Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.
Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.
Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.
Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.
Достарыңызбен бөлісу: |