеманы көруге болады – үстеме пайдасына салынатын салық. Үстеме пайдасына салынатын салығы норма 20%-дан артық болатын болса ғана төленеді. Осылайша, үстеме пайдасына салынатын салықты төлемеу берілген салада жоғарғы өзіндік құны мен басқа да әртүрлі шығындар арқылы табыс көлемі өте төменгі деңгейде екендігін түсінуге болады.

Мұнайды халықаралық нарықтарға өткізіп, парсы шығанағынан сатылған мұнай бағасымен салыстырғанда мұнай бағасының барель үшін 20 доллар екендігін анықтауға болады. Қазақстандық мұнайдың өзіндік құны (Тенгизден басқасын) көлік шығынынсыз 1 барелль үшін 5-7 долларды , ал Парсы шығанағындағы мұнайдың өзіндік құны одан арғы тасымалын қоса есептегенде 1 баррель үшін 1 долларды құрайды. Сондықтан, мұнайды нарықтарға өткізген қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар аз пайда көреді. Көптеген жер қойнауын пайдаланушылар шығындарды арттыру мен пайданың нормасын азайту арқылы өздерінің шын мәніндегі табыстарын жасырады.

Осылайша, салық төлеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар келесі проблемаларға тап болады: экологиялық – қоршаған ортаның ластануы, табиғи қазба байлықтарын рационалды түрде пайдаланбау; инвестициялық; тасымалдау – территорияның бойымен құбырлар жүйесінің ұзаққа созылуы, бұл үлкен шығындарға әкеліп, өнімнің өзіндік құнын жоғарлатады; өзіндік құны – өнімнің тым жоғары өзіндік құнынан жалпы табыс кемиді; салық салу проблемалары – табысқа салынатын корпоративтік салықты, бонустарды, үстеме пайдасына салынатын салықты төлетумен байланысты. Жер қойнауын пайдаланудың барлық проблемаларын шешу үшін жүйені реформалаудың негізгі бағыттары мен жолдары жасалуда.

Жалпы көлемде тасымалданатын сапалы мұнайдың үлесі оны жылыту шығынын төмендетеді. Тасымалдау шығынының төмендеуіне қарай өнім құны да төмендейді.

Өнім құнының төмендеуінен жалпы кіріс көбейеді. Бұл мұнайды неғұрлым тиімді әдістермен өндіруге жетелейді.

Тарифтік кіріс магистральдық құбырлар бойынша тасымалданатын өнімнің жүк айналымына және мұнай тасымалдау тарифының қайта қаралуына байланысты.

Салық төлемдерін әкімшілендірудің басым саласы бюджеттің кіріс бөлігінің үштен біріне жуығын қамтамасыз ететін мұнайгаз саласы болып табылады. Бірақ, салық төлемдерін әкімшілендіруге келгенде корпоративтік кіріс салығын, бонустарды, үстеме кіріс салықтарын есептеуге байланысты проблемалық мәселелер пайда болады. Осы мәселелерді шешу мақсатында Салық кодексіне түбірлі өзгерістер енгізілді.

Салық органдары, корпоративтік кіріс салығы бойынша аванстық төлемдерді тұрақсыз мөлшерде төлеу проблемасын шешу үшін, салық төлеушілерден корпоративтік кіріс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының түзетілген есебін талап етеді. Соның нәтижесінде, есептелген аванстық төлемдер сомасы 2011 жылдың 4 тоқсанында ғана 40095,1 млн. теңгені немесе жылдық соманың 56,7 пайызын құрады. Сонымен, корпоративтік кіріс салығының негізгі түсімі 2011 жылдың 4 тоқсанында байқалды. Бұл кезеңде салық төлеушілер 29179,6 млн. теңге (47,8 пайыз) төледі. Салық органдарының нұсқауымен салық төлеушілер көрсетілген заң бұзушылықты түзетті және аванстық қосымша төлемдер жүргізді.

Республика мұнайгаз әлеуетін қалыптастыру принциптері негізінен алғанда егеменді мемлекет ретінде 20 жыл бойы қалыптасқан Қазақстаның корпоративтік-заңнамалық базасына сүйенеді және ол жер қойнауын пайдалану проблемаларын ғана емес, сонымен қоса, геологиялық зерттеулерді де қамтиды.

Заңнамалық-номартивтік база Қазақстан Республикасында орналасқан мұнай және газ қазба орындарын өнеркәсіптік игерудің барлық кезеңдеріне, атап айтқанда, қазба орындарын геологиялық зерттеуге, қорларды есептеуге, қазба орындарында тиімді игеру жүйесін жасауға және жобалауға, барлық категориядағы ұңғымалар құрылысын салуға және пайдалануға игеру процестерін басқаруға, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға негізгі нормалар мен талаптар белгілейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет