Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет99/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196
Қайта құру бағыты
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылгы КОКП-ның XXVII съөзінде макұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауга міндет алды.
Кайта кұру ешқандай багдарламасыз, гылыми айқындамасыз жүргізілді. Вұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұган Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта кұру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жагдай күннен-күнге қиындай берді.
Негзгі себептері. 80 жылдарга қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. ¥лт-тық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954—1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуықмектеп жабылды. Қазақтілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тавдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немкұрайды қарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет