Кеңес саяси жүйесіне реформа 1989 жылы мамырда КСРО халық депутаттарының I съезі өтті. Съезде елді жайлай бастаған дағдарыстың себебі туралы мәселе қаралды. Бұл съезден кейін компартияның билігі өз беделінен айырыла бастады.
М. Горбачев бастаған партия басшыларының қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол,кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды. КСРО халық депутаттарының I съөзінде жаңа одақтық келісімшартты жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.