Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.
Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.
Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.
Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.
Достарыңызбен бөлісу: |