Қарағандыдағы кеншілер ереуілі
1989 жылы шілдеде Қарағанды көмір кенінде жұмыс істейтін кеншілер ереуілі болды. Ереуілге 15000-ға жуық адам қатысты. Олардыңталабы: жалақы есіру мәселесін шешу, Семей ядролық полигонын жабу, орталықтың монополиясын тоқтату т.б. Ереуілді Д. Тегісов, М. Рамазанов, П. Шлегель, П. Перебойнос т.б. басқарды. Ереуілшілермен кездесу үшін Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, ереуілшілерді тыныштандырды. Кеншілер мен республика үкіметінің көзқарасы бір жерден шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |